Материал: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Мағжан Жұмабаев (1893-1938)Туған жері: бұрынғы Ақмола губерниясы, Ақмоло уезі, Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы).Еңбектері: «Шолпан» (Қазан, 1912), «Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері» (Қазан,1922, Бернияз Күлеевтің алғысөзімен), Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері» (Ташкент, 1923, Сұлтанбек Қожановтың алғысөзімен), «Батыр Баян» поэмасы ( «Шолпан» журналы, Ташкент, 1923), «Қорқыт», «Ертегі» поэмалары ( «Ақжол» газеті, Ташкент, 1926), «Тоқсанның тобы» поэмасы («Еңбекші қазақ» газеті, 1927), «Жүсіп хан» ертегі поэмасы (Мәскеу, 1928), «Педагогика» (1923).«Абай – ақылдың ақыны болса, ал Мағжан – ақынның ақыны, сондықтан біз Мағжаннан үйренуіміз керек.» (М. Әуезов)«... Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ» (С.Мұқанов)«М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір» (Ғ.Ибрагимов)Мағжан «Батыр Баян» поэмасын 1923 жылы Ташкентте М. Әуезовтің үйінде бір түнде жазып шыққан. Сол жылы Ташкентте «Шолпан» журналында басылған.


  • Мағжан Жұмабаевтың өмір сүрген жылдары: (1893-1938)


  • Мағжанның әкесінің аты:(Бекен)


  • Мағжанның баласының аты: (Граждан)


  • Мағжанның жары мен баласы өлгенде шығарған өлеңі: («Мені де, өлім, әлдиле»)


  • ***Мағжан Жұмабаевқа тән жауап: (әкесі – Бекен, Солтүстік Қазақстанда туған, 1893 жылы дүниеге келген)


  • ***М. Жұмабаев білім алған орын: (Орынбордағы мұғалімдер семинариясы, Уфадағы «Ғалия» медресесі) (Мәскеудегі әдебиет өнер институты)


  • М. Жұмабаевтың алғаш тілін сындырып, хат танытқан ұстаздары: (Кәрім, Мұхамеждан, Данияр қажы)


  • Қызылжарда М.Жұмабаев оқыған медресені ашқан, Стамбұлда оқып білім алған, интеллигент азаматтың аты-жөні: (Мұқамеджан Бегішев)


  • М. Жұмабаевтың алғаш хат таныған жасы: (4 жаста)


  • М. Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын бітірген жылы: (1916)


  • Омбы қаласындағы М.Жұмабаевқа сабақ берген белгілі қазақ ақыны: (М. Дулатов)


  • М. Жұмабаев Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда танысқан көрнекті жазушы: (Б.Майлин)


  • М.Жұмбаев семинарияда оқып жүргенде танысты: (С.Сейфуллинмен)


  • М. Жұмабаевтың еуропалық білім алуына себебін тигізген қайраткерлер: (А. Байтұрсынов, М. Дулатов)


  • Мағжанның ұстазы, белгілі татар жазушысы, «Қазақ қызы» романының авторы: (Ғалымжан Ибрагимов)


  • «... Сол кезде профессорлардың бірі Мағжанды «Қырғыздың Пушкині» деуші еді,»-дегенді айтқан: (Сайфи Құдаш)


  • М.Жұмбаевтың мойнына құрық, басына сырық болған ұйымның аты: («Алқа»)


  • М.Жұмбаевтың Мәскеуде жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқыған жылдары:(1923-1927) (В. Брюсов басқарған институт)


  • 1929 жылы Мағжан Жұмабаев сотталды: (10 жылға)


  • М. Жұмабевтың біраз уақыт бостандық алуына көмектескен қайраткерлер: (М.Горький, Е.Пешкова)


  • Мағжан ақынның өлең жазбай, көпшілікке белгісіз болып қалған жырлары: (1929-1938)


  • 1929 жылы М. Жұмабаев қуғындауға ұшырап түрмеге түседі. Осы уақыттарда ..... араласуымен босап шығады. (Орыс жазушысы М. Горький мен оның әйелі Е. Пешкованың)


  • М.Жұмабаев қызмет еткен Ақмола губерниялық газетінің аты: («Бостандық туы»)


  • «Педагогика», «Сауатты бол» ( араб, латын әріптерімен бірнеше рет басылған кітаптарының авторы: (М. Жұмабаев)


  • М. Жұмабаевтың алғашқы жиғанының аты: («Шолпан»)


  • Мағжан Жұмабаевтың 1912 жылы қандай жинағыбасылып шыққан?(Шолпан)


