4. Глюкокортикоидтар - преднизолон, дексаметазон және т.б. Т-лимфоциттердің пролиферациясын және В- лимфоциттермен кооперациясын тежеп, иммуноглобулиндердің синтезін төмендетеді. Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы әсері бар. Аутоиммундық аурулардыа қолданылады.
5. Антилимфоцитарлы сары сулар: антилимфолин- Кr, АТГ- Фрезениус- құрамында иммунодепрессивті әсер ететін иммуноглобулині бар. Тек стационар жағыдайында антибиотиктермен және глюкокортикоидтармен бірге мүшелер мен ұлпалардың ауыстырып қондыруда қолданылады.
6. Коллагеноздардың базисті терапиясындағы препараттары: хингамин (делагил, хлорохин) және гидроксихлорохин (плаквенил)- малярияға қарсы препарат;
алтын препараттары: кризанол (5% 2мл майлы суспензиясы ампулада шығарылып, аптасына 1рет б\е енгізіледі)
ауранофин (0,003 таб)
; пеницилламин (куперенил)- "әлсіз иммунодепрессанттар", бұлар жасушалық және гуморальды иммунитетті төмендетіп, қабыну процесінің пролиферативті фазасымен төмендетеді. Әсері баяу басталып (10-12 аптадан соң) ұзаққа сақталады. Препаратты ұзақ қолданады (6ай), алтын препараттары мен пеницилламин улы болып келеді. Препараттарды көбінесе ревматоидты артритте қолданылады. Бұл препараттар қабыну процесінің жедел фазасында әсері тиімсіз.
13. Қатерлі ісікте қолданылатын дәрілер(Бластомаға қарсы дәрілер) Бластомаға қарсы дәрілер қанның қатерлі ісік ауруларындағы (лейкоздар және т. б.) қатерлі ісік жасушалары (рак және т.б.) мен форменді элементтердің дамуын тоқтатуға қабілетті дәрілер. Қатерлі ісіктер үшін инфильтративті өсу мен метастаз тән. Қатерсіз ісікте бұл әсерлер байқалмайды. Қатерлі ісіктерді бластомаға қарсы дәрілермен емдеу
"химиотерапия" деп аталады. Онкологиялық науқастарды емдеуде химиотерапиямен қатар хирургиялық ем және сәулелі терапиясы тағайындалады.
Бластомаға қарсы дәрілердің жіктелуі Бластомаға қарсы дәрілік топтар мен оның препараттары
| Әсер ету механизімі
| Ісікке қарсы әсерінің спектрі
|
1. Цитотоксикалық дәрілер а) Алкилдеуші дәрілер:
1) Хлорэтиламиндер: циклофосфан, хлорбутин, допан, сарколизин;
2) Этиленминдер: тиофосфамид;
3)Нитрозомочевина туындылары: ломустин, кармустин, нитрозометлмочевина;
4) Метансульфон қышқылының туындылары: миелосан, миелобромол;
б) Антиметаболиттер:
1) Фолий қышқылының антогонисттері: метотрексат;
2) Пурин антогонисттері: меркаптопурин, тиогуанин;
3) Пиримидин антагонисттері; фторурацил, фторафур, цитарабин (цитазар).
в) Әр түрлі сентетикалық препараттары:
1) Платина қосылыстары: цисплатин, карбоплатин. 2) Триазен және гидразин туындылары: прокарбазин (натулан) декарбазин, проспидин. г)Ісікке қарсы антибиотиктер:
дактиномицин, рубомокцин , адриамицин (доксорубицин) фарморубицин, карминомицин, оливомицин, беломицин, брунеомицин, метомицин. Д) Өсімдіктен алынған препараттары:
1) Алкалоидтар: колхамин демоколцин, омаин, винбластин ;
2) Подофиллотоксиндер: этопозид (вепезид), тенопизид(вумон) ІІ. Гормондар және оның антагонисттері.
