ЕСЕП ШАРТЫ БОЙЫНША ТЕҢДЕУ ҚҰРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР.
1. Сымды 18 бірдей бөлікке бөлді. Егер сымды 12 бірдей бөлікке бөлетін болса, онда бөліктің ұзындығы 8 см-ге артады. Сымның ұзындығын анықтаңыз
А) 312 см В) 272 см С) 288 см D) 256 см E) 264 см
2. Көк базарда екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болса, онда бір қарбыз неше қауынға тең екенін анықтаңыз.
А) 2 В) 3 C) 4 D) 5 E) 1
3. Асықтар екі дорбаға салынған. Бірінші дорбадағы асықтар екінші дорбадағы асықтардың жартысынан 5 асық артық. Екінші дорбадағы асықтар бірінші дорбадағыдан 10 асық артық. Екінші дорбада қанша асық бар екенін анықтаңыз.
A) 24 B) 20 С) 36 D) 32 E) 30
4. Бір ит тамақтың сегізден бір бөлігін жеген кезде, оның жеген тамағы қалған тамақтан 480 грамм кем болды. Алғашында тамақ қанша грамм болды?
А) 640 B) 880 C) 770 D) 480 E) 800
5. Берілген санның 5 есесіне 35-ті қосып, шыққан нәтижені 7-ге бөлсе, 20 шығады. Берілген санның 3-ке қатынасын табыңыз
А)7 В)5 С) 3 D) 6 E) 8
6. Екі санның қатынасы 2:3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4:5 қатынасына тең болады. Бірінші санды табыңыз.
A) 100 В) 50 C) 125 D) 25 E) 75
7. Бір шағын ауданда үш көше және 100 үй бар. Екінші көшеде бірінші көшеге қарағанда үш есе артық үй бар. Үшінші көшедегі үйлердің саны екінші көшедегі үйлердің санынан екі есе көп. Екінші көшедегі үйлердің санын табыңыз.
A) 36 В) 45 С) 30 D) 40 E) 50
8. Ойыншықтар дүкенінде ит және үш аюдың құны төрт кенгурудың бағасына тең. Үш ит және екі аю бағасы да төрт кенгурудың бағасымен бірдей. Ит пен аюдың бағасын салыстырыңыз.
А) аю 2 есе қымбат
B) анықтау мүмкін емес
C) бірдей
D) аю үш есе қымбат
E) ит 2 есе қымбат
9. Алмаға қарағанда өрік 4 есе, ал шабдалы 2 есе жеңіл. Алманың салмағы өрік пен шабдалы салмақтарының қосындысынан 50 г артық. Дұрыс тұжырымды анықтаңыз.
А) Өрік пен шабдалы салмақтарының қосындысы 250г
В) Алманың салмағы 150 г-нан аспайды
C) Өріктің салмағы 50 г-нан төмен
D) Шабдалының салмағы 150 г-нан жоғары
E) Алма, өрік, шабдалы салмақтарының қосындысы 350г
10. Жеміс өсіретін бақшы базарға бір себет алма әкелді. Ол бірінші сатып алушыға барлық алманың жартысын және жарты алма сатты, екінші сатып алушыға қалған алмалардың жартысын және жарты алма сатты және т.с.c. Алтыншы сатып алушы да қалған алмалардың жартысын және жарты алма сатып алды. Осы барлық алты сатып алушылардың алмалары бүтін алма болды. Бақшы барлық алмаларын осы алты адамға сатып бітірген болса, ол базарға неше алма әкелген еді?
А) 63 алма B) 77 алма С) 65 алма D) 53 алма E) 69 алма
11. Жүгіру жарысына 31 спортшы қатысты. Есеннен бұрын жүгіріп келген спортшылар саны одан кейін келгендерден төрт есе аз. Есен нешінші болып келді?
