Ақыл - ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.Синтез — заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне - бірі қарама - қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір - бірімен үздіксіз байланыста болады.Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.Жіктеу араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажырату.Ақыл - ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту. Ақыл - ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орындататын танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді. Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл - ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі «дамыта оқыту» тұжырымдамасынан орын алады.Ақыл - ой еңбегінде оқушылардың мәдениеті оқулықтармен, ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде байқалады. Сондықтан оқушыларды жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, текстің түсініксіз жерлерін бөлу, жұмысты жоспарлау, коспектілеу, қысқаша желісін дайындау т. б.Оқушының өзіндік жұмысы, одан білімнің әр түрлі саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерді талап етеді. Мысалы: жұмыс барысында жинақты болу; қиыншылықтарды жеңу; ақыл - ой қабілетін дамыту; естің әр түрлі формаларын пайдалану – логикалық, моторлы және көз қапері; бақылау, жазыпалу т. б. Бұл қасиеттер тұлғаның өзін - өзі ұстай білуіне жан - жақты сауаттылығына байланысты.27. Тәрбие әдістері туралы ұғым, топтастыру(жіктелуі).Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері,қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру, іс – әрекетті ұйымдастыру әдістері,тәрбиедегі ынталандыру әдістері,өзін –өзі байқау және бақылау әдістері.Тәрбие әдісі дегеніміз – оқушылардың тұлғалық қасиеттерінқалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара
байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас жәнедербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбиемақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге,адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуғакөмектеседі.Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбиемақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кездеәдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік,ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру,мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпалету әдістері.Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар,түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақмерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-біржағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастырудаұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақмерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басыныңүлгісі.Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар.Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбиеәдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептердеқолданылады.Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау,ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыруәдістері.Тәрбие тәсілдері дегеніміз – әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.2. Ақпараттық – ағартушылық.3. Бағдарлау – іс-қызмет.4. Қатынас.5. Бағалау.Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарынұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершіліккөзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға,ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға,
іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігінанықтатуға үйретеді.Бағдарлау – іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмететіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды,халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады.Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласындаадамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) – балалар менересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардыңқоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіпережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, онытөменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдарарасында жетілдіреді.Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға,негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершіліксапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілікжақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға берудіқалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибеменбайланыстырып, оған жаңа қасиет береді.Тәрбие құралдары дегеніміз – оқушының адамдық қасиеттерінқалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбиеқұралдары:• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);• бұқаралық ақпарат құралдары;• педагогикалық ықпал жасау құралдары.2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістеріЖеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірінайту, баға беру, сендіру):• этикалық әңгіме;• әңгімелесу;• пікірталас;• лекциялар;• өнеге;• көндіру (суггестия).Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі – сендіру әдісі арқылытәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқаадамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланыңкөзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалімтілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушығаөтімді болады.• Этикалық әңгіме – этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушығаталдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен
санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысынақойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгіменібастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменіңжақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруінекөмектесу;• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;• қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқаншашыдамдылық көрсетуі;• әңгімені лекцияға айналдырмау;• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікіршығару;• жас ерекшеліктеріне сай болуы;• тартымдылығы, қызықтылығы;• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның кателігін өзінеәдепті түрде түсіндіреді.Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелісипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.• Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімінарттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарыменкүресуге үйретеді.Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талапетеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарынтұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып,оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.• Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамдықұрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу,дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтанбасқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірінсұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығыүшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.• Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлікейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгілебастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлықадамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас
ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.• Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былайдейді: «Ақымақ – жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді».Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: «Бәріміздіңойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,», – дейді.Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: «Судыстақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды», – дейді.Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: «Сен газетті үйіңеұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді» – дейді.Диалог әдісін қолданатын мұғалім: «Мен осылай ойлаймын, сендер қалайойлайсыңдар», – деп сөйлеседі.Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзіұйымдастырады.Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: «Мынапортреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу».«Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра», – деп,мұғалім балаға нұсқау береді. Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқашақабылдайды.Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары мектепжасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардыңбірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандыңтан аулақ болуғаүйренеді.Көзін жеткізу – тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзегеасатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымныңталабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы – жалпы қоғамдың пікірдіңкөрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін,қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары – ұжыммүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде жәнедөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңаміндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыруҚоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетінұйымдастыру. Іс-әрекет – адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуыныңнегізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігіненжетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынасерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар: