Материал: Алпысов А.. Математиканы оыту дістемесі оу ралы Павлодар, 2012

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
қой,үшадамжәнет.б.)бұлардыңәртүрліқасиеттеріненазараударады.«Көру» процесі бала санасында бейнелеудің ерекше формасын қабылдайды (сезінеді), объектіні сезімдік түйсіну – танымның ең алғашқы сатысы, ол ұғымға сәйкес қалыптасады. Математика пәні өзі зерттейтін ұғымдарды белгілі бір жүйеге келтіріп, өзіне тән талаптарға сәйкес ұғымдарды бөлшектейді. Ол үшін:а) бөлудің негізі бірыңғай болуы керек. Бұл шартты сақтамау нәтижесінде оқушылар жиі қатеге ұрынады. Мысалы, үшбұрыш ұғымын тең бүйірлі, сүйір бұрышты және тік бұрышты үшбұрышқа бөледі.ә) бөлу өлшемдес болуы тиіс. Мұның мәні – бөлінетін ұғымның көлемі бөлу мүшелері көлемдерінің қосындысына тең болуы керек.б) бөлу мүшелерінің әрқайсысы басқаларын қоспауы тиіс, яғни олардың бірде біреуі басқа ұғымның көлеміне кірмеуі тиіс. Мәселен, «бүтін сандар, жай сандар, жұп сандар, тақ сандар» бөлуі дұрыс емес, себебі 5 саны жай сандарға да, тақ сандарға да кіреді.в) бөлу үзіліссіз болуы керек, яғни бөлінетін ұғым бөлу мүшелері үшін ең жақын тек болуы тиіс.Ұғымдарды классификациялауды олардың әр түрлі белгілері бойынша жасауға болады. Мысалы, бір ғана үшбұрыш ұғымын «бұрыштары бойынша» және «қабырғалары бойынша» жеке-жекеклассификацияланады:а) үшбұрыш бұрыштары бойынша: сүйір бұрышты, тік бұрышты, доғалбұрышты.

б) әр қабырғалары бойынша: әр қабырғалары

(а  b,

b  c,

а с) , тең

бүйірлі

(abc) , тең қабырғалы

(a b c) .

Классификациялау ұғымдардың мәнін олардың қатынастарын айқындау, көлемін шектеу арқылы дұрыс түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ функция ұғымын да әр қырынан классификациялауға болады. Егер бір ұғымның көлемі басқа ұғым көлемінің бөлігі болса, онда бірінші ұғым түрлік ұғым, ал екіншісі тектік ұғым деп аталады. «Тек» және «түр» атаулары салыстырмалы сипатта ғана болады. Мәселен, «параллелограмм» ұғымы

«ромб» ұғымына қарағанда тектік ұғым болады, ал «көпбұрыш» ұғымына
қарағанда түрлік ұғым болып табылады. Сол сияқты «үшбұрыш» ұғымдары бойынша үшбұрыштың екі қабырғасы тең болатынын бөліп алатын болсақ, онда «тең бүйірлі үшбұрыш» ұғымы жалпы «үшбұрыш» ұғымының түрі,ал«тең бүйірлі үшбұрыш» үшін «үшбұрыш» тектік ұғым болады. Егер тең бүйірлі үшбұрыштардың ішінен бір бұрышы тік болатын болса, онда тең бүйірлі үшбұрыш – тектік, ал тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыш – түрлік ұғым болады. Мәселен, алгебралық жағынан функцияларды алгебралық және трансценденттік деп, жұптық белгілі бойынша – тақ, жұп, тақта
емес, жұпта емес функцияларға саралауғаболады.

    1. Математикалық сөйлемдердің маңызды түрлеріне аксиомалар, постулаттар, теоремаларжатады.
Аксиома деп ешбір дәлелдеусіз қабылданатын сөйлемді айтады.Ғылыми теорияны құрғанда сүйенетін бастапқы негізі – дәлелдеусіз алынған сөйлемдер жүйесі, яғни, аксиомалар. Ғылыми теорияның басқа тұжырымдары (теоремалары) осы аксиомаларға сүйеніп дәлелденеді. Аксиомалар және алғашқы ұғымдар математикалық теорияның негізгі фундаментін құрайды. Математикалық теориялардың негізі болатын аксиомаларды ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеу ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қолға алынды. Бұл кезеңде бірсыпыра ғалымдар математикалық теориялардың тізімін жасауменшұғылданады.Белгілі бір ғылымның негізін қалайтын барлық аксиомалар тобын аксиомалар жүйесі дейді. Мәселен, геометрияның барынша толық әрі қарапайым аксиомалар жүйесін жасағандардың бірі атақты неміс математигі Д. Гильберт еді. Д. Гильберт геометриялық жүйеде алғашқы үш (нүкте, түзу, жазықтық) ұғымды және алғашқы үш (жатады, арасында, конгруэнтті) қатынасты қарастырады. Г. Вейль бүкіл мектеп геометриясын векторлық кеңістік идеясы негізінде құруды ұсынды.А.Н. Колмогоров бүгінгі таңдағы мектеп геометриясының аксиомалар жүйесін жасады. Аксиомалар жүйесіне мынадай талаптар қойылады:

  1. Аксиомалар жүйесі қайшылықсыз болуы тиіс. Мұның мәні жүйедегі аксиомалар мен сол аксиомалардың барлық логикалық салдары бірін–бірі теріске шығармауы керек.