А) 24 B) 4 С) 7 D) 9 E) 10
12. Аулада ақ және сұр қояндар жүр. Барлық қояндардың 60%-ы сұр қояндар, қалғандары — ақ қояндар. Сұр қояндар ақ қояндардан бесеуге артық. Аулада барлығы неше коян жүр?
А) 25 B) 20 С) 30 D) 10 E) 15
13.Су толтырылған флягтың массасы 29 кг. Ондағы судың жартысын құйып алған соң, флягтың қалған сумен массасы 16 кг болды. Бос флягтың массасы неше килограмм?
А) 3 кг B) 1 кг C) 4 кг D) 2 кг E) 5 кг
14. Алма өріктен 3 есе ауыр. Лимон алмадан 50 г жеңіл, ал алмұрттан 2 есе жеңіл. Егер алмұрттың массасы 320 г болса, өрік неше грамм?
А) 80г В) 60г С) 50г D) 40г E) 70г
15. Оқушы кітаптың 70 бетін оқыды. Кітаптың оқушы оқымаған беттері, оның оқыған беттерінен 5 есе кем. Кітапта барлығы неше бет бар?
А) 350 B) 75 C) 95 D) 84 Е)86
16. Бір бай жұмыскеріне 30 күндік еңбегіне 90000 теңге және шапан беруге уәде берді. Үш күннен кейін жұмыскер жұмыстан шығып кетіп еңбек жасаған уақытына шапан алды. Шапанның құнын анықтаңыз.
А) 30000 тг В) 10000 тг С) 45000 тг D) 15000 тг E) 1000 тг
17. Асханада орындықтар мен табуреткалар бар. Орындықтың 4 аяғы, ал табуретканың 3 аяғы бар. Егер барлығында адамдар отырса, онда асханада 39 аяқ (адамдардың, табуреткалардың, орындықтардың) болар еді. Қанша орындық және қанша табуретка бар?
А)4 орындық, 2 табуретка
B)4 орындык, 4 табуретка
C) 2 орындық, 3 табуретка
D) 3 орындық, 4 табуретка
E) 4 орындық, 3 табуретка
18. Барлық өріктің -і бірінші жәшікке салынып, қалғаны екінші жәшікке салынды. Бірінші жәшіктегі өрік екінші жәшіктегіден 2 кг артық. Екі жәшікте барлығы неше килограмм өрік бар?
A) 19 B) 18 C) 16 D) 21 E) 22
19. Yш жәшікте алма бар. Бірінші жәшікке тағы 3,6 кг алманы салғанда, ондағы алма 9,5 кг болды. Екінші жәшіктен үшінші жәшікке 2,5 кг алманы салып, үшінші жәшіктен 1,75 кг алманы сатқанда, үш жәшіктегі алманың массасы бірдей болды. Алғашқыда жәшіктердің әрқайсысында қанша алмадан болғанын анықтап олардың қосындысын табыңыз.
А) 26,55 кг B) 24,45 кг С) 26,65 кг D) 22,35 кг E) 24,65 кг
20. Ұн тартатын зауыт бірінші күні 50 , екінші күні оның 0,9-ындай, үшінші күні екінші күнгіден 1,2 еce артық ұн тартты. Ұн тартатын зауыт үш күнде барлығы неше тонна ұн тартты?
A) 150,48 т B) 148,45 т С) 145,49 т D) 150,49 т E) 148,48 т
21. Сынып оқушыларының -і түрлі үйірмелерге қатысады. Оның -ci спорттық үйірмелерге қатысады. Сыныптағы спорттық үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 12. Сыныпта неше оқушы бар?
A) 28 B) 24 C) 25 D) 27 ) 30
22. Оқушылар мектеп кітапханасындағы кітаптарды түптеуге көмектесті. Олар бірінші күні түптеуге тиісті барлық кітаптың -сін, екінші күні -ін түптеді. Үшінші күні қалған 40 кітапты түптеді. Оқушылар үш күнде барлығы неше кітап түптеді?
