Стоматологиялық ауруханаішілік инфекцияның жұғу жолдары және берілу факторлары
842
| 20.5.4.
| Стоматологиялық жәрдем көрсетілген кезде іріңдеу – септикалық инфекция жұқтыру қауіпін тудыратын факторлар
| 844
|
20.5.5.
| Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуы
| 844
|
20.6.
| Клиникалық материалды микробиологиялық зерттеу
| 846
|
20.6.1.
| Ауыз қуысынан материалды зерттеуге алу, сақтау және зертханаға жеткізу
| 846
|
20.7.
| Стоматологияда микробтарға қарсы қолданылатын заттар мен факторлар
| 847
|
20.7.1.
| Дезинфекция және стерилизация
| 858
|
20.7.2.
| Антисептиктер
| 860
|
20.8.
| Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы
| 862
|
20.9.
| Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану
| 866
|
20.9.1.
| Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану
| 871
|
| Микробиология бойынша тесттер
| 874
|
| Қосымшалар (сызбанұсқалар, суреттер)
| 892
|
| Кейбір аурулардың қазақша атауларының орысша баламасы
| 922
|
| Қолданылған әдебиеттер
| 924
|
Микроәлемімен сиқырланғанмын,
Микроәлемімен қоршалғанмын.
Микротүрлерімен тамсанғанмын,
Микроәсерімен таңқалғанмын.
Котова А.Л.Алғы сөзМикробиология жер шарындағы тірі табиғатты жан-жақты зерттеуді қамтамассыз ететін ғылымдардың бірегейі. Адам өмірін ұзарту, әр түрлі аурулармен күресу, дүние жүзінде тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін қазіргі заманда алдынғы қатарлы технологиялар (гендік инженерия, биотехнология, нанотехнология, гендік әдіспен диогноз қою т.б.) қолданылып жатқан кезде микробиология ғылымы алдынғы шептен көрініп отыр.
Әрине, осындай жағдайда медициналық ЖОО-да микробиологияны зерделеу ерекше орын алады. Студенттерге бұл ғылымды оқытудың мақсаты айқын нақтылы-микроәлем нысандарын терең білу негізінде адамдардың денсаулығын жақсартуға әсерін тигізетін тиімді медициналық-биологиялық-генетикалық жаңа технологияларды жасау және пайдалану мүмкіндігінің іргесін қалау.
ХХ ғасырдың соңы ХХI ғасырдың басталуы жер бетінің (яғни барлық нысандардың) техногендік экологиялық қыспағына ұшыраумен ғана емес, ғаламдық шеңберде тұрғындардардың және басқа биологиялық нысандардың көшіп-қонуымен (миграциясымен)сипатталады. Осындай жағдайдың нәтижесінде жұқпалы аурулар қоздырғыштарының жаңа аймақтарға «жылжып баруына» және «қоныстануына» әкеліп соғады. Сондықтан микробиологиялық диагноз қою, эпидемилогиялық қадағалау, арнайы емдеу мен алдын-алу шараларын және инфектологиялық қызметтің басқа да жақтарын жүргізу кез-келген елде әрбір дәрігер білуі керек.
«Медициналық микробиология» оқулығын жазу кезінде мынадай міндеттер қойылды:
-
оқулық дәстүрлі оқу әдебиеттері типтес жасалуы қажет;
-
оқулықтың әрбір тарауларында бұрын белгілі мәліметтермен қатар қазіргі заманғы жаңалықтар енгізілуі керек;
-
мәтіні тақырыбына сәйкес сауатты түсінікті тілде жазылуы керек;
-
оқулық мемлекеттік тілде жазылғандықтан медициналық терминдердің жалпы қабылданған баламалары қолданылуы керек;
-
көрнекі материалдар (меншікті және басқалардан алынған) сапалы орындалған және тараулар тақырыбына сәйкес болуы қажет.
Бұл оқулықты дайындаудан бұрын өте ауқымды жұмыстар атқарылды – орыс, ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі жарық көрген «Медициналық микробиология» оқулықтарын, әдебиеттерді мұқият зерделеу жүргізілді («әдебиеттер тізімін» қараңыз). Мұндай жұмыс жаңа мәліметтермен танысумен қатар оқулықтың мазмұнын, құрылымын, тарау көлемдерін, оларды баяндаудың принципі мен реттілігін нақтылауға мүмкіндік берді.