  • М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шыққа жыл: (1912, Қазан)


  • Мағжанның «Шолпан» жинағының басылып шығуына жәрдем еткен адам: (Ғ.Ибаргимов)


  • Мағжан Жұмбаевтың өлеңдер жинағы шыққанда неше жаста болған: (18-19жаста)


  • 1923 жылы ташкентте басылып шыққан «Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері» атты жинақтың алғы сөзін жазған мелекет қайраткері: (Сұлтанбек Қожанов)


  • Бернияз Күлеевтің алғы сөзімен басылып шыққан «Мағжан Жұмбаевтың өлеңдері» атты жинақ қай қалада, қай жылы жарық көрген? (Қазан, 1922ж)


  • Өмір, өлім- мәңгі аңдысқан екі жау,
Екі жауды бауыр қылар жыр бар-ау.Сол жыр таппай, садақ тартпай, сабыр ғып,Қан майданда күңіренсең еді, сор бала-ау!»- деген М. Жұмабаев жыры арналған: (Бернияз Күлеевке)


  • «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім» деп жырлаған ақын: (М. Жұмабаев)


  • Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сезімнің жыршысы, сыршыл ақын: (М. Жұмабаев)


  • М. Жұмабаевтың өлеңінде кездесетін тарихи мекен:(Түркістан)


  • М. Жұмабаевтың «Түркістан» деген өлеңінде «Көп түрік енші алысып тарасқанда» қара шаңыраққа ие болып қалды деп көрсеткен: (Қазақты)


  • М. Жұмабаевтың жазуы бойынша, Түркістанды ертеде: (Тұран дескен)


  • Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шатыр басқан... Кімнің өлеңінен үзінді? (М.Жұмабаев «Түркістан»)


  • «Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан –ер түріктің бесігі ғой. Қарамен жазылған сөздер көркемдегіш, бейнелеуіш сөздердің қандай түріне жатады: Метафора


  • «Қиял құлы мен бір ақын» деген тіркестің авторы: (М. Жұмабаев)


  • М. Жұмабаевтың «Айда атыңды, Сәрсенбай», «Жазғы қала», «Шойын жол» өлеңдеріне 20-жылдары қойылған негізсіз айып: (Қаланы қазақ ауылына қарсы қойған деген айып тағылған)


  • М. Жұмабаевтың шығыс пен батыс мәселесіне арналған өлеңдері: (Пайғамбар, Орал, Бостандық)


  • Мағжанның «Қазағым» өлең лириканың қай түрі? (Әлеуметтік лирика)


  • «Қазағым, таянды ғой қылта мойның,
Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.Қарашы өзіңе –өзің көз жүгіртіп,Жараспас бұдан кейін күлкі-ойын. Мағжанның осы шумақпен басталатын өлеңі: («Қазағым»)


  • Есімдіктер арқылы жасалған М. Жұмабаевтың өлеңі: (Мен кім?)


  • ***М. Жұмабаевтың шерлі, мұңлы толғаулары: (Жан сөзі, Мені де, өлім, әлдиле, Сарғайдым)


  • М.Жұмабаевтың қайғы-қасіретке толы өмірі, келешек ұрпақпен ашық тілдескен, іштей ақтарыла төгілген бір сәті көрінетін өлеңі: (Жан сөзі)


  • Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да!.. М. Жұмабаевтың бұл тілекті айтқан өлеңі: (Сүй, жан сәулем сүй)


  • «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерінің авторы: М. Жұмабаев


  • Мына өлең жолдарының авторы:
Ерлік,елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың (М. Жұмабаев «Қазақ тілі»)


  • Күш кеміді, айбынды ту құлады
Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады..... (Қазақ тілі)


  • Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.» (Осы күнгі күй)


  • Кең дала көресің ғой ана жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан... (Айға)


  • Сарыарқа деген жерім бар,
Неге екенін білмеймін-Сол Арқамды сүйемін деген өлең жолы: М. Жұмабаев


  • Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,Көрсе ауыр күрсінер,Менің бір қарт анам бар, - (Сүйемін)


  • Мағжанның Омбы түрмесінде жазған өлеңі: («Сағындым»)


  • Не көрсемде Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,Істей берсін қолдарынан келгенін.... үзінді (М.Жұмабаев «Сағындым»)


  • «Тез барам»деген өлеңінің авторы: (М. Жұмабаев)


  • «Гүлсімге», «Махабат не?», «Жас келін», «Жамила», «Бәрінен де сен сұлу» өлеңдерінің авторы: М. Жұмабаев


