Материал: Фармакология

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

белок ыдырауын жылдамдатып, (катаболикалық әсер) және несеппен азоттың шығарылуын күшейтеді;

- май: бетте және тұлғаның жоғарғы жартысында майлардың жиналуы, иммундық жасушалар мен жаңа ұлпалардың қалпына келуін төмендуі.

- тұз-су: минералокортикоидтарға ұқсас;

- кальций алмасу; ішекте Cl2+ иондарының сіңірілуін төмендетіп, бүйрек эксекрециясын күшейтіп, сүйектердің деминерализациясын және остеопороз тудырады.

Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және антитоксикалық әсері бар. Ревматизмде, ревматоидты артритте, радикулитте, коллагенозда, бронх демікпесінде, жіті панкреатитте, жіті лейкозда, экземада, геморройда, Адиссон ауруында, миастенияда, аллергиялық нейродермитте және басқа да тері ауруларында кеңінен қолданылады. Глюкокортикоидтарды шокты емдеу (жарақаттан кейінгі, операциялық, кардиогенді және т.б.) және алдын алу үшін белгілейді. Мүшелер мен ұлпалардың трансплатациясында (ауыстырып қондыру) және де әртүрлі аутоиммундық ауруларда қолданылады. Жанама әсері: кортикоидтарға тәуелділік, семіздік, гипокалиемия,остеопопроз және сүйектің патологиялық сынықта, жүйке және психикалық бұзылыстар (ұйқысыздық, эйфория және т.б.), иммунитеттің төмендеуі, инфекцияларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, стероидты пепсиндік жара (ішек және өңеш жарасы) және т.б. байқалуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, қан айналымының жеткіліксіздігінде, жіті эндокардитте, психозда, асқазан мен ұлтабардың жараларында, нефритте, остеопорозда, операциядан кейінгі кезеңде, туберкулездің белсенді түрінде, қант диабетінде, жүктілікте және Иценко-Кушинга ауруында қолдануға болмайды.

Hydrocortisoni acetas – гидрокортизон ацетаты (Б): 2,5% 2 мл суспензия амп. шығарылып, 0,2-0,3-1 мл – ден аптасына 1 рет буын қуысына; 1-2 мл тәулігіне 1-2 рет б/е; 0,5% көз жағылма; 1% дерматологиялық жағылма. Гидрокортизон және кортизон табиғи глюкокортикоидтарға жатады, ал қалғандары синтетикалық препараттар.

Prednisolonum – преднизолон (Б): 0.001 және 0.005 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет; 0,5% жағылма; 3% 1мл еріт. амп. -1-3 мл бояу, ал 250 мл 0,9% NaCl еріт.тамшылатып к/т енгізіледі.

Dexamanethasonum – дексаметазон (дексазон) (Б): 0,0005 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақ үстінде немесе тамақтан соң; 0,1% 10 мл флакондағы суспензия, көз және құлақ тамшылары түрінде тағайындалады.

Triamcinolonum – триамцинолон (полькортолон, кеналог)

(Б): 0,004 таб. шығарылып, ½ - 1таб. тәулігіне 1-4 рет белгіленеді.

Синафлан (флуоцинолон ацетониді) және флуметазон пивалаты – жоғары қабынуға қарсы және қышымаға қарсы әсері бар, жергілікті қолданғанда нашар сіңірілетінпреднизолонның дифтортындысы. Бұлар тек жергілікті жағылма және крем түрінде микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындалады.

Жағылмалары: «Флуцинар», «Синалар», «Синалар-Н», «Лоринден», «Лоринден С», «Лекакортен», «Лекакортен-Н», «Дермозолон», «Целестодерм», «Гиоксизон», «Элоком», «Фторокорт», «Полькортолон», және т.б. аэрозолдар: «Полькортолон ТС», «Оксикорт» - сыртқа қолдануға арналған; Аэрозолдар: «Бекломет»(Кленил), «Пульмикорт»(Бенакорт), «Ингакорт»(Флунизолид), «Серетид» - ингаляция үшін; суппозиторий түрінде «Ультропрокт».


  1. Иммундық жүйеге әсер ететін дәрілер
(иммуномодуляторлар)Иммунитет кейбір ауру қоздырғыштарына қарсы тұратын ағзаның қорғаныш қасиеті. Микроорганизмдерді және олардың токсиндерин, вирустарын, табиғаты антиген заттары немесе мүше қондырымында ағзаның антигенге иммундық жауап реакциясы пайда болады.Иммунитеттің 2 түрі бар: гуморальды (қанда БАЗ болады) және жасушалық (жоғарғы сезімталдықты төмендетеді). Ағзада кез келген антигенге ек түрі де пайда болады. Олардың пайда болуы лимфоциттердің түріне байланысты. Лимфоциттерді Т-лимфоциттер (тимусқа тәуелді) және В-лимфоциттер (тимусқа тәуелсіз) де ажыратылады. Т-лимфоциттер жасушалық, ал В-лимфоциттер гуморальды иммунитетті қамтамасыз етді. Гуморальды және жасушалық иммунитеттердің дамуында лимфоциттердің құрамы көбейеді.Ағзаның иммундық күші төмендеуінде, яғни иммунитет төменде жағдайында иммуностимляторлар белгіленеді. Аллергиялық ауруларды емдеу үшін, мүшелер мен ұлпаларды бөгде ағзаға ауыстырып қондыруда, иммунитетті төмендететін, яғни иммунодепрессанттар белгіленеді.а) Иммуностимуляторлар (иммуноқуаттандырғыш дәрілер)Бұл топ препараттары жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, имнотопшалық жағдайда қолданылады.1. Жануарлардан алынған иммуностимляторлар.а) Тимус препараттары: Тималин, тактивин (Т-активин), тимоптин, вилозен–Т-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, жасушалық иммунитетті фагоцитозды, регенерация прцестерін күшейтеді. Ірі қара малдардың айырша безінен алынған сығынды препараттар. Созылмалы іріңді және қабыну процестерінде, созылмалы сепсисте, ұзақ уақыт созылатын микробтық, вирустық және саңырауқұлақ ауруларында, күйікте, ойық жараларында, онкологиялық ауруларының сәулелі химиотерапиясында, жарақаттан кейін және операциядан кейінгі жұқпалы асқынуларды алдын алуда
қолданылады. Тималин (Тhymalinum): 0,01 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл 0,9% NaCl еріт. ерітіп, б/е; ал тактивин мен тимоптин т/а енгізіледі. Вилозен жоғары тыныс жолдарының аллергиялық ауруларында (полиноз, ринит,синусит), жергілікті мұрынға тамшы немесе интраназальды ингаляция түрінде енгізіледі. Кей жағдайда тимус препараттары аллергиялық реакциялар тудырады.б) Жілік майының препараттары: миелопид (В-активин) В-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, гуморальды иммунитетті күшейтеді. Хирургиялық операциялардан, жарақаттардан, остеомиелиттен және басқа да патологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың асқынуларын алдын алу үшін қолданылады.2. Бактериялардан алынған иммуностимуляторларРибомунил және бронхо-мунал – жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, интерферонның синтезін арттыратын, спецификалық емес иммуностимяторлар болып табылады. Құлақ, тамақ, мұрын және бронх-өкпе аппаратының созылмалы ауруларында және олардың қайталауын алдын алу үшін қолданылады. Рибомунил– 3 таб. таңертең аш қарынға, бронхо-мунал 1 капс. таңертең аш қарынға белгіленеді. Бұл препараттар микробқа қарсы терапияның тиімділігін күшейтеді.Продигиозан және пирогенал – эндогенді интерферон өнімін қуаттандырып, ағзаның гиперэргиялық реакциясын тудыратын бактериялардан алынған липополисахаридті кешен. Жұқпалы ауруларды кешенді емдеуде қолданады. Қабыну экссудаттарын, патологиялық тыртықтарды, жаралардың жазылуына жағдай жасайды. Препараттар дене қызуы көтерілуін, қалтырау, бас ауыру және буын ауруларын шақырады. Мөлшерін жеке таңдауды қажет етеді.Натрий нуклеинаты – лейкопоэз және Т- және В-лимфоциттердің әсерлесуін қуаттандырып, фагоцитоз бен регенерация процесінің белсенділігін күшейтетін, ашытқы гидролизінен алынады. Лейкопения, агранлоцитоз, созылмалы қабыну ауруларының кешенді емдеуінде қолданылады.Имудон – кептірілген бактериялар мен саңырауқұлақтардың лиофизирленген қоспасы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы қабыну ауруларында (афтозды стоматит, парадонтоз, гингивит, альвеолярлы пиорея және т.б.) ауыз қуысына салып соратын таблетка түрінде қолданылады. Фагоцитозды белсендіреді, иммунокомпетентті жасушалар санын арттыруға ықпал етеді, сілекейде лизоцимнің және интерферонның секреторлық А иммуноглобулиннің өндірілуін артырады.ИРС-19 – лизоцим мен А типті иммуноглобулиннің құрамын жоғарылатып, фагоцитоздың белсенділігін арттыратын бактериялардың гидролизаты болып табылады. Құлақ, тама, мұрын – мүшелержәне тыныс алу мүшелерінің қабыну,жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін интраназальды спрей түрінде тағайындалады.
3. Рекомбинатты (гендік инженерия әдісімен алынған) иммуностимуляторлар.Филграстим (нейпоген) және молграмостим(лейкомакс)– колоние қуаттандырғыш өсу факторы болып табылады. Олардың әсерінен діңгек жасушаларынан әртүрлі қан жасушалары түзіледі. Филграстим белсенді нейтрофилдердің өндірілуін, өсуін және қанға шығарылуын күшейтеді. Нейтрофил саны төмендеуімен байланысты, жұқпалы ауруларды емдеу үшін және туа пайда болған нейтропенияда антибактериальды терапиямен бірге тағайындалады. Молграмостим гранулоциттердің, Т- лимфоциттердің және моноциттердің өсуін күшейтіп, фагоцитозды белсендіреді. Сепсисте, лейкопенияда, ЖИТС мен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылады.Реаферон (альфа2 – интерферон) және басқа да интерферондар вирусты инфекцияларда (гепатит және т.б.) және қатерлі ісікте (миелолейкоз, бүйрек өспесінде(рак) және т.б.) қолданылады.Ронколейкин және беталейкин іріңді хирургияда және онкологияда химио- және радиотерапиядан кейінқолданылады. 4. Синтетикалық иммуностимуляторлар. Левамизол (декарис) және тимоген жасушалық иммунитетті күшейтеді. Левамизол ревматоидты артритте, кейбір созылмалы және қайталанатын жұқпалы ауруларда, ісік ауруларында қолданылады.Тимоген жіті және созылмалы жұқпалы аууларда, репаративті (қалпына келу) процестердің тежелуінде, операцияларда, ісіктердің сәулелі және химиотерапиясында қолданылады.Метилурацил және дибазол – антидене мен интерферонның синтезін күшейтіп, фагоцитоздың белсенділігін арттырады. Метилурацил лейкопенияның жеңіл түрінде, баяу жазылатын жараларда, күйгенде, сынықта, сондай-ақ асқазан мен ұлтабардң ойық жараларында, панкреатитте, гепатитте ұлпалардың регенерациясын (қалпына келуін) күшейту мақсатында қолданылады. Дибазол тұмау мен басқа да ТЖВЖ (ОРВИ) алдын алуүшін қолданылады. 5. Иммуноглобулиндер. Адамның қалыпты иммунолобулині (интраглобин, сандоглобулин, октаган, пентаглобин) жұқпалы аурулар түрінде өтетін біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықта орын басушы терапия ретінде қолданылады.Ағзаның қорғаныш қаиетін және зат алмасу процесін жақсарту арқылы иммунитеті қуаттандырғыш әсер ететін препараттары:
- Өсімдіктекті препараттары: жень-шень тұндырмасы, аралия тұндырмасы, элеутнрококк тұндырмасы, қызғылт сезімот (алтын тамыр) сығындысы жалпы тонусты реттейтін әсері бар.- Витаминдер: аскорбин қышқылы, ретинол, а-токоферол, В және басқа тобының витаминдері – ағзаның резистенттілігін (қарсы тұру) күшейтеді. - - - Пробиотиктер мен эубиотиктер: бифидумбактерин, лактобактерин, бификол және т. б. препараттары ішектің ұалыпты микрофлорасын ұалпына келтіре отырып, имунитетті жоғарлататын микробтыұ масса.б) Иммунодепрессивті дәрілер (Иммуносупрессорлар)Бұл топ препараттары жасушалық иммунитетті тежеп, баяу типті гипериммундық реакцияларда, ауыр аутоиммундық ауруларда (спецификалық емес ревматоидты полиартритте, спецификалық емес тоқ ішек жарасында, жүйелі қызыл жегіде, ООЖ-сі мен бүйректің иммунды бұзылуында, созылмалы гепатитте) және мүшелердің ауыстырып қондырымында (бүйрек, жүрек, өкпе, бас ми) қолданылады. Иммунодепрессанттардың әсер ету механизмі антигенмен шақырылған иммунды жасушаларының кооперативті реакциялардың тежелуімен, Т- лимфоциттердің пролиферациясымен және олардың Т- киллерге, Т- супрессорға, Т- хелперге өзгеруінен, сондай-ақ ұлпалардың зақымдануынан төмендетуімен байланысты. 1. Цитостатикалық дәрілер: азатиоприн (имуран), циклофосфан, метотрексат - иммунодепрессивті әсерінен басқа азатиоприннің ісікке қарсы белсенділігі (азиотопринде цитостатикалық белсенділігі төмен) басым. Цитостатиктер ДНҚ - ң және РНҚ- ң синтезін бұзып, жасушалардың, әсіресе тез бөлінетін жасушалар, көбінесе лимфоциттердің бөлінуін тежейді. Көбінесе аутоиммунды ауруларда қолданылады. Қан жасалуын бұзып АІЖ -ң жаралары, диспепсия, бауыр мен бүйректің зақымдалуын, жұқпалы аурулардың өршуін тудырып, концерогенді және тератогенді әсер көрсетеді. Azathioprinu - азатиоприн (А): 0,05 таб. шығарылып 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет (қанның құрамын үнемі бақылап отырып, науқас дәрігердің бақылауында болуы қажет) белгіленеді. 2. Антибиотиктер: циклоспорин (сандиммун), такролимус (FK-506, програф)- мүшелердің ауыстырып қондырымында қолданылады(ішке және күре тамырға енгізіледі).Циклоспорин нефро-және гепатотоксикалық әсер етеді, ал такролимус нефро -және нейротоксикалық әсер етіп, АҚ-ң және қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатады. 3. Батриден - бүйректі ауыстырып қондырымында (глукокортикойдтармен, антибиотиктермен бірге) және созылмалы гломерулонефритте (0,1 таб.) қолданылады.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/250134