А)95 В) 115 С) 110 D) 100 E) 105
23. Нұрлан саяжайдан станцияға дейінгі қашықтықтың -сін жүріп өткенде саяжай мен станцияның ортасына дейін жетуі үшін тағы да 4 км жүруі керек еді. Саяжай мен станцияның арасы неше километр?
А) 43 км В) 45 км С) 40км D) 42 км E) 48 км
24. Мұғалім жаңадан келген оқушыдан былай сұрады: "Сен өз сыныбыңда неше оқушы болатынын айта аласың ба? Егер оқушылардың санына тағы сондай сан қосып, сол санның екіден бесіндей сан қосып, сол санның жартысын қосып, соның төрттен бірін және сені қосқанда 127 оқушы болатыны белгілі болса,"- депті. Сыныпта қанша оқушы бар?
А) 21 B) 22 C) 23 D) 25 E) 24
25. 54 санын қандай да бір төрт сандардың қосындысы ретінде жіктеген. Ол төрт сан мынадай: біріншісі бір белгісіз санға алдымен 2-ні қосып, екіншісі сол белгісіз саннан 2-ні алып, үшіншісі сол белгісіз санды 2-ге көбейтіп, ал төртіншісі сол белгісіз санды 2-ге бөлгендей болу керек. Белгісіз санды табыңыз.
А) 11 B) 12 C)5 D) 8 E) 10
26. Ұзындығы 60 см АВ кесіндісінде С нүктесі белгіленген. АС кесіндісінің 25%-ы СВ кесіндісінің - іне тең. СВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
А) 12 B) 18 С) 24 D) 36 E) 42
27. Yш санның қосындысы 324-ке тең. Бірінші сан қосындының -не тең екінші сан , -іне тең. Үшінші санды табыңыз.
А) 166 В) 132 C) 154 D) 119 E) 126
28. Шаңғышы 45 км жолды үш сағатта жүрді. Ол бірінші сағатта барлық жолдың -ін, екінші сағатта бірінші сағаттағы жүрілген жолға қарағанда жолдың н артық жүріп, ал қалған жолды үшінші сағатта жүрді. Шаңғышы үшінші сағатта неше километр жол жүрді?
A) 15 км B) 21 км C)9 км D) 10 км E) 18 км
29. Бірінші сан 28-ге тең. Екінші сан біріншіден 11, ал үшіншіден 8-ге кем. Бірінші және үшінші сандардың қосындысы неге тең?
А) 24 В) 36 С) 40 D) 47 E) 53
30. 50 кг алмұрт екі қорап пен бір жәшікке салынды. Әрбір қорапқа қарағанда жәшікке 14 кг алмұрт артық салынған. Екі қораптағы алмұрт салмағы бірдей болса, бір қорапқа қанша алмұрт салынған?
A) 15 кг B) 16 кг С) 13 кг D) 12 кг E) 18 кг
31. Бір жейде және бір көйлек 4 м матадан тігіледі . Осындай 5 жейде және 9 көйлек 30 м матадан тігіледі . Бір жейде неше метр матадан тігіледі ? Бір көйлек неше метр матадан тігіледі ?
А ) 1,8 м ; 2,2 м В ) 1,9 м ; 2,1 м C ) 1,5 м ; 2,5 м D ) 1 м ; 3 м Е ) 1,2 м ; 2,8 м
32. 3л керосин және 5л бензин 5 кг . 5 л керосин және 3л бензин 6 кг. 1 л керосин неше грамм ? 1л бензин неше грамм ?
А ) 1л керосин 900 грамм ; 1л бензин 700 грамм B ) 1л керосин 800 грамм ; 1л бензин 500 грамм C ) 1 л керосин 800 грамм ; 1л бензин 700 грамм D ) 1л керосин 900 грамм ; 1л бензин 600 грамм E ) 1л керосин 600 грамм ; 1л бензин 700 грамм
33. Ертеде 5 сиыр және 2 қойдың құны 10 алтын болыпты . Ал 2 сиыр және 5 қойдың құны 8 алтын болыпты . Бір сиыр неше алтын ? Бір қой неше алтын ?