  2. Аксиомалар жүйесі тәуелсіз болуы тиіс. Мұның мәні: жүйедегі кез- келген аксиома басқаларынан шықпауы керек.

  3. Аксиомалар жүйесі толық болуы тиіс. Мұның мәні: жүйедегі аксиомалар теорияның негізін қалау үшін жеткілікті болуы керек.
Ұзын саны шектеулі аксиомалардан теорияны құру әдісін аксиоматикалық әдіс деп, ал теорияны аксиоматикалық теория деп атайды. Бұл теорияның басқа қағидалары оның негізін қалаған аксиомалардың логикалық салдарлары болып табылады. Математика ғылымында геометрияны, арифметиканы, ықтималдықтар теориясын және т.б. құрудың аксиоматикалық әдістері белгілі.Постулат дегеніміз – белгілі бір ұғым немесе ұғымдардың арасындағы белгілі бір қатынас қанағаттандыруға тиісті талаптарды сипаттайтын математикалық сөйлем.Сондықтан постулаттың өзі белгілі бір ұғымның немесе ұғымдар жүйесі анықтамаларының бөлігі болып табылады. Мысалы, «жазықтықтағы параллель түзулер» ұғымы екі постулатпен анықталады. Айталық,
а және в түзулері өзара параллель болуы үшін мына қасиеттерді қанағаттандыруы тиіс.а) а және в түзулері бір жазықтықта жатуы тиіс, яғни а в .б) екітүзубір–біріменбеттесуінемесемүлдемортақнүктелеріболмауы тиіс, яғни а в а в  Теорема деп ақиқаттығы дәлелдеу арқылы тағайындалатын математикалық сөйлемді айтады.Әрбір теорема өзінің шартын (Р) және қорытындысын (Q) қамтиды. Мәселен, «Вертикаль бұрыштар тең» теоремасында «Вертикаль бұрыштар» - шарты, ал «тең» қорытындысы. Осы теоремаға «егер ... , онда ... » тіркестерін пайдаланып, тұжырымын басқаша, келісімді (силлогизм) түрде беруге болады, яғни «Егер бұрыштар вертикаль болса, онда олар тең болады». Бұл тұжырымның ерекшелігі, теореманың шарты (егер...) мен қорытындысы (онда ...) бір–бірінен ерекшеленіп тұрады. Кейбір жағдайлардатеореманы«Егер..., онда...» тіркестерінсіз тұжырымдауға болады. Мұндай тұжырымдарды кесімді тұжырымдау дейді. Кесімді тұжырымдау әдетте қысқа, ыңғайлы болып келеді. Теореманың тұжырымын логикалық тілде былай жазады: Р (шарт)  Q (қорытынды).Ал теореманы дәлелдеу дегеніміз Р шартты ақиқат деп алып, Q қорытындының ақиқаттығын логикалық жолменкөрсету.Теоремалар тура, кері, қарама - қарсы және кері теоремаға қарама –қарсы теорема түрінде кездеседі. Алғашқы теореманы тура теорема(Р  Q)деп алсаң, онда берілген теоремаға кері теорема деп тура теореманың шартын қорытындысымен, ал қорытындысын шартымен ауыстыруданшыққан теореманы айтамыз (Q P).Тура теоремаға қарама–қарсы теорема деп оның шарты менқорытындысын тікелей бекерге шығарудан алынған теорема (P Q).Қарама–қарсы теоремаға кері теорема деп оның шарты менқорытындысын бекерге шығарудан алынған теореманы айтамыз (Q P) .Жалпы алғанда, тура теорема дұрыс болғанда, оған кері теорема мен қарама–қарсы теорема әрдайым дұрыс бола бермейді. Келтірілген мысалда, тура теорема дұрыс та кері теорема жалған. Шынында, тік төртбұрыштың диагональдары тең. Бірақ ол тең бүйірлі трапеция емес. Сондай–ақ мысалдағы қарама–қарсы теорема да жалған, өйткені тік төртбұрыш тең бүйірлі трапеция бола алмайды, бірақ оның диагональдары тең. Ал кері теоремаға қарама–қарсы теорема әрдайым тура теоремамен мәндес болады. Осы сияқты, кері теорема мен қарама–қарсы теорема да мәндес болады. Кері және қарама–қарсы теоремаларды дәлелдеудің маңызы зор.
Сондай–ақолардың дәлелдеуін игерудің мәні ерекше. Біз кері теореманы дәлелдеудің әр түрліәдістеріне мысалдаркелтірейік.Тура теорема. Егер шеңбердің екі хордасы тең болса, онда олар керетін доғалары да тең болады.Кері теорема. Егер шеңбердің екі доғасы тең болса, онда олар керетін хордалары да тең болады.Дәлелдеудің бірінші тәсілі –кері теореманы тура дәлелдеу.

Берілгені.