а) Андрогендер: тестостерон пропионаты, тестенат;
б) Антиандрогендер: флутамид, ципротерон (андрокур);
в) Эстрогендер: синэстрол, фосфэстрол, этинилэстрадиол;
г) Антиэстрогендер: тамоксифен;
д) Гестагендер:
медроксипрогестерон (провера, фарлутал);
е) Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон. ІІІ. Ферменттер
L- аспарагиназа
| Әр түрлі жасуша элементтерімен өзінің алкилді радикалдарымен қайтымсыз ковалентті байланыс түзеді (әсіресе ДНҚ тізбегіндегі гуанинді қалдықтармен), ол рак жасушаларының бөлінуін көбеюін тежеп, жойылуына алып келеді. Рак жасушалары дамуының әр түрлі фазаларына әсер етеді.
Табиғи метаболиттердің құрлысына ұқсас болғандықтан ісік жасушаларының жасушалық ферменттік процестерін бөгеу арқылы РНҚ және ДНҚ синтезін бұзады. Тек бөлінетін рак жасушаларына әсер етеді. Платинді кешен ДНҚ- ға қосылып алкилдеуші агенттер тәрізді нуклеин қышқылдарының биосинтезін бұзады. Алкилдеуші дәрілер тәрізді әсер етеді.
Циклді топтардың көмегімен ДНҚ мен РНҚ-ң жқп арасына қосылып, нуклеин қышқылдары тізбегінің бөлінуі мен ДНҚ синтезінің тежелуін тудырады.
Рак жасушаларының циклінің әр түрлі фазаларына әсер етеді. Түзілуін тежеп, бөлінуін тоқтатады. Тек бөлу фазасына әсер етеді.
Жыныс гормондары рак жасушаларын жоймайды, бірақ жасушалардың бөлінуін тежеп жіктейді, сонымен қатар жасуша қызметінің гуморальді реттелуінің бұзылуын біртіндеп қалпына келтіреді.
Глюкокортикоидтар ісік процесіне аз әсер етеді, бірақ цитостатиктердің әсерін күшейтіп жақсартады. Жасуша мембраналарының құрлымы үшін, ісік жасушаларына қажетті аспарагинді ыдыратады.
| Гемабластозда (созылмалы лейкемия, лимфагранулематоз, лимфосаркома, ретикулосаркома), кейбір топ препараттары миеломада, сүт бездерінің, аналық без рагында, семиномада, өкпе майда жасушалық рагында, тоқ ішек рагында тиімді.
Метотрексат - лейкемия, лимфома, өкпе сүт безі мен аналық без рагында қолданылады.
Меркаптопурин - лейкемияда.
Фторурацил- азқазанның тоқ және тік ішектің, сүт бездерінің рагында.
Цитарабин- лейкемияда. Цисплатин -ұрық безі қуық, аналық без, бас және мойын аймақтарының жалпақ жасушалық рагында, остеогенді саркомада. Карбоплатин - аналық без ісігінде.
Прокорбазин - лимфогранулематозда. Дакарбазин - меланомада.
Дактиномицин - жатырдың хорионэпителиомасында, Вильмса ісігінде, Юинга ісігінде, лимфогранулематозда және т. б.
Адриамицин- жедел лейкемия, жұмсақ ұлпа саркомасында , лимфосаркомада, және т. б.
Колхамин - тері рагында.
Винбластин- лимфогранулематозда, жатырдың хоринэпителиомасында және т. б.
Винкрестин ісігінде және т. б.
Этопозид- өкпенің майда жасушалық рагында.
Тенипозид - гемобластозда. Жыныс гормондары гормонға тәуелді ісіктерде қолданылады. Андрогендер мен антиэстрогендер - сүт бездерінің рагында. Эстрогендер мен антиандрогендер- қуық асты безінің рагында. Гестагендер - жатыр рагында(эндометрия)
Жіті және созылмалы лейкозда.
