Ескерту:
-
санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 450 бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін;
-
майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларына иненің түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз, сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;
-
инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;
-
майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.
Көк тамырға иньекцияны орындауМақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.
Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: Көлемі 10-20 мл бір рет қолданылатын шприцті (иненің ұзындығы 40 мм),лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, тері антисептигін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.
-
Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).
-
Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара).
-
Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.
-
Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).
-
Резеңке бұрауды (венозды манжетаны) иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.
-
Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.
-
Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін) сұраңыз.
-
Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, қолдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).
-
Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.
-
Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.
-
Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерімен екі рет тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.
-
Оң қолға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясын, V саусақпен – шприцтің поршенін, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
-
Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.
-
Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз.
-
Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
-
Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.
-
Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.
-
Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, шприцтің поршенін тірелгенге дейін жібермей, жайымен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз.
-
Залалсыздандырылған, спирттелген 3-ші мақта шаригін тесілген жерге басып, инені шығарыңыз.
-
Тесілген жерді тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастан қан толық тоқтағанға дейін шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.
-
Мақта шаригін контейнерге салыңыз.
-
Шприцті инесімен, иненің қалпағын кигізбей қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: арнайы венозды манжетканы қолданғанда ондағы клапанды тарс еткізіп ілгешегін жабады және венозды қанағым тоқтағанға дейін оның бос шетін тартады.
Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшінбір рет қолданылатын жүйені қҰрастыруМақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, флаконның этикеткасына науқастың аты-жөні, палатасының номері жазбаларын, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, қайшыларды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, жабысқыш пластырьды.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
-
Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).
-
Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз.
-
Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.
-
Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.
-
Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.
-
Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.
-
Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз.
-
Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз.
-
Тамызғышты ақырын қысып, жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.
-
Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.
-
Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.
-
Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.
-
Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді салыңыз.
Ескерту: Кейбір системаларда ауа кіруге арналған тесік тұп-тура тамызғыштың үстінде болады. Бұл жағдайда тек тесікті жабатын бітеуішті ашады.
Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатыпенгізуді орындауМақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішкі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың беткейлік веналары..
Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауа эмболиясы (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қанды ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, вирустік гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (тін бөлігінің қатаюы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын системаны, мақта шариктерін, салфеткаларды, лотокты, қолғапты, масканы, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке жабысқыш пластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), штативті, науқастың аты-жөні, палатаның № көрсетілген дәрілік ерітіндісі бар флаконды, анафилактикалық шокқа арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа жайлы қалып алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсыныңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
-
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз. Флаконды ашқан күнін белгілеңіз.
-
Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
-
Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.
-
Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.
-
Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз..
-
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз
-
Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен тізбектілікпен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV-V саусақ аралығына алыңыз.
-
Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың І саусағымен басыңыз.
-
Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның еңкейту бұрышын азайтыңыз.
-
Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығына көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.
-
Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.
-
Сол қолмен бұрауды (манжетаны) босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз.
-
Ине тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.
-
Жүйенің қысқышын ашыңыз.
-
Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ерітіндінің түспеуін. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
-
Түтіктің бір бөлігіне және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.
-
Енгізу жылдамдылығы тұрақты болуын қадағалаңыз.
-
Дәрілік ерітіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және хал-жағдайын бақылаңыз.
-
Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып алыңыз, тері антисептигіне суландырған 3-ші мақта шаригін 3-5 минутқа басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгіңіз.
-
Жүйені және инені, қалпағын кигізбей қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: -
қосымша дәрілік ерітіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады, флаконда енгізілген дәрілік заттың аты көрсетіледі
-
тамызғыш босамағанынша флакондарды ауыстыру жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконның тығынын алдын ала антисептикпен тазартып, жүйенің қысқа шетіндегі инені тірелгенше енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз, егер де ауа кіргізетін болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз.
-
енгізіліп жатқан уақытта бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ерітіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ерітіндінің ағымы тоқталған жоқ па?
-
науқастың хал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды, бас айналуды, лоқсуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жауып және инені шығару қажет.
Х. ПункцияларНауқасты және медициналық құрал-саймандардыплевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындауМақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: жарақаттану гемотораксында (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).
Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған залалды ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, лабораторияға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
-
Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.
-
Науқастан денесін сәл бір қырына қарай бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.
-
Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
-
Болжамды тесетін жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен, сосын тері антисептигімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.
-
Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сездірмеу үшін) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
-
VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырынан тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.
-
Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.
-
Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.
-
Лабораториялық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтің ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.
-
Плевра қуысына енгізу үшін шприцті сорып алынған антибиотигімен дәрігерге беріңіз.
-
Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.
-
Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен бекітіңіз.
-
Плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баяулату және талықсудың дамуын ескерту үшін кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз.
-
Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.
-
Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.
-
Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.
-
Алынған биологиялық материалды зерттеуге лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.