AmB  CnD

(7сурет).


m

В

А

7-сурет
Дәлелдеу керек: AB CD.

Дәлелдеу.

AmB  CnD

болғандықтан, АВ доғасын СD доғасына

бейнелейтін етіп көшіргенде, А және В нүктелері сәйкес Q және Р

нүктелеріне бейнеленеді және

ОА OBOC OD

екенін еске алсақ, онда

АОВ  COD. Демек, АВ CD .

Дәлелдеудің екінші тәсілі – қарсы жору.

АВ CD

деп ұйғарамыз. Олай болса,

AB  CD1

(1)


    1. (2)

болатындай D1 нүктесін салайық. Ал тура теоремадан

АВ CD (3)

      1. және (3) теңдіктерден

СD CD1 , яғни СD нүктесі өзінің

CD1

бөлігіне тең,

бірақ бұлай болуы мүмкін емес. Сонымен, біз қайшылыққа келдік. Демек,

АВ  CD

деп ұйғаруымыз дұрыс емес. Ендеше,

АВ CD .

Енді кері теореманы дәлелдеудің үшінші тәсілін қарастырайық. Бұл тәсілде кері теоремамен мәндес қарама-қарсы теореманы, яғни

(Q  P)  (P  Q) пайдаланамыз. Екі теореманың да дұрыстығына көз

жеткізу үшін олардың біреуін дәлелдеу жеткілікті. Біз қарама-қарсы теореманы дәлелдейік.

Теорема (қарама-қарсы). Егер шеңбердің екі хордасы тең болмаса, онда олар керетін доғалар да тең болмайды.

Дәлелдеу. Теореманың шарты бойынша

АВ СD . Сондықтан

АВ СD1

болатындай D1 нүктесін салайық. Онда алдыңғы теорема бойынша

АтВ  СnD1 , сонда мынадай екі жағдай болуы мүмкін:

        1. АВ  СD

        2. АВ  СD

болса, онда болса, онда

АтВ  СnD,

АтВ  СnD.

Олай болса,  АтВ  СnD . Дәлелдейтініміз осы еді.
Қарсы жору әдісі теоремаларды дәлелдеуге жиі қолданылатындықтан, оны кейінірек мүмкіндігінше жете қарастырамыз. Теореманы дәлелдеудің бұл әдісі үш сатыдан тұрады:

  1. Теореманы дәлелдегенде оның қорытындысын бекерге шығарамыз, яғни дәлелдеуді талап ететін байламдарға қарсы ұйғарамыз (біздің мысалда доғаларды керетін хордалар тең емес).

  2. Қабылданған ұйғаруға байланысты логикалық дұрыс ой қорытулар жасай отырып, соңында қайшылыққа келеміз (мысалда кесінді өзінің бөлігіне тең).

  3. Логикалық дұрыс талдау жасағанмен қайшылыққа келеміз, олай болса, біздің ұйғаруымыз дұрыс емес деп байлам жасаймыз. Демек,

дәлелдеуді талап еткен қорытынды дұрыс (яғни, мысалда

АВ  СD

деуіміз

жалған, олай болса АВ  СD).

Теоремаларды дәлелдегенде оқушыларды дәлелдеу әдістеріне төсілдіріп, оны есеп шығарғанда, басқа пәндерді оқығанда, ойлану үрдісіне пайдалануға үйрету мақсатын көздейміз. Олай болса, мұғалім оқушыларға теоремаларды дәлелдеуді үйретуге көңіл бөлуі керек. «Дәлелдеу дегеніміз ақиқат пайымдауларға негізделген ой қорыту және болжамдарға сүйеніп дәлелдемелік пайымдаулар» деген болатын Платон.

Теореманың ішінде шарты және қорытындысы болады. Шартынан не берілгенін, ал қорытындысынан не дәлелдеу керек екенін білуге болады. Теорема «егер» деген сөзбен басталса, «онда» деген сөзге дейінгі – оның шарты, ал онда деген сөзден аяғына дейінгі – қорытындысы. Бірақ кейбір теоремалардың шарты мен қорытындысын оқушылар айыра алмайды. Мұндай жағдайда оқушыларға мұғалім көмектесіп үйретуі керек. Мысалы:

«Сыбайлас бұрыштардың қосындысын табыңдар». Оқушылар

транспортирмен бұрыштарды өлшеп, қосындысы

1800

болатынын табады да,
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/171064

Смотрите также:

34 Развитие мышления
В представленном фрагменте из заключения Комплексной психологопсихиатрической экспертизы (см файл pdfформата кейс 1) содержатся вопросы следственных органов к экспертам ксппэ (вопросы к психологу 1016) и ответы экспертапсихолога на поставленные вопросы.
выбор критерия эффективности свайных технологий
Государственные корпорации: создание, управление и использование имущества
Евгений Максимович Костенко Сварочные работы Практическое пособие для
Кириллица в латинском обличии
МДК 04.01
Меры обеспечения производства по делам об административных правонарушениях
Общая характеристика и структура Смоленской таможни
Отчет о прохождении производственной практики (по профилю специальности) пп 02. 01 Практические навыки проведения расчетов с бюджетами бюджетной системы Российской Федерации