Материал: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Қиянат жасамау рухани деңгей,Ақиқат интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция).Сүйіспеншілік адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл ой, сөз).Тыныштық эмоциялық деңгей (сезім).Дұрыс әрекет физикалық деңгей.Мінез адамның басты байлығы.Интуиция жеке «меннің» аясынан тыс Жоғарғы санадан туындайды (интуиция ретінде көрінетін Ақиқат)Жоғарғы «Мен» бүкіл сананы қамтып өтеді.Сезім тәнді басқарады.Ақыл сезімді басқарады.Таза парасат (ажырату күші) ақылдан жоғары тұрады.Егер парасатты (интеллект) дұрыс қолдана білсек, мазасыздықтан, үрейден, агрессиядан арылуға болады. Парасаттын дауысын есту үшін өз ойымызды тыныштық күйіне түсіруіміз керек.Дұрыс әрекет әрекеттегі Сүйіспеншілік.Жан тыныштығы бар жерде, ішкі тартыстар болмаған жерде Сүйіспеншілік гүлденеді.Дұрыс әрекет іс әрекеттегі Сүйіспеншілік.Тыныштық сезімдегі Сүйіспеншілік.Ақиқат ойдағы, сөздегі, Сүйіспеншілік.Қиянат жасамау түсінісудегі Сүйіспеншілік.Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар:Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді.Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелдә жіне бір біріне етене еніп, адам руанияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.... адамгершілік сияқты құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.Ішкі үйлесімділікке кол жеткізу үшін адам ойы, сөзі. Ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс.Қиянат жасамау рухани аспект.Ақиқат интеллектуалды аспект.Сүйіспеншілік адамгершілік аспектТыныштық эмоциялық аспектДұрыс әрекет физикалық аспект.Ақиқат өзін өзі тану мақсаты. Ақиқатты тануға ұмтылатын адамды өзіне мынандай сұрақтар қоюға итермелейді.Мен кіммін?Менің өмірдегі мақсатым не?Қазіргі сәттен қалайша толық өмір сүре аламын?
ӨЗімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?Бұл адам құтыла алмайтын адамгершілік аксиома. Тірі ағзаның дәні, оның өлмес Рухы басқа қоректі талап етеді, және де оны таба алмастан ашығып қажиді... К.Д.УшинскийДұрыс әрекет - Ақиқат жолын ұстау болып табылады.Кейде сен өзіңнің бір нәрсеге байланып қалғанынды оны жоғалтқанға дейін білмейсің түсінген сәтте бұл теңдестіру толық болудан қалады. «Мен байланудың бар екенін түсіне білетін, саналы түрде түсінемін». Бұл сана трансформациясының басталды. ........ Адам өз тағдырының иесі «Гүліне қарама, түбіне қара» дейді халықымыз.Жас кезімде әрдайым ізденіс үстінде жүретінмін. Бәрі ниетке байланысты екен. Бір нәрсенің соңына адал жүрек, ақ ниетпен түссең соның жемісін көресін. Т.ӘубәкіровБілім беру үдерісінің Дұрыс әрекет етуге үйрету мақсаттары.- Әр адамның бойында бар Ар ұждан дауысына жырату және ести білу қабілеттерін ояту;- Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүұеге асыратын ойларын, сөздерін және ісамалдарын бекіту.Дұрыс әрекетке тән қасиеттер: әдет, қанағат, ынтымақтастық, тәртіп.Ақиқаттан туындағанның барлығы - Дұрыс әрекет.Адам ақиқатты танып сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісі гүлі шешек атады.Қиянат жасамау түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік. Түсіну барлық тіршілікті қиянат жасамауға алып келудің тұтастығы. Қиянат жасамау Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және Жан тыныштығының іс жүзіндегі тәтті жемісі.

  1. Адамгершілік қарым-қатынастың тәлімдік маңызы.


Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. 
Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Жүрекке адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.Адамгершілік -сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қалыптасады.Адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал -мәтелдерден байқауға болады.Адамгершілік болмай,Әділдік болмас.Адамның ұяты бетінде .Қорыта айтқанда адамгершілік қасиет қарым – қатынаста алатын орны ерекше .

  1. Өзін-өзі танудың мақсаты – Ақиқат. Дұрыс әрекет – адам өмірінің негізі Тыныштық – шынайы бақыт.
Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. [5]Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит“табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді.Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді.Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді.Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Йасауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат — жабарут, тарихат — малакут, мағрифат — лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.
Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психологиялық ахуалы деп талқылайды.Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.[6]Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар:Біріншісі – біздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз.Екіншісі – басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс. Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті, көңіл қойып, сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да, өздерін де сендіруге тырысады .Бұлардың екеуі де – нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани нұрдың төңірегінде құрылған болмыс.Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс.Біз қазір және әрқашанда сәулелі нұр болып табыламыз. Өзін-өзі жүзеге асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу.Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі жасайтын соқырлыққа жатады.Барлығы қарапайым ақиқатты өзінен табуы керек, өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенің түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділікпен, сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.Ақиқаттың мәні- іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Ақиқатқа жүгіну айтқан-істеген ,көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу болып табылады.
  1. 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/222903