  • «Мен жастарға сенемін», «З-ға», «Р-ға», «Махаббат не?» өлеңдерінің авторы: М. Жұмабаев


  • «Гүлсім ханымға», «Біраз Фетше», «З-ға» өлеңдерінің авторы: М. Жұмбаеав


  • М. Жұмабаев өлеңі: Шолпы


  • Мағжан әнімен халық арасында кең тараған өлеңі: (Сен сұлу)


  • Шашың – толқын, жүрегімнің жарына
Соғылды да, батты улы зарына.... (Махаббат лирикасы)


  • М. Жұмабаевтың табиғат лирикасына жататын өлеңі: (Қысқы жолда, Жазғы түнде, Жазғытұрым)


  • М. Жұмбаевтың лирикасына жататын өлеңі: (Қысқы жолда)


  • М. Жұмабаевтың алтын шашты пері бейнесі кездесетін өлеңі: (Жазғы жол)


  • М. Жұмабаевтың күнді күлдіріп, желді жүргізіп, суды жүгіртіп, жерді үйқыдан тұрғызып, бүлдіршіндей киіндіріп, ұйқысын ашатын өлеңі: (Жазғытұрым)


  • Сылдыр- сылдыр, сылдырлап,
Біріңнің сырын бірі ұрлап,Толықнды толқын қуады,Жарына бал береді..... (М. Жұмабаевтан)


  • Жылағаны –күлгені
Күлгені оның үлгеніЖылай, күле өледі (М. Жұмабаев «Толқын»)


  • М. Жұмбаевтың «Толқын» өлеңі: (Табиғат лирикасы)


  • М. Жұмабаетың суреткерлік құдіретін көрсеткен өлеңі: (Толқын)


  • Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын ептеп ұрласып......(кейіптеу)


  • М. Жұмабаев поэзиясының бір қыры деп есептеледі: (пейзажды лирикаландырып, табиғатты ерітіп, тірілітіп, өзгеше көзқараспен суреттеуі)


  • М. Жұмабаевтың еріксіздік азабы түрме тауқыментіне арналған шығармалар шоғыры: (Сағындым, Жел, Тілегім,Жауға түскен жанға, Тұтқын (Лермонтовтан), Күн шығады да батады (Горькийден), Айға т.б)


  • М. Жұмабаевтың «Жауға түскен жанға» атты шығармасы кімге арналған: (М. Дулатовқа)


  • Эпикалық жанрға поэманың ықшам формаларын қалыптастырған ақын: (М. Жұмабаев)


  • М. Жұмабаевтың аңыз тарихи белігіл оқиғаларға құрылған поэмалары: (Қойлыбайдың қобызы, Түркістан, Қорқыт, Оқжетпестің қиясында, Батыр Баян)


  • М. Жұмабаевтың шығыстық сюжет, мысал, тұспалға құрылған поэмалары: (Жүсіпхан», Өтірік ертегі)


  • М. Жұмабаевтың поэмалары: (Батыр Баян, Қойлыбайдың Қобызы, Тоқсанның тобы)


  • М. Жұмабаевтың помалары: (Батыр Баян,Қойлыбайдың қобызы, Жүсіпхан)


  • Абылай хан бейнесіне қарама-қарсы образдары суреттелген екі шығарма: (Батыр Баян, С.Сейфуллин Көкшетау)


  • Қазақ топырағында туған тұңғыш психологиялық поэма: Батыр Баян


  • М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасын 1923 жылы 30жасында Ташкенттегі М. Әуезовтің пәтер үйінде жазып шығады.Оның жазуға кеткен уақыты 1 түнде жазып шығады.


  • М. Жұмабаевтың оқиғасы 18 ғасырда өтетін поэмасы: (Батыр Баян)


  • «Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі» деген өлең жолдарының автор: М. Жұмабаев


  • «Жүрегім, мен зарлымын жаралыға» деп басталатын поэма: Батыр Баян


  • М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында болған: (Абылай ханның)


  • «Батыр Баян» поэмасында Абылай ханның тұсындағы би: (Қанай би)


  • Батыр Баянды тұтқын қыз бен Ноянның артынан қудыраған күш: (інісінің ел намысын, Алаш намысын таптап кеткендігі)


  • Жас Ноян қыздыкөріп от боп кетті,
Көздері қызыл, жалын шоқ боп кетті. (Қалмақ қызына)


  • Бөбек қыз М.Жұмабаевтың қай шығармасының кейіпкері: (Батыр Баян)


  • Батыр Баян поэмасында Ноян өмірі аяқталды: (Баянның қолынан қаза табады)


  • Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып түсті....(Батыр Баян)


  • М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында қай ұлттардың арасындағы жаугершілік арасы суреттелген: (қалмақ пен қазақ арасындағы)


  • «Батыр Баян» поэмасында қос қоңтайшының аты: (Ұса, Серен)


  • Баянның жолдасы: (Жанатай)


  • Мен де ойды ағытамын қаламыма
Арқанның көз жіберсем адабыма....(Батыр Баян)


  • Арқада жер жетпейді Бурабайға
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.... (Батыр Баян)


  • Обаған, Жолдыөзек жерлерінің аты кездесетін шығарма: (Батыр Баян)


  • Батыр Баян поэмасындағы әсем суреттелетінг жер атауы: (Көкшетау)


  • Қойлыбайдың қобызы поэмасының авторы: М. Жұмабаев


  • Қобызды жарысқа түсіріп, тұлпардан оздыратын ақын: М. Жұмабаев


  • М. Жұмабаевтың Қойлыбайдың қобызы поэмасында жарыстан озған жүйрік: Қобыз


  • М. Жұмабаевтың «Қорқыт», «Ертегі» поэмалары басылған газет: (Ақжол. Ташкент)


  • М. Жұмабаев поэмасы: Қорқыт


  • М. Жұмабаев өлеңінде аңыз кейіпкері: Қорқыт


  • М. Жұмабаевтың «Тоқсанның тобы» поэмасы:( Мағжанның ең соңғы туындысы, 1927 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды)


  • М. Жұмабаев оқиғасы мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал, соғысты көрсетуге арналған шығармасы: («Ертегі»)


  • М. Жұмабаев әдеби ертегісі: (Жүсіпхан)


  • Аз ғана күн таққа отырып, кедейлерді жақсы өмірге қарық қылған патша жігіт туралы әдеби ертегі: (Жүсіпхан)


  • Бал бұлақты тауы бар
Бұйра-бұйра бауы бар.. (Жүсіпхан)


  • М. Жұмабаевтың әдеби мұралары: (Өлең, поэма, проза)


  • М. Жұмабаевтың мақалалары: (Ақан сері, Ақанның өмірі, Ақан сері сөздері, Базар жырау, Әбубәкір ақсақал Дибаев)


  • М. Жұмабаевтың аудармалары: (М. Горький Сұңқар жыры, Мамин-Сибиряк, Ақбоз ат, В.Иванов Қазақ әңгімелері)


  • М. Жұмабаевтың «Жазғы жолда» өлеңінен алынған үзіндідегі метафора: Шілде оттай ыстық күн, Дала өлік жоқ бір күн.(Дала-өлік)


  • Қыранымын сары сайран даланың,
Қос қанатым – алтын оралым. Бейнелеуіш құрал (Метафора)


  • М. Жұмабаевтың кейіптеу тәсілін қолданған өлеңі: (Қысқы жол)


  • Ызғарлы жел долданып,
Екі иенінен демалып.... (Кейіптеу, эпитет)


  • Мен ақынмын – жалынмын
Сылдыраймын, сүйемін... (7 буынды, 2 бунақты, төрт тармақты, шалыс ұйқас)


  • Мына жолдардың авторы «Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде М. Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болады... Кейінгі жоғарғы әдебиет-көркем өнер институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі Мағжанды «Қырғыздың Пушкині» деуші еді: (Сайфи Құдаш)


  • Ж. Аймауытовтың зерттеу еңбегі: (Мағжанның ақындығы туралы)


  • Мағжанның қай өлеңін оқысаңыз да әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде оятқызады, әлде ексертеді деп М. Жұмабаев туралы айтқан: (Ж. Аймауытов)


  • Қайткенмен де Мағжан алдымен сыршыл ақын,Мағжан сөзінде тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрыңғы аұындарында болған емес» пікірдің авторы: (Ж.Аймауытов)


  • Мына жолдардың авторы: «Табиғатты Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кемде-кем шығар»: (Ж. Аймауытов)


  • М. Жұмабаевтың ақындығын сүйетіндігін мойындаған қаламгер: (М. Әуезов)


  • «Мағжанды сүйемін, еуропалығын сүйемін, жарқыраған әшекейін сүйемін»: (М. Әуезов)


  • «Бүгінгі күн жазушылары ішінен келешекке бой бұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжан сөзі»,- деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)


  • «Ұстаз» атты мақал жазып, М. Жұмабаев әлемнен сыр шерткен ғалым: (Б. Кенжебаев)
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/202044