Материал: Алпысов А.. Математиканы оыту дістемесі оу ралы Павлодар, 2012

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
бөліктерге бөлініп беріледі; 3) әрбір бөліктің соңында, оқушылардың қаншалықты меңгергендерін тексеретін сұрақтар қойылады; 4) оқушы жауабының дұрыстығын бірден оқу құралындағы эталон жауаппен салыстырып тексеріп отырады. Осылайша өз- өзіне бақылау жасау жүзеге асады. Ішкі кері байланыс - оқу үрдісін өзін-өзі басқарудың негізгі факторы екені мәлім. Егер оқушының жауабы эталонмен сәйкес келсе, ол оқушы бағдарлама бойынша ілгері жүреді. Жауап қате болған жағдайда, оқушы оқу материалымен жұмыс жасап, қатесін тапқаннан кейін ғана келесі бөлікке көшеді. Бағдарламалап оқыту әдісі осы келтірілген талаптардың әрқайсысы біртұтас орындалуын қажет етеді. Мектеп тәжірибесінде оқыту бағдарламасының негізгі екі түрі: сызықтық және тармақтық бағдарламалау қарастырылады. Сызықтық бағдарламалаудың айырықша белгісі жаңа материалдың бір үлесінен кейін сұраққа жауап беру (есеп шығару) ұсынылады, нұсқаушы сұрақтар мен түсініктемелер бермейді. Сызықтық бағдарламалап оқытуда бірнеше жауаптың берілуі мүмкін (оқушы дұрысын көрсетуі тиіс). Алайда дұрыс жауап бірден сұрақтан кейін берілсе, бағдарламалауөзмағынасынжоғалтуыықтимал.Сондықтансұрақпенжауап арасында оқушының өздігінен ізденуге мүмкіндік туғызатын үзіліс жасап, сұрақтың дұрыс жауабын жасырып қояды. Әдетте дұрыс жауаптан кейін ғана келесі үлес беріледі. Оқушы өзін-өзі тексеру үшін бағдарламаланған құралдан дұрыс жауап алуы тиіс. Бұл жауап оқушының білімін одан әрі дамытады, болмаса берілген оқу материалының үлесін одан әрі нақтылай түсуге нұсқау береді, сөйтіп жіберілген қатені жоюға жағдай жасайды. Тармақталған бағдарлама оқу материалын сатылап түсіну үшін және меңгеру қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Оқушы бірінші үлесті оқып үйреніп, сызықтық бағдарламалау сияқты, бақылау сұрақтарына жауап береді немесе ұсынылған жауаптардың біреуін таңдайды. Егер дұрысәрітолық жауапты таңдаса, онда ол оқу материалының келесі үлесіне көшеді, ал егер ол толымсыз немесе қате жауапты таңдаса, онда оқушының бағдарламаланған құралдың тиісті бетіндегі түсініктемелер «қайтарылады» немесе компьютер қажетті кеңестер береді, яғни тармақталған бағдарлама бұрыс жауаптың қателігіне оқушының көзін жеткізеді.Мысалдар:

  1. Екі санның қосындысы 35-ке тең, ал олардың ең кіші ортақ еселігі 60-қа тең. Осы сандарды табыңыз. Жауабы: 1а) 15 және 20

  2. 45-тен 90-ға дейінгі барлық натурал сандардың қосындысын табыңыз.
Жауабы: 2а)3105

  1. Аргументтің қандай мәнінде y=-0,4x+5 функциясының мәні 13-ке тең болады? Жауабы: 3а) -20

  1. Теңдеуді шешіңіз:

3х 2х 576

Жауабы: 4а) 2+4log62

х 2ху х у

ху

  1. Өрнекті ықшамдаңыз:

:  2)

Жауабы: 5а)

ху

ху




    1. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін игеру тиімділігін арттыруда оқытудың ғылыми әдістері ерекше орын алады. Математиканы оқытудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы оқушылар ойлау қабілетін дамытып, математика сабақтарында қалыптасқан тәсілдер мен ұғымдарды іс жүзінде қолдана білу қабілетін арттырады.

Математиканы оқытудың ғылыми әдістеріне:

  1. бақылау мен тәжірибе;

  2. салыстыру мен аналогия;

  3. анализ бен синтез;

  4. индукция мен дедукция;

  5. жалпылау, нақтылау және абстракциялау жатады.

1) Бақылау деп қоршаған ортаның табиғи жағдайда қарастыратын және объектілері мен құбылыстарының қатынастарын және қасиеттерін зерттеу, айқындау әдісін айтады. Объектілерді танып білу арқылы ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі – бақылау болып табылады. Бақылауды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың математикалық деректер мен ұғымдарды табысты игеруіне, заңдылықтарды көре білуге және қорытындылар жасауына көмектеседі.

