Активировинный угольді қабылдамаңыз! Қабылдауға болады: сорпаны, пісірілген етті, балықты, тауықты, сырды, ақ нанды, майды, печеньені, компотты және кисельді.
Тексеру қарсаңында: тек қана сұйық тамақ қабылдауға рұқсат беріледі (сорпа, кисель, жұмсақсыз сөктар)
-
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға оның келісімін алыңыз.
-
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.
-
Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды).
-
Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.
-
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады.
-
Фортранс препаратының ерітіндісі зерттеуге дейін тағайындалады. 1 пакеттен аз қолдану қажет (1 литр ерітінді) 15-20 кг дене салмағына.
-
Дайындау кезеңі
| Зерттеу алдындағы күн
| Зерттейтін күн
|
1 кезеңді дайындау
| 1300 – соңғы тамақты қабылдау
1500 – 1900 – 4 литр фортранс ерітіндісін қабылдау
| Күннің бірінші жартысында зерттеу жүргізіледі
|
2 кезеңді дайындау
| 1500 - соңғы тамақ қабылдау
1700 – 1900 - 2 литр фортранс ерітіндісін қабылдау
| 700 - 9 00 - 2 литр фортранс ерітіндісін қабылдау. Күннің екінші жартысында зерттеу жүргізіледі.
|
-
Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).
-
Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз. Бақылау мен тыныштықты қаматамасыз етіңіз.
Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту – дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.
науқасты РекторомАноскопияға даЙЫНДАУМақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх крушкасын
, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшараның мақсаты, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.
-
Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.
-
Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық крушка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған крушка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.
-
Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.
-
Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.
-
Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту: -
ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыққа енгізіледі;
-
ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;
-
егер де науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;
-
науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.
Науқасты цистоскопияға даЙЫНДАУМақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жууға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.
Цистоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші кызметін атқарады.Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
-
Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.
-
Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.
-
Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
-
Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.
-
Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.
-
Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.
-
Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.
Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау
іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрекМақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.
Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды.Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
-
Дайындау ережесін бұзыуының.
-
Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.
-
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайтын дәрілер.
-
Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.
-
8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.
-
Зерттеу қарсаңыңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.
-
Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.
-
Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.
-
УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.
-
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):
-
науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;
-
науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін ескертіп қойыңыз;
-
науқастан зерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраңыз.
науқасты Бронхографияға дайындауБронхография – тыныс алу (бронхтардың) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.
Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау.
Қолдану көреетілімдері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері және т.б.
Қарсы көрсетілімдері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.
Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакциялар.
Бронхог
рафияны дәрігер жүргізеді.Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: -
Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.
-
Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.
-
Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі).
-
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасты орындыққа отырғызыңыз.
-
Жоғарғы тыныс алу жолдарын мұрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз.
-
Анестетикті ауыз жұтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз).
-
Бронхтың тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз.
-
Ренген кабинетінде науқасқа көп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады.
-
Науқасты палатаға апарыңыз.
-
Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
науқасты Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге дайындауАсқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенің орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.
Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзінің (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.
Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: -
Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).
-
Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.
-
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.
-
Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.
-
Егер де іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.
-
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: -
Зерттеуді жүргізгенде сульфат барий жүзін (100-150 гр) 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.
-
Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.
-
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Науқасты ирригоскопияға дайындауЖуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.