А ) сиыр 1 алтын ; қой алтын В ) сиыр 1 алтын ; қой алтын C ) сиыр 1 алтын ; қой алтын D ) сиыр 1 алтын ; қой алтын E ) сиыр 1 алтын ; қой алтын
34. Гүл дүкенінде 3 гүлден және 5 гүлден жасалған барлығы 35 гүл шоқтары бар . Дүкенде барлығы 129 гүл бар болса , онда қанша үш гүлден және қанша бес гүлден жасалған гүл шоқтары бар ?
А ) 18 үш гүлден , 17 бес гүлден В ) 25 үш гүлден , 10 бес гүлден C ) 20 үш гүлден , 15 бес гүлден D ) 23 үш гүлден , 12 бес гүлден E ) 15 үш гүлден , 20 бес гүлден
35. Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24 , ал аяқтарының саны 66. Аулада неше қаз , неше қоян бар ?
A ) 15 қаз , 9 қоян
В ) 12 қаз , 12 қоян
C ) 16 қаз , 8 қоян
D ) 11 қаз , 13 қоян
E ) 14 қаз , 10 қоян
36. Сыныпта математикадан 10 есептен құралған олимпиада өткізді . Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай қосылатын , ал әрбір қате шығарылған есеп үшін 3 ұпай алынып тасталатын . Оқушылардың біреуі барлық есепті шығарып ( дұрыс немесе қате ) 26 ұпай жинады . Ол қанша есепті дұрыс шығарғанын анықтаңыз .
А ) 8 В ) 4 C ) 5 D ) 7 E ) 6
37. Жеңіл атлетика жарысында спортшылар әр жүлделі орын үшін сыйлық алады . Әрбір алтын , күміс және қола медаль үшін 3 : 2 : 1 қатынасында сыйлық беріледі . Спортшылар 14 медальға ие болғанда 25 сыйлық алған . Егер алтын мен қола медальдарының саны күміс санына тең болса , спортшылардың неше алтын медаль алғанын табыңыз .
А ) 1 B ) 2 C ) 3 D ) 4 E ) 5
38. Кеңсе дүкенінде екі дәптер және бір қарындаш 100 теңге тұрады . Екі қарындаш және бір дәптер 101 теңге тұрады . Егер дәптердің бағасы q теңге , ал қарындаштың бағасы r теңге тұрса дұрыс тұжырымды көрсетіңіз .
А ) ЗА = 2В B ) A < B C ) A > B D ) анықтау мүмкін емес E ) A = B
39. Атасы немересіне 130 жаңғақ беріп , оны жаңғақ саны тең емес екі үймеге бөлуді тапсырды . Сонда кіші үймедегі жаңғақтарды 4 еселегенде үлкен үймедегі жаңғақтардан үш есе кем болуы керек . Жаңғақтар қалай бөлінген ?
A ) 40 және 90 В ) 20 және 110 C ) 60 және 70 D ) 10 және 120 E ) 50 және 80
40. Екі кітап сөресінде 92 кітап бар . Екінші сөредегі кітаптардың -ін бірінші сөреге қойғанда бірінші сөреде екінші сөреге қарағанда 20 кітап артық болды . Алғашқыда бірінші сөреде неше кітап болған ?
А ) 35 B ) 42 C ) 44 D ) 36 E ) 38
41. Алғашында үш топтың асықтарының санының қатынасы 7 : 6 : 5 қатынасындай болды , ал ойын соңында асықтар санының қатынасы 6 : 5 : 4 . Басқасынан 12 асық ұтқан топ ойынды неше асықпен бастаған еді ?
А ) 380 B ) 240 C ) 420 D ) 432 E ) 120
42. Болат , Қайсар , Сабыр , Сәкен бірігіп велосипед алды . Болат қалғандарының төлегенінің жартысына теңін төледі . Қайсар қалғандарының төлегенінің үштен біріне теңін төледі . Сабыр қалғандарының төлегенінің төрттен біріне теңін төледі . Сәкен 130 теңге төледі . Велосипед алуға Сабыр қанша теңге қосты ?
A ) 180 тг В ) 120 тг C ) 160 тг D ) 200 тг E ) 150 тг
43. Мен , апам және анам үшеуіміздің салмағымыз 140 кг . Апам мен анамның екеуінің салмағы менің салмағымнан 80 кг - ға артық . Менің салмағым неше кг ?
А ) 80 В ) 30 С ) 40 D ) 36 E ) 20
44. Жағалауда екі және үш кісілік 6 қайық бар . Барлық қайыққа 14 адам сияды . Қайықтардың қаншасы екі кісілік және қаншасы үш кісілік екенін табыңыз .
А ) 3 екі адамдық , 4 үш адамдық В ) 5 екі адамдық , 2 үш адамдық C ) 2 екі адамдық , 4 үш адамдық D ) 4 екі адамдық , 2 үш адамдық E ) 5 екі адамдық , 3 үш адамдық
45. Алтын сағатқа ойып жазылған жазудың алғашқы 5 әрпіне 476 тенге және келесі қосымша әріп үшін 14 теңге төленді . 644 теңге төленіп жазылған адамның аты - жөні неше әріптен тұрады ?
А)7 В)17 С)12 D ) 19 Е)11
46. Астана мұз айдынында конькиді жалға беру бағасы 1 сағатқа 700 тг , ал 1 сағаттан асса , онда келесі әр сағатқа 400 тг қосылады . Нұрасыл мұз айдынында 2 сағат 15 минут коньки жалға алатын болса , онда неше теңге төлейді ?
А ) 1000 B ) 1100 C ) 1250 D ) 1300 E ) 1200
47. Айгүл сәуір айында автобуста жүру билетін 2800 теңгеге сатып алды . Осы айда 52 рет автобуста жүрді . Автобуста бір рет жүру үшін 60 теңге төлеу керек болса , Айгүл қанша теңге үнемдеді ?
А ) 280 B ) 260 C ) 300 D ) 320 E ) 340
48. Егер Әнел мектепке жаяу барып , қайтарда машинамен келсе жолға 1,5 сағат уақыт жұмсайды . Ал егер машинамен барып келсе , жолға 30 минут уақыт кетеді . Әнел мектепке жаяу барып келсе , онда жолға қанша уақыт кетеді ?
А ) 3 сағ B ) 2,5 сағ C ) 3,5 сағ D ) 2 сағ 15мин E ) 2 сағ
49. Шаруашылық бірлестігіндегі әрбір 34 бас малдың 14 - і сиыр . Жалпы мал басы 272. Әрбір 16 сиыр 25 га жайылымдақ жердің шөбін жейді . Шаруашылық бірлестігіндегі барлық сиыр неше гектар жердің шөбін жейді ?
A ) 180гa B ) 175гa C ) 185гa D ) 190гa E ) 170 гa
50. Клуб залында неше қатар болса әрбір қатарда сонша орындық бар . Егер қатар санын 1,5 есе арттырып , әр қатардағы орын санын 5 - ке азайтсақ , залда орын 50 - ге көбейеді . Залда неше қатар бар ?
А ) 24 B ) 25 C ) 20 D ) 15 E ) 18
51. Клуб залында неше қатар болса әрбір қатарда сонша орындық бар . Егер қатар санын 1,4 есе арттырып , әр қатардағы орын санын 5 - ке азайтсақ , залда орын саны 75 ке көбейеді . Залда қанша қатар бар ?