Жіті лимфобласты лейкемияда
|
Бластомаға қарсы дәрілерді қолданғанда науқастардың 100%-де жанама әсерлер байқалады. Көбінесе лоқсу және құсу, қан жасалуы мен иммунитеттің тежелуі,АІЖ-ң шырышты қабықшасының зақымдалуы, цистит, гепатит, бүйректің зақымдалуы, гиперурекемия, алопеция, неврологиялық бұзылыстар, өкпе мен миокардтың зақымдануы, аллергиялық реакциялар, дене қызуының көтерілуі,инфекцияның байқалуы мен асқынуы, гормондардың қызметінің бұзылуы және т.б. байқалады. Онкологиялық науқастарды емдеу арнайы емдеу мекемелерінде бластомаға қарсы дәрілерді белгілі бір кесте бойынша қиыстырып тағайындалады. 14. Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудіңнегізгі принциптері 1.Удың қанға сіңірілуін тоқтату а ) Асқазанды шаю - жылы сумен, калий перманганатының ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің суспензиясымен жүзеге асырылады, әсіресе ОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд ( шолғы) арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен улағанда алдын ала наркотикалық анальгетиктер ( морфин және т.б.),спазмолитиктер ( атрофин және т.б.) енгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет. б) Ішектегі уды шығару - тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір ( сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін ( магний сульфаты ) дәрілер беріледі. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды. в) Токсинді заттардың тері мен шырышты қабыққа шашырағанда- көп мөлшерде ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілермен ( натрий гидрокарбонат ерітіндісімен ) бейтараптау қажет. г) Токсинді заттың ағзаға өкпе арқылы түскенде - удан аластату, таза ауамен дем алуын қамтамасыз ету.2. Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату. Табиғи әдістер: а) Форсирленген диурез - 1,5 - 2 л 0,9 % NaCl ерітіндісін қ/т енгізіп, сонан соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит ) енгізіледі. Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды. б) Егер заттар өкпеден бөлінетін болса, өкпенің гипервентиляциясын, карбогенмен ингаляциясын қамтамасыз ету қажет.Жасанды әдістер: а) перитонеальды диализ - іш қуысын электролитті ерітінділерімен шаю:б) гемодиализ - қанды "жасанды бүйрек " диализаторы арқылы өткізеді: в) гемосорбция - улар сорбенттерде адсорбцияланады ( мысалы, түйіршікті белсендірілген көмірде); г) қан құю.
3. Сіңірілген удың әсерін басу. Улардың әсерін басу үшін антидот қолданылады, олар улармен химиялық немесе физикалық - химиялық әрекеттесетін заттар. Мысалы: белсендірілген көмір абсорбция әдісімен (физикалық - химиялық әрекеттесу ) әсер етеді. Темір препараттарымен уланғанда антидот ретінде дефероксамин: ауыр металл тұздарымен уланғанда унитиол: ФОҚ - мен уланғанда дипироксим мен изонитрозин: синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда метилен көгі мен натрий нитриті: гепариннің мөлшерін асырғанда протамин сульфаты және т.б. қолданылады. Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады. Мысалы, антихолинэстеразды дәрілермен уланғанда атропин, морфинмен уланғанда налоксон және т.б. қолданылады.4. Жедел уланудың симтоматикалық терапиясы. Спецификалық антидот болмаған жағдайда жедел улануға симтоматикалық ем жүргізудің айрықша маңызы бар. Әсіресе қан айналым мен тыныс алу жүйесін қадағалау қажет. Жүрек гликозидтерін, АҚ реттейтін дәрілер, оттегі терапиясы, тыныс алу стимуляторлары, қажетті жағдайда бронхолитиктер, тырысуға қарсы, анальгетикалық дәрілер қолданылады.Су - электролитті баланысты қадағалау қажет. Қажетті жағдайда реанимациялық шаралар жүргізіледі.15. ДӘРІ - ДӘРМЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІТамақтан алдын 1. Тәбет ашатын дәрілер ( ащылар және т.б.) - 20-30 мин. тамақ алдында.2. Құсық басатын дәрілер. 3. Бырыстырғыш дәрілер.4. Өт айдаушы дәрілер.5.Антибиотиктер және басқада микробқа қарсы дәрілер.6.Бактериялық диареяға қарсы дәрілер - 20-30 мин. тамақ алдында.7.Анорексигенді дәрілер (немесе таңғы ас және түскі ас кезінде ).8. Жалпы тонусты реттейтін дәрілер. 9. Витаминдер.10. Ауырсынуды басатын дәрілер (асқазан-ішек, бас ауруларына т.с.с. ).Тамақ үстінде1. Асқазан безі секрециясы төмендеуіндегі орынбасушы терапиядағы дәрілер . 2. Тітіркендіргіш әсері бар кейбір препараттар (бутадион, "реопирин ", ортофен, индометацин, кетопрофен, натрий вальпроаты және т.б. ).3. Таблетка түріндегі ферментті препараттар - шайнамай жұту керек ( немесе тамақтан кейін).Тамақтан кейін 1. Тітіркендіргіш әсері бар препараттар (ацетилсалицил қышқылы: құрамында ацетилсалицил қышқылы, анальгин, бутадион, фенацетині бар препараттар: индометацин, ортофен, мефенам қышқылы, диоксибензой қышқылы және т.б.).
2. Темір препараттары.3. Мышьяк препараттары.4. Йод препараттары. 5. Хинин препараттары.6. Гипотензивті препараттар.7. Несеп айдаушы дәрілер.8. Туберкулезге қарсы дәрілер.9. Әртүрлі дәрілер (пентоксил, метилурацил, аллохол, апрессин, викалин, амизил, этазол, никотин қышқылы, хлоралгидрат және т.б.).
Аш қарынға 1. Пиперазиннен басқа, құрттарға қарсы дәрілер2. Тұзды іш айдаушы дәрілер.3. Минералды сулар.4. Майсана майы.
Ұйықтар алдында 1.Барлық ұйықтататын дәрілер. 2.Іш қатудағы іш айдаушы дәрілер.3.Сульфаниламидті препараттар.
Сызба бойынша1. Безгекке (малярия) қарсы препаратар.2. Антибиотиктер – сызба бойынша немесе тамақ алдында.3. Сульфаниламидті препараттар.
Ескертулер 1. ОЖЖ-ін қуаттандыратын барлық препараттарды - ұйқысыздықты туғызбау үшін, тек тәуліктің бірінші жартысында ( сағ. 16:00 ге дейін ) қабылдау қажет.2. Асқазан сөлінде бұзылатын пантокрин және гормонды препараттарды, ас содасы қосылған сумен қабылдау қажет. 3. Гормонды препараттарды толық ерігенше жұтыну қимылдарын жасамай, тіл астында ұстау қажет.4. Құрттарға қарсы препараттарды қабылдағанда майлы тамақтарды қолданбаған жөн.5. В2 витаминін қабылдағанда белок тағамдарын - ірімшік, сүт, лобия және т.с.с. бірге қолдану қажет. 6."В " тобының витаминдерин қабылдағанда тұзды тағамдарды қолданбаған жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР -
Харкевич Д.А Фармакология. -7-е изд. , перераб. И доп. – М.: « ГЭОТАР – МЕД», 2003.
-
Майский В.В., Муратов В.К. Фармакология с рецептурой. -3-е изд., перераб. И доп. – М.:»Медицина» 1986.
-
Кудрин А.Н. Фармакология: Учебник для студентов фарм. Институтов – М.: Медицина 1991.
-
Машковский М.Д. Лекарственные средства. В 2-х Т – 13 –е изд., перераб. И доп. – М.: « Медицина» 1997.
