Материал: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
3. Көрнекі құралдарды орынды қолдана білу арқылы оқушылардың музыкалық шығармаларды терең түсініп, қабылдау, талдай білу қабілеттерін дамытамыз, музыкалық бейнелерді қабылдау дағдыларын қалыптастыра отырып, музыкалық білім деңгейлерін, ойлау, түсіну сезімдерін бойларындағы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігін дамытамыз.4. Оқушылардың музыкалық шығармаларды қабылдау мүмкіндіктерін жақсарту үшін міндетті түрде көрнекілік, техникалық құралдарды кешенді түрде қолдану керек:а) көркем әдебиеттер (сазгерлер туралы оқулықтар, брошюралар, журналдар, т.б.).б) техникалық құралдар (магнитофон, күй табақтар, теле-бейне құрылғылар, т.б.)5. Оқушыларға музыкалық- эстетикалық тәрбие беру негізгі рөл атқаратын жан-жақты талапқа сай жабдықталған музыка кабинеті болуы керек.8.Музыкалық білім және тәрбие берудің мектептен және кластан тыс формаларын атаңыз?Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі – оқушылармен жүйелі түрде сыныптан тыс тәрбие жұмысын жүргізу. Бұл жұмыстарды пән мұғалімдері, ата – аналар жүргізеді. Сыныптан тыс жүгізілетін музыкалық жұмыстардың оқушылардың өз қалауымен, олардың белгілі бір өнер түріне бейімділігін ескере отырып ұйымдастырады. Осы мақсатта алуан түрлі үйірмелер, қоғамдар, студиялар құрылуда. Олардың ішіндегі музыкалық тәрбие беруде әсіресе көркемөнерпаздар үйірмелері (хор ұжымдары, ансамбльдер, би, драма, фольклаорлық оркестрлер, жеке ән айту т.б.) ерекше орын алады.Оқушылармен жаппай жүргізілетін жұмыс(лекция-концерт,мерекелік кештер,сайыстар,музыкалық театрға бару т.б),үйірме түрінде өткізілетін жұмыс түрлері.Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта оындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін лекция-концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынуға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне сондықтанда болашақ музыка мұғалімінің иниститут қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.
Лекция-концерттің құрылысы, мазмұны, өткізу формасы тыңдаушыларға олардың дайындық деңгейіне білім беретін мектептерді алатын болсақ онда ол тікелей балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болуы тиіс. Әдетте бірнеше сыныптың оқушыларын біріктіріп өткізуге болады. Әрине тақырыпқа орай тыңдаушылар жас ерекшеліктеріне қарап шақырылады: Мысалы: 1-2 сыныптар, 5-6 сыныптар, 10-11 сыныптар т.б.Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың спецификасы: үйірмелер (хор, оркестр, ансамбльдер), жаппай көпшілік (массовой) формалары, мерекелер, мәдени тынығу.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеті оқушылардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуға тиіс. Демек, жетекші оркестрде ойналатын әрбір репертуарға творчестволық тұрғыдан келіп оның идеялық эстетикалық мәнін көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін ескергені жөн.Музыка сабағының үстінде, одан тыс мезгілде үйренген әндерді, музыкаларды сабақтан тыс уақытта тақырыптық кеш, мейрам өткізу балаларды өте қызықтырып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Жылдың әрбір маусымында байланысты көктем, жаз, күз, қыс, жан – жануарлар, құстар туралы, «Бақытты балалық шақ», «Оқушылар әнін жырлаймыз», «Халқымыздың тілін», атты тақырыпта музыкалық кештер, мейрамдар өткізіп, ол кеште басқа сыныптың, мектептің оқушыларын шақыратын болса, ол жұмыстың тәрбиелі мәні зор болмақ. Мұндай музыкалық мейремдарды әр тоқсан сайын, бірнеше сыныптың оқушысы немесе оқушыларын біріктіріп өткізіп тұруға болады.