2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.3. Ата–аналар ұжымын құру. 4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру.Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. 2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуіТәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді . Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.24. Ойын технологиясы.Оқытудың имитациялық технологиясы (ойын және ойынсыз әдістер).Бастауыш мектептегі ойын технологиясының ерекшелігі мен маңызы.Ойын технологиясы- оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.Ойын технологиясының міндеттері:-Ойын арқылы балалрдың сөздік қорларын дамыту-жаңа сөздерді меңгерту.-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру.-ептілікке,ұқыптылыпқа, төзімділікке үйрету.-ақыл-ой,есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.Ойын технологиясы арқылы оқушыларда келесі қасиеттерді меңгереді.1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.8. Оқушылар үшін қауіпсіз.9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.Имитациялық технологиялар - бұл нақты өмірде, кәсіби қызметте болып жатқан процестерді оқыту жағдайында жаңғырту әдісі.Имитациялық технологиялардың ерекшеліктері:- оқытудың іс-әрекеттік сипаты,- топты пайдалану,- оқыту қызметін құру.Ойындық имитациялық әдіске:- тиімді шешім таңдаудың көп нұсқалылығы,- «миға шабуыл»,- іскерлік ойындар,- рөлдік ойындар,- кәсіпкерлік ойындар,- құқықтық ойындар,- жеке технологиялық үдерісті ойын арқылы жобалау.Ойындық емес имитациялық әдіске:- ситуациялық шешімдер,- жекелеген міндеттерді шешу,- сабақтың қорытындысын шығару,- оқытушының бағалауы,- ұсынылған нұсқаларды талқылау,- семинар өткізу,- тренинг жатады.Имитациялық емес технология:- проблемалық лекция,- дөңгелек үстел,- лекция – конференция,- алдын – ала жасалған конспект бойынша лекция,- шолу лекциясы,- коллоквиум,- бағдарламалап оқыту,- семинар,- тақырыптық дискуссияға арналған көшпелі сабақ,- топтық консультация,- олимпиада жатады.25. Адамгершілік тәрбиесі.Адамгершілік тәрбиеснің мазмұны, бағыттары.Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады."Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолда-м ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағыанықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.Патриотизм ұғымына енетіндер:- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:- әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;- басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәс-түрлерін сыйлау;- басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетіс-тіктерге оң баға беру;- олармен жақсы қарым-қатынаста болу.Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.- Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.• Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.• Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.• Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше.дептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған.26. Ақыл –ой тәрбиесі және оның міндеттері. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары. Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.Ақыл - ой тәрбиесі тұлғаның жан - жақты дамуының негізі. Ақыл - ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі естен шығармағанымыз жөн.
Ақыл - ой тәрбиесінің ұғымдары↓Зер салып ойлауАқыл - ой күштеріОйлау – бұл заттар мен құбылыстар арасындағы табиғи байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау таным процесіндегі күрделі процесс. Ал таным дегеніміз бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі. Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ол барлық адамдарға тән туынды түсінік.Ойлау түрлері↓Нақты логикалық ойлауЖинақтай ойлауИндуктивті ойлауАбстракт логикалық ойлауАлгоритмдік ойлауДедуктивті ойлауНақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс - әрекетінде байқалады.Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой - пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл - ой күштері деп атайды. Ақыл - ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.Ақыл - ой күштері↓Ақыл - ой тәрбиесінің міндеттеріОйлау іс әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау → Негізгі ойлау операцияларын меңгертуЗиялылық біліктерді қалыптастыру → Дүниетанымды қалыптастыруБілім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен рөл ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс - әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс - әрекетке дағдылану қажет.