16.Жырда тоқсан үйлі тобырын( қара халқын) аң аулап асыраған батыр - Қамбар батыр17. Қамбар батырдың тойға келмей қалуы арқылы жыраудың аңғартқысы келген ойын табыңыз – Қамбардың қатардағы қарапайым кісі еместігін аңғартады.18. Қамбар батырдың ғашығы, әрі сүйген жары – Назым19. Қыз Назым шықты бұраңдап,Он сегіз толған жасына,Камшат бөрік келісіп,Бриллиант қойды басына, - деген үзінді қай жырдан алынған? «Қамбар батыр» жыры20. Тарлан ат- қандай эпостық кейіпкерлердікі ( Ер Тарғын, Көбікті)21. А.Байтұрсынов бастырған эпостық жыр- «Ер Сайын»22.Эпостық жанр (Тарихи жыр)Лиро –эпостық(ғашықтық)жырларҒашықтық жырлардың батырлық эпостан айырмашылығы:1.Батырлық эпоста батырдың халық мүддесі жолындағы күресі негізгі тақырып болса,ғашықтық дастандардың негізгі тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы,қасірет-зары,махаббаты.2. Батырлық дастандарда шешуші рөл атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар,тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады.2.Батырлар жырында образдар шындықтан шалғай,шартты түрде алынса,ғашықтық жырларда образдар реалистік түрде сипатталады.
Ғашықтық жырлардың батырлар жырынан үш айырмашылығын атап көрсеткен қаламгер (М.Әуезов)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жыры-қазақ лиро-эпостарының ішіндегі ең көнесі,оның 15 шақты нұсқасы бар.Алғашқы башқұрт тіліндегі нұсқасын 1812 жылы Т.Беляев жазып алып,Қазанда жариялаған.Ең танымалы- Жанақ ақын жырлаған нұсқа.Ш.Уалиханов жырды Атығай Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған.1833 жылы А.С.Пушкин де әңгімесін жазып алған.В.В.Радлов неміс тіліне аударып бастырған.Абай Құнанбаев 1884 жылы Жанақ ақыннан жырдың бір нұсқасын жазып алып, Г.Н.Потанинге сыйға тартқан. Радлов,Бейсенбай,Шөже нұсқаларында Қозы өлмей,аман қалады.Г.Н.Потанин: «Бұл жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма,»-деп бағалаған.Қозы Көрпештің әкесі-Сарыбай (75 жаста),сүйген жары –Баян.Қарабай-бай (83 жаста),Баянның әкесі; Ай мен Таңсық-Қарабайдың қыздары,Баянның әпкелері;Тайлақ-Сарыбайдың құрдасы,Сарыбайдың өлімін түсынде көріп,әйеліне жеткізеді;Айбас
-Тайлақтың кенже інісі;Сасан би-Қарабай көшіп барған елдің биі;Көсемсары-сері;Қодар-қара күш иесі,батыр;Танаш-Қарабайға құда болып барған кісі. Қарабайдың мінген аты-Аққайың.Жырдың негізінде Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»(1939ж.) трагедиясын жазды.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-адал достықты жырлайтын дастан.Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады.Ұнамды мінездер,ұнамды кейіпкер арқылы жоғары бағаланады».(М.Әуезов)«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-махаббат тақырыбына арналған дүние жүзіндегі ауыз әдебиетінің (фолкьклор) төрінен орын алады» (С.Мұқанов)
Лиро-эпостық кейіпкерлерінің ішінде тоқсан сері жігіт қай қыз үшін елінен безеді: (Баян сұлу)
.....ғашық болып тоқсан бағылан,
Бәрі де іздеп шықты жапан түзге.Бәрі де ғашықтықпен жапан кезген,Баршасы ғашық болып елден безген.Үзіндідегі көп нүктенің орнына лайықты кейіпкер: (Баян сұлу)
Баянның әкесі: (Қарабай)
Қызынан малын артық көретін әке: (Қарабай)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Қарабайдың жылқысының санын табыңыз:( 90 мың)
Баянды Қозыдан алып қашқан Қарабай Қодарға қай жерде кездеседі: (Бетпақта)
Бетпақтан алып өткен Қодарға Қарабай қандай уәде берген: (Баянды бермек болады)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы алты құлаш ала бедеу кімнің астына мінген аты екенін табыңыз: (Қодардың)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының басты кейіпкерлері кімдердің қастандығы мен қиянатынан азап шегетіні: (Қарабай,Қодар)
Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығы: (У береді)
«Қара көзін қан басып қарағанда,
Маңына жоламайды,Қодар үркіп,»-деген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан алынған жолдарда кім туралы сөз болып отыр: (Қозы Көрпеш)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанындағы Сарыбай маралды не себептен өлтіргені: (Қарабай өтінішіне орай)
Қарабай жарып жібергенде маралдың ішінен не шығады: (Егіз қодық)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қарабайдың үйіне құдалық туралы сөйлесуге он бір кісі қосып,кімді жібереді: (Танаш)
«Балталы,Бағаналы,ел аман бол,
Бақалы,балдырғанды көл,аман бол,»- деген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Ай мен Таңсықтың сөздері салт жырларының ішіндегі қоштасуға жатады.
«Балталы,Бағаналы,ел аман бол,
Бақалы,балдырғанды көл,аман бол,»- деген қоштасу өлең алынған жыр:
(«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» )
«Балталы,Бағаналы,ел аман бол,»-деп,туған жерімен қимай қоштасатын лиро-эпос жырындағы қыздардың аты: (Ай,Таңсық)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қоштасу жырын айтқан кейіпкерлер:(Ай мен Таңсық)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қандай тұрмыс-салт жырлары қолданылған: (Қоштасу,жар-жар,естірту,жоқтау)
«....Аққу ұшып көлге кетті,
Ақсұңқар ұшып шөлге кетті,Олар адасып кеткен жоқ,Әркім баратын жерге кетті.» Жыршының жұмбағының шешуі:(Сарыбайдың өлгенін естіртіп отыр)
Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін естірткен: (Тазша)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры қандай өлең түрімен жырланған: (11 буынды қара өлең түрімен)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-адал достықты жырлайтын дастан. Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады. Ұнамды мінездер,ұнамды кейпкерлер арқылы жоғары бағаланады,»-деген пікірдің иесі: (М.Әуезов)
«Қодар-Қарабайдың қара шоқпары,қараңғы күші есебіндегі сұмырай серігі,»- деген пікірдің иесі. (М.Әуезов)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының тілі-нағыз халық тілі,»-деген пікірдің авторы: (М.Әуезов)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастаны-қазақ әдебиетінің зор мұрасының бірі,»-деген пікірдің авторы: (М.Әуезов)
***Ай,Таңсық,Айбас,Тайлақ деген кейіпкерлер кездесетін жыр: (* «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»)
«Айман-Шолпан» жыры«Айман-Шолпан» жырын ең алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайқыисламұлы. Поэманың тууына негіз болған – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғалар. Эпостық элементтермен қатар тарихи поэмаларға тән элементтер де анағұрлым басым.