Бақылауды мынадай жоспар бойынша ұйымдастыруға болады:

  1. бақылаудың мақсатын анықтау;

  2. бақыланатын объектілердің қасиеттері мен қатынастарын айқындау;

  3. зерттелетін объектілердің ерекшеліктері мен белгілері арасындағы байланыстарды тұжырымдау;

  4. бақылау нәтижелеріне талдау және қорытындылар жасау.
Тәжірибе деп зерттеушінің тікелей белсенді араласуы арқылы зерттелетін объектілердің қасиеттерін анықтау мақсатында қажетті жағдайлар туғыза отырып танып білу әдісі. Тәжірибе математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың тәжірибелік жұмысы түрінде көрініс табады. Тәжірибе жаңа ұғымдарды енгізу және математикалық объектілердің қасиеттерін анықтау үшін
өткізіледі.Бақылау мен тәжірибе физика, химия, биология және тағы басқа ғылымдарда шешуші қызмет атқарады. Ал математикалық зерттеулерде бұл әдістер жетекші орынға ие бола алмайды, себебі математика тәжірибелік ғылым емес. Дегенмен, кейбір объектілердің математикалық қасиеттерін көрсетуге бақылау мен тәжірибенің маңызы зор.Бақылау мен тәжірибе арқылы алгебралық заңдылықтарды тағайындауға болады. Мысалы, Ұланның қолындағы екі сөмкеніңбірінде4 кг алма, екіншісінде 3 кг сәбіз бар. Келесі дүкенде қияр сатылып жатқандықтан ол сөмкенің біреуін босату керек болды. Сөмкені неше тәсілмен босатуға болады? Бірінші, алманың үстіне сәбізді (4 кг + 3 кг); екінші, сәбіздің үстіне алманы (3 кг + 4 кг) салу керек. Екі жағдайда да сөмкедегі алма мен сәбіз 7 кг болады. Демек, 4 кг + 3 кг=3кг + 4кг = 7 кг.Осындай мысалдар (тәжірибе) арқылы қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді деген ережені байқауға болады, яғни а+в=в+а екеніне көз жеткізуге болады.Математика курсында «аудан және периметр» тақырыбын өткенде берілген фигуралардың аудандары мен периметрлерін тәжірибе арқылы табуға болады. Бақылау мен тәжірибе математикалық заңдылықтардың ең қарапайым түрлерін ғана көрсете алады, сондықтан оны математикалық деректердің қатаң негіздемесі ретінде қабылдауға болмайды.2) Салыстыру деп зерттелінетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау әдісін айтады.Салыстыру әдісін қолданғанда төмендегідей қағидаларды басшылыққа алғанжөн:а) салыстырылатын объектілер біртекті болуы шарт. Мәселен, екі функцияны, екі санды, екі өрнекті немесе екі үшбұрышты салыстыруға болады. Ал дененің массасы мен көпбұрыштың ауданын салыстырудың ешқандай мағынасы жоқ.ә) объектілер айрықша белгілері бойынша салыстырылуы тиіс. Мәселен, үшбұрыштар бұрыштары, қабырғаларының орналасуы, периметрі және ауданы бойыншасалыстырылады.б) объектілерді салыстыру толық жүргізіледі. Әдетте, объектілерді салыстыру әдісі олардың қасиеттерін немесе айрықша белгілерін ажыратуға қолданылады. Мәселен, параллелограмм мен трапецияны салыстыруда олардың ортақ қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді, олардың екеуіде төртбұрыш, екеуінің де параллель қабырғалары бар. Айырмашылықтары: біреуінде қабырға қос-қостан параллель, ал екіншісінде табандары ғана параллель. Сондай-ақ, оқушылар жай және алгебралық бөлшектерді салыстыру арқылы олардың ортақ белгілері: бөлшектердің алымы мен
бөлімінің болуы, бөлімінің нөлден өзгешелігі, ал айырмашылығы: жай бөлшектің алымы мен бөлімі сан болады, ал алгебралық бөлшекте алгебралық өрнек екенін түсіндіреді. Сонымен, математикалық объектілерді салыстыру арқылы білімді меңгеру жеңілдейді, өздігінен ғылыми ізденіс жасай білуі мен дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. Салыстыру мен аналогия бір-бірімен тығыз байланысты.Аналогия деп ұқсастықты қолданып оқытатын ғылыми оқыту әдісін айтады.Аналогия жай және таралған аналогия болып екіге бөлінеді. Жай аналогияда объектінің кейбір белгілерінің ұқсастығы бойынша оның басқа белгілерінің ұқсастығы жөнінде пікір қозғалады. Таралған аналогияда құбылыстардың ұқсастығынан себептердің ұқсастығы жөнінде қорытынды жасайды. Сонымен бірге, жай аналогия мен таралған аналогия сәйкесінше қатаң және босаң аналогия болып жіктеледі. Қатаң аналогияда салыстырылатын объектілердің белгілері өзара тәуелділікте болуы шарт емес. Аналогия математиканы оқыту үрдісінде жаңа ұғымдарды енгізгенде, фигуралардың қасиеттерін тұжырымдағанда, теорияларды дәлелдегенде және есеп шығарғанда кеңқолданылады.Математиканы оқыту үрдісінде аналогияны қолдану үшін:а) берілген әр түрлі объектілер мен қатынастардың ұқсастықтарын құрукерек;ә) аналогияда болатын сөйлемдердің сәйкес элементтерін табукерек; б) берілген сөйлемге аналогияда болатын сөйлем құрукерек;в) берілген есепке аналогияда болатын, яғни берілген есептің мәліметтеріне ұқсас шарты мен қорытындысы бар есеп құрукерек;г) аналогия бойынша есеп шығаруда есептің шығарылуына ұқсас талдау жасаукерек.Жаңа ұғымдарды енгізгенде аналогияны пайдаланса, меңгеру едәуір жеңілдейді, мәселен:

  1. Тік төртбұрыш диагоналінің квадраты оның екі өлшемінің квадратының қосындысына тең.
1а. Тік бұрышты параллелепипедтің диагоналдарының квадраты оның үш өлшемінің квадратының қосындысына тең.

  1. Тік төртбұрыштың диагоналдары тең.
2а. Тік бұрышты параллелепипедтің диагоналдарытең.

  1. Параллелограмның қарама- қарсы қабырғалары өзара тең кесінді-
лер.3а. Параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары өзара тең
параллелограмдар.

  1. Параллелограмның диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді және т.с.с.
4а. Параллелепипедтің диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді және т.с.с.Аналогияны кейбір теоремаларды дәлелдегенде де қолдануға болады. Мысалы, трапецияның орта сызығы туралы теореманы үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманың дәләлдеуіне ұқсастырып дәлелдеуге болады.1) Үшбұрыштың орта сызығы туралы теорема. Үшбұрыштың орта сызығы табанына паралель және оның жартысына тең.Дәлелдеуі. а) АВС үшбұрышының орта сызығы – DE болсын (3-сурет). D нүктесінен АС қабырғасына параллель жүргізейік. Сонда Фалес теоремасы бойынша ол АВ кесіндісін ортасынан қиып өтеді, яғни DE орта сызығын қамтиды.
СА К В3-суретб) АВС үшбұрышының DK орта сызығын жүргіземіз. Ол АС қабырғасына паралель. DE||AK және DK||AE болғандықтан, AEDK- параллелограмм.в) Параллелограммның қасиеті бойынша ED=AK және CD=DB

болғандықтан, Фалес теоремасы бойынша AK=KB. Бұдан

Теорема дәлелденді.

ED 1 AB.

2

1)* Трапецияның орта сызығы туралы теорема. Трапецияның орта сызығы табандарына параллель және олардың қосындысының жартысына тең.

Дәлелдеуі. а) ABCD трапецияның орта сызығы – KP болсын. (4-сурет). BE||CD жүргізейік. Сонда EDCB-параллелограмм. К нүктесінен AD-ге параллель түзу жүргізейік. Фалес теоремасы бойынша ол ВЕ кесіндісін ортасынан қиып өтеді, яғни КМ кесіндісі АВЕ үшбұрышының орта сызығы. Демек, КМ||AD


А Д

Е
4-сурет
б) М және Р нүктелері – EBCD параллелограмының ВЕ және CD қабырғаларының орталары, яғни MP||ED. Бірақ бір нүктеден түзуге параллель тек бір ғана түзу жүргізуге болады. Олай болса, К, М және Р нүктелері AD түзуіне параллель КР түзуінің бойында жатады.
в) КР КМ МР, КМ 1 АЕ, МР ВС, АЕ АD BC.2KP 1 AE BC 1 ( AD BC)  BC 1 ( AD BC)2 2 2Теорема дәлелденді.3) Ғылыми зерттеу әдісі ретінде – анализ бен синтез математикалық зерттеулерде ерекше маңызды роль атқарады.Анализ деп белгісізден белгіліге қарай көше отырып пайымдалатын ғылыми оқыту әдісін айтады.Анализ – логикалық тәсіл, зерттеу әдісі ретінде үйретілетін объектіні ойша немесе тәжірибелік түрде құрамды бөліктерге бөліп, әр бөлік бүтіннің бөлік ретінде жеке зерттелуін айтады.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/171064

Смотрите также:

34 Развитие мышления
В представленном фрагменте из заключения Комплексной психологопсихиатрической экспертизы (см файл pdfформата кейс 1) содержатся вопросы следственных органов к экспертам ксппэ (вопросы к психологу 1016) и ответы экспертапсихолога на поставленные вопросы.
выбор критерия эффективности свайных технологий
Государственные корпорации: создание, управление и использование имущества
Евгений Максимович Костенко Сварочные работы Практическое пособие для
Кириллица в латинском обличии
МДК 04.01
Меры обеспечения производства по делам об административных правонарушениях
Общая характеристика и структура Смоленской таможни
Отчет о прохождении производственной практики (по профилю специальности) пп 02. 01 Практические навыки проведения расчетов с бюджетами бюджетной системы Российской Федерации