Материал: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Ескерту:

  • плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

  • плевра сұйықтығын лабораторияға апару кешіктірілуді күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;

  • ине плевра қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ІШті тесуге (лапароцентезге) ДАЙЫНДАУМақсаты: диагностикалық: асциттік сұйықтықты лабораториялық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу.Қолданукөрсетілімдері: іш шемені, іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.Қарсы көрсетілімдері: қан қысымы өте төмендегенде, іш қуысындағы жабыспалық процесінде, іш қатты кепкенде.Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, қолғапты, троакарды, 5, 10, 20 мл шприцтерді, салфеткаларды, қақпағы бар банкіні 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 йод ерітіндісін, тері антисептигін, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдысты, шылапшынды, пробиркаларды, еңді ақ жайма немесе сүлгіні, лейкопластырьді, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтықты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зерттеуге жіберетін жолдаманы, таңғыш материалдарды, пинцетті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз.

  3. Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.

  4. Науқасты орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастың аяғын клеенкамен жабыңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тері антисептигімен тазартып, өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  6. Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5 спирттелген йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін дәрігерге беріңіз.

  7. Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5 новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Іш қуысын тесу алдыңғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта, осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады.

  8. Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен троакарды қалың іш пердесінің бетіне итеріп, енгізеді, сосын стилетті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастайды.

  9. Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз.

  10. Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты лабораториялық зерттеуге алыңыз (бактериологиялық және цитологиялық).

  11. Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең сүлгіні өткізіңіз, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.

  12. Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.

  13. Емшара біткеннен кейін канюляны шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5 йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз.

  14. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  15. Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  16. Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.

  17. Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.

  18. Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз.

  19. Алынған биологиялық материалды лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.
Ескерту:

  • манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

  • сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлынды (люмбальды) ТЕСУГЕ дайындауМақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 5 мл, 10 мл, 20 мл шприцтерді инелерімен, тесуге арналған мандрені бар инені, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, тері антисептигін, 5 спиртті йод ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Асептика ережесін қатал жағдайда сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды.

  3. Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.

  4. Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).

  5. Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды.

  6. Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.

  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  8. Тесетін жердің терісін 5 йод ерітіндісімен, сонан кейін тері антисептигімен, ал сосын иодпен тазартыңыз.

  9. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыруды) жүргізу үшін 0,5 новокаин ерітіндісін шприцке сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренімен лотокқа салып беріңіз.

  10. 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.

  11. Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.

  12. Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.

  13. Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

  14. Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.

  15. Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.

  16. Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.

  17. Науқастың хал-жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз.

  18. Қолғапты шешіңіз.

  19. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  20. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйеГІН ТЕСУГЕ (пункциясына) дайындауМақсаты: диагностикалық: қан ауруларының диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, тері антисептигін, 5 спиртті йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.

  3. Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.

  4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.

  5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

  6. Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.

  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спиртті йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын тері антисептигіне спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

  9. Жұмсақ тіндерге қабаттау инфильтрациялық анестезиясын (жансыздандыруды) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде төс сүйегінің ортасына жүргізіңіз.

  10. Кассирский пункциялық инесіне шектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

  11. Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.

  12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

  13. Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен немесе тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған таңғышты салып, лейкопластырьмен бекітіңіз.

  14. Қолғапты шешіңіз.

  15. Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  16. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

  17. Науқасты палатаға апарыңыз.

  18. Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Ол иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даЙЫНДАУМақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, лотокты, 5 спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, 0,5 новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.

  2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

  4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы қалып алуын сұраңыз.

  5. Болжаған тесетін жерді өңдеу үшін 5 спиртті йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

  6. Дәрігер сол қолмен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.

  7. Инені буынға енгізіп, шприцпен тінге жиналған сұйықтықты сорып алады.

  8. Лабораториялық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.

  9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.

  10. Инені шығарып алған соң, тесілген жерге 5 спиртті йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.

  11. Қолданылған шприцтерді, салфеткаларды, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  12. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ХI. Клизмалар. Жел шығаратын түтік
Тазарту клизмасын қоюМақсаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған гсморройда.Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысы судноны (егер де процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса).

  3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

  6. Науқастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы іліңіз, оған ұштықты кигізіп, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

  7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

  8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

  9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

  10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.

  11. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

  12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

  13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

  14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

  15. Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

  16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

  17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

  19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/163228