Материал: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

  1. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

  2. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

  3. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

  4. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

  5. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

  6. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

  7. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

  8. Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз.

  9. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.
Азопирам байқауының нәтижесіБайқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:

көк-күлгін түске

егер де заттарда жасырынды қан қалса

күрең-қоңыр түске

егер де заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса

қызғылт түске

егер де заттарда жуушы зат қалдығы қалса
Реакция оң болады, егер де боялу болса (1 минуттан кейін)Боялу, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.

  1. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

  2. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

  3. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.
III КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.

  1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

  2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

  3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.

  • автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 15 минут; t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут

  • ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут

  1. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

  2. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

  3. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтау мақсатымен орауға ораңыз.

  4. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.
Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салуМақсаты: автоклавта зарарсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде зарарсыздықты сақтау.Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған сүрткілерді (үлкен бөз матадан жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді, турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан зарарсыздық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және зарарсыздандыру күнін және салуды жүргізуші, зарарсыздандыруға жауапты мейірбикелердің қолын қою үшін - бос колонканы, фильтрі бар немесе фильтрсіз әр түрлі көлемдік және мөлшерлік зарарсыздандырылған қораптарды.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

  2. Бикстің (қораптың) бүтіндігін тексеріңіз.

  3. Қолғапты, дем пердесін киіңіз.

  4. Бикстің ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.

  5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  6. Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.

  7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

  8. Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.

  9. Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз).

  10. Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет.

  11. Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.

  12. Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:

  • сектормен (шеңбердің бөлім арасы),

  • тік (қақпағына перпендикулярды),

  • бос қопсытып.

  1. Бикстің ортаңғы бөлігіне зарарсыздық индикаторын орналастырыңыз.

  2. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған сүрткі жабыңыз.

  3. Бикстің қақпағының астына зарарсыздық индикаторын салыңыз.

  4. Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

  5. Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

  6. Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.
ІІ. ЖАРАҚАТТАНҒАНДА, ҚАНМЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДАБИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРМЕН ЖАНАСҚАНДАМЕЙІРБИКЕНІҢ ӨЗ-ӨЗІНЕ ЖӘНЕ ӨЗАРА ЖӘРДЕМ(КӨМЕК) КӨРСЕТУІНауқастың биологиялық сұйықтығы арқылы таралатын, вирустік және бактериалдық жұқпаны жұқтыру қауіп-қатері жағдайындағы мейірбикенің жұмыс жасау ерекшеліктеріМанипуляцияны орындау уақытында, биологиялық сұйықтық байқаусызда мейірбике қолының терісіне, көздің және мұрынның сілемей қабығына, бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақ сілемейлі қабығына түскенде, апаттық дәрі қобдишасын қолдануы қажет. АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫАпаттық жағдайда апаттық дәрі қобдишасы құрамына кіреді:



Крафт пакетіндегі таңғыш материал

Саны, мөлшері



Крафт пакетіндегі көз тамызғыштары

4 дана



Аспадан ерітіндіні езуге арналған ыдыс

3дана залалсыздандырылған



Ундинка (көзді жууға арналған кішкене ыдыс)

2дана залалсыздандырылған



70% этил спирті

100мл



5% йод ерітіндісі

10 мл



0,05% калий перманганат ерітіндісі,

10 мл



1% протаргол ерітіндісі

10 мл



6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі

100 мл



саусаққа киетін резеңке

2-3 дана



Бактериацидті жабысқыш пластырь

2-3 дана



Қайшы

1 дана



Кейбір антисептикалық заттар аспамен сақталады және қолданар алдында даярланады, оған жататындар:

13

Протаргол

0,1г-орау

14

калий перманганат

0,005г-5 орау

15

Залалсыздандырылған дистилденген су 10 мл-ден

6 ампула
ВИЧ-КЕ ҚАРСЫ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫАдам вирус иммунитеті тапшылығына қарсы арналған жабдықтар

  • 70% этил спирті

  • 5% йод ерітіндісі

  • жабысқыш пластырь

  • марганец қышқыл калий аспасы

  • марганец қышқыл калийді езуге арналған дистилденген су 1:10 000 (0,05%)

  • 1% бор қышқылы ерітіндісі

  • 1% протаргол ерітіндісі
НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢБЕТ ТЕРІСІНЕ, ЕРІНДЕРІНЕ ЖӘНЕ АУЫЗ-ЖҰТҚЫНШАҚСІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІМақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алуҚолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.

  2. Дәрі қобдишасынан 70% спиртті немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз.

  3. Залалсыздандырылған дәке тампонын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырып, бет терісінен және еріндерінен науқастың биологиялық сұйықтығын, саусақтардың қозғалысымен кетіріңіз. Пайдаланған таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

  4. 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырған дәке тампондарымен қайтадан бет терісі мен еріндерін тазартыңыз.

  5. ауыз қуысын сумен, сосын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен бірнеше рет шайқаңыз (жұтқыншаққа суды түсірмеуге тырысыңыз).

  6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢКӨЗ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІМақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің көз сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.Іс-әрекет алгоритмі:1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғыштармен және таңғыш материалмен көзді жууға арналған кішкене стаканды алып, лотокқа салыңыз.2. Дәрі қобдишасынан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз.3. 0,05% калий перманганат ерітіндісін кішкене стаканға құйыңыз. Басын еңкейтіп, кішкене стаканды ерітіндісімен тығыз бетке қысып, қабақтарымен жыпылдату (қысу) қозғалысын жасап, көзді жуыңыз. Ысқылауға (уқалауға) болмайды!4. Крафт пакетіндегі залалсыздандырылған көздің сыртқы бұрышынан мұрынға қозғалыспен, көзді сорғызыңыз. Ысқылауға болмайды!5. Пайдаланған салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).Ескерту: көз тамызғыштары пайдаланғаннан соң 2% сода ерітіндісінде 15 минуттай немесе дистилденген суда -30 минуттай қайнатылады. Көзді сумен жууға да болады.НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ БАЙҚАУСЫЗДАМҰРЫН ҚУЫСЫНЫҢ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА ТҮСКЕНДЕЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІМақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу.Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің мұрын қуысының сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.

  2. Дәрі қобдишасынан 1% протаргол ерітіндісін алыңыз.

  3. Крафт пакетіндегі тамызғышты 1% протаргол ерітіндісінің флаконына салыңыз.

  4. Қолыңызға лотокты алыңыз.

  5. 1% протаргол ерітіндісін мұрынға тамызыңыз, басын төмен түсіріңіз (ішіндегі зат лотокқа ағады). Жұтқыншаққа ерітіндіні түсірмеуге тырысыңыз.

  6. протаргол ерітіндісін мұрынға қайталап тамызып, басты төмен түсіріңіз, ішіндегі зат лотокқа ағады.

  7. Залалсыздандырылған дәке тампонымен мұрынды құрғату

  8. Қолданған дәке тампонын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  9. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/163228