| Мақсаты | Сипаттамасы |
| Шолу мақсаты айқын | Зерттеу міндеттері бар, объектлер сипаттамасы мен зерттеу әдісі бар хаттамалар |
| Шолуға релевантты зерттеулер кірмеуінен аулақ болу | Библиографиялық мәлімет базасын, түйінді сөздер, қолмен іздеу, елі мен тіл жағынан шектелмеген, жарияланбаған зерттеу мәліметтерін қосу мүмкіндігі қолдана отырып кең ауқымды, жоғары сезімтал және іс- қағаздары жүргізілген зерттеу стратегиялары қолдану |
| Кездейсоқ таңдау/ шығару зерттеулерінен аулақ болу | Толық және верифицирленген таңдау және шығару критерийлері, зерттеу қорытындыларын бағалау үшін құрастырылған |
| Зерттеу мәліметтерінің түйіні | Мәліметтерді алу үшін оның толықтығын тексеретін кестерді қолдану |
| Зерттеу қорытындыларының валидтілігін бағалау | Дизайнды бағалау, қателер мөлшерін, қиыс кетулер мен мүмкіндіктерді бағалау арқылы зерттеу қорытындыларының валидтілігін бағалаудың сапа критерийлерін құрастырып қолдану |
| Ассоциациялар мөлшерін және зерттеу мәлімет көздерінің әр түрлігінің көлемін бағалау | Мына факторды бағалау үшін пациент жағдайы, дозасы, кірісу ұзақтығы мен тегі туралы зерттеу қорытындыларын сәйкесінше әр түрлі сандық моделдер қолдана алуы жайлы негіздер шолуы. Мүмкіндігі бар жерде зерттеулерді біріктіреді жалпы ортақ эффект алу үшін. |
| Шолу қорытындыларының сапасын бағалау | Шолудағы таңдаулар мен ұсыныстардың қортындыларының сезімталдығын анықтау, ол енгізу және валидтілік критерийлері, олар мәліметтерді ортақтастыруда алынған зерттеу әдісіне әсер етеді |
| Сынмен бағалау және шолуды қайталау | Шолуды құрайтын түйінді аспектілер, әдістер, талдаулар мен қорытындылар жайлы есеп. Оған хаттама резюмесі, іздеу стратегиясы, әрбір зерттеудің негізгі элементтерінің кестесі кіреді. Есеп графикалық суреттермен толықтырылуы мүмкін |
| Шолуларды денсаулық сақтауды ұйымдастыру-шылар, тәжірибелік дәрігерлер, зерттеушілер қажетіне қолдануын бағалауды үйрету | Алғашқы зерттеулер мен шолулардағы әдістемелік шектеулерді талқылау. Зерттеу қорытындыларын қолдану туралы нұсқаулар құрастыру арқылы зерттеулерден алынған дәлелдерді қолдануды қамтамасыз ету. |
| Сипаттамасы | Әдебиет шолулары | Жүйелік шолулар |
| Қамтылатын сұрақтар | Жиі кең көлемді сұрақтар қарастырылады | Жиі белгілі бір клиникалық сұрақты ғана қамтиды |
| Мәлімет көзі және іздестіру стратегиясы | Мәлімет көзі көрсетілмеген, іздестіру стратегиясы қате болуы мүмкін | Мәлімет көзі жалпы барлығын қамтиды және іздестіру стратегиясы толық көрсетілген |
| Мәліметтерді таңдау принципі | Көрсетілмеген , кейде қате болуы мүмкін | Таңдау белгілі бір критерийлерге негізделген бірегей шолуларда қолданылған |
| Мәліметтерді бағалау әдісі | Әр түрлі | Қатал, сынмен бағалау әдісі |
| Мәліметтерді жалпыландыру | Жиі сапалық | Сандық (метаанализ) |
| Қорытынды | Кейде ғылыми негізделген | Үнемі ғылыми негізделген |