Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады,» - деп, отбасылық құндылықтарды нығайтуға ерекше көңіл аударып келеді.
Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында көптеген шаралар атқарылды. Бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясаттың нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес.
Бұл мақсаттарға тек 2019 жылғы республикалық бюджеттен 193,7 млрд. теңге қаржы қарастырылған және ол жыл сайын кемінде 15 пайызға артып келе жатыр.
Көп балалы отбасыларын насихаттау, оларға қолдау көрсету Қызылорда облысында ерекше қолға алынған. Бала туу көрсеткіші бойынша, Сыр өңірі республикада 4-орында тұр. Облыстағы 44 мыңнан астам көпбалалы ананың 27 мыңдайы - Батыр Ана.
«Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» алтын құрсақты аналарымыздың 14 мыңға жуығы - «Алтын алқа»,13 мыңдайы «Күміс алқа» иегері.
Осындай отбасыларын таныту, отбасы құндылығын насихаттау – жастарға үлгі, өнеге берудің үздік үлгісі. 2014 жылдан бері дәстүрлі ұйымдастырылып жүрген «Мерейлі отбасы» байқауы да осы мақсатты көздейді.
Отбасы құндылығын дәріптеудің ұлттың демографиялық өсіміне де оң әсері бар.
(252
сөз)
9
9-сынып емтихан тапсырмалары
Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді
Қазақ тілі
Парламент Сенатының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевпен сұхбат.
-Қазіргітаңдаотбасықұндылықтарыныңтөмендепбаражатқандығыжиіайтылады.Сіздіңойыңызша, олнеденбайқалады?- Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны – ащы да болса, ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген біздің балаларымыздың кіндігін кім кеспей жүр, бұрын жерге ғана көмілетін сол кіндік қайда қалмай жатыр?! Басқасын айтпағанда, ұлдарымыздың сүндет тойын, мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде ысырапшылдықпен өткізуіміз қай атадан қалған дәстүрімізде бар еді?!
Өкініштісі, той өткізу бәсекеге айналып, құдалық даңғазалыққа ұласып бара жатыр. Сол қыруар шығынның үйленген жастардың бақытына емес, бақталастығына айналып, ақыры жақсылыққа апармай жатқандығын да көріп жүрміз. Бұған дәлел ретінде неке құрған жас отбасылардың арасындағы кикілжіңнің осы қаржы мәселесінен туындайтыны анықталып отыр.
Статистикалық көрсеткіш бойынша, Қазақстанда неке құрған әр үш отбасының біреуінің шаңырағы шайқалады екен. Бұл проблема қалалық жерлерде 40 пайызды құраса, ауылдық жерлердегі деңгейі 27 пайызға жеткен. Мұндай келеңсіздіктің40 пайызы алғашқы бес жылда орын алатындығы да ойландырады. Соңғы бес жылда еліміздегі мұндай фактілердің саны көбейген.
-Қазіргітаңдағықызбалалардыңтәрбиесінекөзқарасыңыз? -
Отбасы құндылығы дегенде, алдымен, қыз бала тәрбиесі ойға оралады. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Баланың тағдыры анасына тікелей байланысты. Соңғы кезде тастанды бала мәселесі аз қозғалып жүрген жоқ. Олай дейтініміз, статистикаға сүйенсек, бүгінде балалар үйіндегі 436-сы тастанды балалар екен. Бұл – қыз балалармен қатар, қазақ жігіттерінің де азаматтық борышы мен әкелік жауапкершіліктен бас тартуларын көрсетеді.
Бұл - адам тауқыметі ғана емес, нағыз қоғам тауқыметі.
(237 сөз)
Тапсырма:
Берілген тапсырмалардың ішінен
біреуін таңдап, жауабын жазыңыз. Барлық тапсырмаларбірдей деңгейде.
Эссе үшін тапсырма:
Екімәтіндегіақпаратпенөзпікіріңіздіпайдаланып,
«Отбасықұндылығыннасихаттаудыңұлтболашағынаәсерібарма?»дегентақырыптаэссежазыңыз.Эсседегісөзкөлемі 200-250 сөзболуықажет.
Мақала үшін тапсырма:
ҚР Тұңғыш ПрезидентініңЖарлығымен жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатындақыркүйек айының екінші жексенбісінде «Отбасы күні» ресми мереке ретіндетойланады.Осы мерекеге орай, сізге мектепішілік газетке мақала жазу тапсырылды. Екі мәтіндегіақпаратпенөзпікіріңіздіпайдаланып,
«Ұрпақтәрбиесі–отбасықұндылығынсақтаудың негізі» тақырыбында мақала мәтінін жазыңыз. Сөз көлемі 200-250 сөз болуықажет.
Әңгіме үшін тапсырма:
Аталған мәселені негізге алып,
«Менің отбасым – менің мақтанышым» тақырыбындаәңгімежазыңыз. Сөзкөлемі 200-250сөзболуықажет.10
9-сыныпемтихантапсырмаларыҚазақ тілі Инновациялық мектептерге. ІІІ нұсқа Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
ЕлімізгебелгіліпсихологҚаракөзМомбаеваменсұхбат.-Түлектердіңмамандықтаңдауытуралынеайтаредіңіз? -
Қазіргі таңда жоғары сынып оқушыларының басым бөлігі мамандық таңдауда қиналады. Себебі еңбек нарығына қажетті мамандық туралы ақпаратты нақты білмейді. Өкінішке қарай, жастардың көбінде жоғары білім бар. Бірақ мүлдем басқа салада жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл – мамандық таңдаудағы қателік.
-
Дұрыс таңдалмаған мамандықтың адам болашағына әсері бар ма?