Музыкалы мейрамдар мен кештерге қатысушы оқушының музыкалық қабілетін одан әрі дамытуға, әлем туралы білімін тереңдетіп, биік мәдениетке тәрбиелейді. Баланы ұйымдасқан түрде концертке, театрға, түрлі мәдени мекемелерге, музейлерге апару олардың өмірге деген көзқарастарын кеңейтіп, өнерге деген құмарлығын арттырады. Одан басқа оқушымен еңбек, әншілерді кездестіруге немесе олар туралы әңгіме, баяндамаларды әрдайым ұйымдастырып тұрудың мәні зор.Жас ұрпақтың музыкалық көтерудің бір тиімді жолы – факультативті курстардың қызметін жандандыру.Факультативтік жұмыстың негізгі мақсаты–мектеп оқушылысының бойында қайсібір оқу пәніне қалыптасқан қызығушылығын тереңдете түсу. Осыған байланысты ғылымның немесе өнердің белгілі бір саласындағы танымға саналы қажеттілік пайда болатын оқушылардың белгілі бір бөлігінде сапалы қажеттілік туады. өзінің мазмұны жағынан, факультативтік жұмыс оқушылардың балалар мен жеткіншектерге тән мүдделері бойынша үйірмелер, студиялар және тағы басқа секілді қызмет түрлерін дамытады. Көптеген жоғары сынып оқушылары факультативтердегі өзінің сабақтарын одан әрі білім алу, кәсіпке ие болу, өз қабілеттерін жетілдіру үмітімен және жоспарларымен байланыстырып жатады. Мұндай факультативтік курстарды әсіресе, қазақ ұлттық өнер саласынан, мысалы, айтыс, әншілік, шешендік, жыр – терме және тағы басқа өнерлерге ұйцымдастырған жөн.
9.Музыкалық шығармаларды қабылдауды қалыптастырудың негізгі кезеңдері мен әдістері қандай?Музыкалық шығарманы қабылдау кезеңінде шығарманы игеру процесін мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:1)мұғалімнің кіріспе сөзі; 2) алғашқы тыңдау; 3)шығарманы талдау; 4) шығарманы қайталап тыңдау.1) Кіріспе әңгіме. Бастауыш сыныпта кіріспе әңгіме өте қысқа, ең маңыздысы, баланың сезімталдығына, күйзелісіне бағытталсын. Балаларды музыка қабылдауға қызығушылығын арттырып, алдын-ала ұйымдастыра білуін талап етеді. Бұл деген композитор, ақын туралы қысқаша мағлұмат беру, шығарманың аты, кім орындайды (қандай аспап, дауыс т.с.с.), шығарманың шығу тархы, оқиға т.б. Тыңдар алдында қойылатын сұрақтарға назар аудару (Жауапты шығарманы тыңдағансын жауап береді).2Шығарманы тыңдау (қабылдау).Кіріспе әңгіме арқылы музыкалық шығарманы қабылдауға балалардың  қызығушылығын арттыру үшін сол тыңдалатын шығарманың орындалу сапасы өте әсер етеді. Орындалатын шығарманың мәнін мұғалім балаларға жеткізе алмаса, мұғалімнің шығарма туралы айтқан әңгімесі оның мазмұнына ашық болса, бала ол шығарманы қабылдайды. Сөйтіп, музыкалық тәрбие беру жұмысындағы үлкен саласының бірі - музыка тыңдау, өз деңгейіне көтеріле алмайды.Оның себебі әртүрлі: а) музыкалық шығарманы орындауға мұғалім дайын емес; ә) күйтабақ, күйтаспада жазылған шығарма сапасыз болады; б) балалардың ықыласы кіріспе әңгімені қабылдады, ал тыңдауға (қабылдауға) шамасы жетпеді; в) тыңдалатын шығарма өтілетін тақырыпқа сай келмесе, көрнекілік құралдармен жабдықталса (суреттер, табиғаттың көрінісі, композитордың портреті, арнайы кабинет емес т.б.) Музыканы тыңдап отырған кезде сөйлеуге, мұғалімге сұрақ беруге болмайды. 3) Тыңдалған шығармаға  талдау жасау (әңгіме құрастыру). Балалардың музыкалық сөздік қоры шамалы болғандықтан, әңгіме ұзаққа созылмасын, көп сөзді болмасын. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларына мұғалім жауап бере алатындай жеңіл сұрақ қою керек, балаларды қорытындылау, салыстыру тапсырмаларын орындауға көмектесу керек. Әңгіме еркі, қызықты, жанды өту керек. Бала дұрыс жауап бере алмаса жазалауға болмайды, қайта тыңдалған шығарма туралы біртұтас пікір, оның авторы, аты туралы, оның сипаты мен мәнерлік құралдары туралы әңгіме туғызу қажет. Мектеп дайындығына музыкалық талдау ерекше: ол, қарапайым талдау, талдау-әңгіме, көркем –педагогикалық талдау.
4) Қайта тыңдау (бекіту).Қабылданған музыкалық шығарма қайта тыңдауды қабыл етеді. Неге? Қабылдау процесі бірнеше  сабақта жалғасады, тіпті тоқсанда, жылдарда болсын. Ол деген, сабақтың тақырыбына байланысты, балалардың есту қабілетіне байланысты, музыкалық ой-сезімінің дамуына байланысты. Музыкалық шығарманың жаңа бейнесінің қыры, шығарманың мазмұнын, сипатын терең түсіну үшін, жеке жаңа элементтерін табу, т.б. балаларға шығарма түсінікті, жақындығы, қалауы өте айқын. Қайталағанда музыкалық шығарманың  үзіндісі, тақырыбы, бөлімі, тіпті толық тыңдалуы мүмкін. Ол сабақтың тақырыбына байланысты.10.Хормен ән айтуға және ән салуға үйретудің әдіс тәсілдері қандай?Хормен ән айту-оқушыларға музыкалық білім және тәрбие берудің ең басты бөлімдерінің бірі.Оқушылардың вокалды-хор дағдыларын қалыптастыру,Ән айтқанда денені дұрыс ұстай білу ,Дем алу, Дыбыстау немесе дыбыс шығару. Дикция. Әуен түзеу- Ансамбль.Хор ұжымын ұйымдастыру әдістері:Хордың ұйымдастыру кезеңінде міндетті түрде хордың маңызын, мақсатын түсіндіру, жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін студенттерге болашақ музыка пәнінің мұғалімдеріне хор шығармаларын күйтабақтан, грамм жазбадан тыңдату немесе үлгілі көпке танымал хор ұжымының яғни хор ұжымының концертін тыңдау, мүмкін болса балалар хорын тыңдату пайдалырақ болар еді.Хор ұйымдастыруға ең қажетті жағдай балаларға хор класының хор сабағын өткізуге ыңғайлы жарық болуы міндетті түрде музыкалық аспаптың болуы (фортепиано, баян).Хор класында хор мүшелеріне жеткілікті орындықтар, жазу столдары, тақта, хор шығармаларын тыңдатуға арналағн аспап құралдардар (резетка), музыка жаңалықтарын көрсететіндей стендттер, ән айту ережелері, композит композиторлардың суреттері қажетті құралдар салатын шкаф т.б. болуы тиіс.ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ

  1. Өзін өзі тану пәнінің мақсат-міндеттері.
Өзін- өзі тану пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «Менің» қалыптастыру.«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:Рухани адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның төмендегі түйінді құзіреттілікте үйлесімді қалыптасуына ықпал ету:

  • өзінің өмірлік позициясын анықтау;

  • әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;

  • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  • адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;

  • өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  • жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;

  • адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;

  • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеттері:

  • оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;

  • жалпы азаматтық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрнісін қалыптастыруға әсер ету;

  • білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;
«Өзін-өзі тану» пәнінің зерттеу нысаны.Субъектінің рухани тәжірибені және адам болмысының құндылықтарын тануға қатынасы.«Өзін-өзі тану» пәні адам өмірінің құндылықтың мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталған.«Өзін-өзі тану» үрдісінде адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтың бағдарларын анықтауға:

    • адамның өзін, өзгелерді, әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі;

    • Өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады.

  1. Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері.
Өзін-өзі тану пәнінің принциптері. өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/222903