-
Курбат Н.М., Станкевич П.Б. Рецептурный справочник врача. – 3-е изд., стереотип. – Мн.: Выш.Шк., 1998.
-
Справочник Видаль: Лекарственные препараты в России – М.:OVPEE-АстраФармСервис, 2007.
-
Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А. Фармакология с рецептурой. – СПб: Спец.Лит, 2000.
-
Справочник врача общей практики. /Бочков Н.П., насонова В.А. и др./ Палеева Н.Р. – М.: Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2002.
-
Курлович Л.Д. Основы фамакологии., Мн.: «Новое знание» , 2005.
-
Кравчук М.И. Лекций по фармакологии. – Шымкент, 2005.
-
Кравчук М.И. Дидактические материалы по фармакологии. – Шымкент, 2004.
-
Кравчук М.И. Фармакологический словарь. – Шымкент, 2007.
-
Фармакология практикумы. – Орманов Н.Ж., Шымкент, 2004.
-
Орманов Н.Ж., Кудабаев А.К., Кадаеева М.С., Ибрагимова А.Г., Шымкент, 2003.
-
Дәрілік құралдардың анықтамасы. – Орманов Н.Ж., Ибрагимова А.Г., Сырманова Н.Р., Пернебекова Р.К., Орманов Б.Н., Шымкент, 2007.
-
Фармакология курсында игерілетін дәрілік құралдардың жіктелуі мен өмірге қажетті дәрілердің дозалары. – Н.Ж.Орманов, М.С.Кадеева. Г.Т.Абуова, Т.Н.Орманов, Б.Н.Орманов, С.С.Қыдыралиев, - Шымкент, 2006.
-
Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров, 3-изд. Перераб. И доп., 2006.
-
Попандопуло П.Х. Общая рецептура, Шымкент, 2001.
-
Кравчук М.И. Латинский язык. – Шымкент, 2007.
-
Чернявский М.Н. Латинский язык и основы медицинской терминологий. – М.: Медицина, 1997.
-
Чернявский М.Н. Латинский язык и основы фармацевтической терминологий. 3-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 1994.
-
Муравьев И.А. Технология лекрственных форм. Учебник для учащихся фарм. Училищ. – М.: Медицина, 1998.
-
Муравьева Д.А. Фармакогнозия. 3-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 1991.
-
Большая медицинская энциклопедия: /В 30-ти Т./ АМН СССР/ Петровский Б.В. 3-е изд. М.: Советская энциклопедия. 1981.
-
Государственная фармакопея СССР: Вып, 1. Общие методы анализа. /М3 СССР. – 11-Е изд., доп. – М.: Медицина, 1987.
-
Государственная фармакопея СССР: Вып. 2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье /М3 СССР – 11-е изд.,доп.-м.: Медицина, 1989.
-
№38 бұйрық 03.02.2005ж. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен « Правила выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств по рецепту врача, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры».
-
№ 173 бұйрық 07.04.2005ж. «Қазақстан Республикасында бақвлауда тұратвн, наркотикалық, психотропты заттарды және прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану ережелерін бекіту туралы».
-
«Шипагерлік баяны». Денсаулық журналы. №6,№7, 2002ж.
-
«Фармация Казахстана» журналы.
-
М.А. Алиев: Кто есть кто в медицине. – Алматы, 2000.
Терапевтикалық көрсеткіш(өте кең тараған ауруларда қолданылатын дәрілік заттар)АбсцесстеАнтибиотиктерСульниламидті препараттарФторхинолондарФурацилинФурагинФерментті препараттарАнтисептикалық препараттарАллергиялық аурулардаПреднизолонГидрокортизонДексаметазонДимедролдипразинСупрастинДиазолинКетотифенКромолин-натрийАдреналин-гидрохлодидіЭфедрин-гидрохлодидіКальций хлодидіКальций глюконатыПенициллиназаРутин (витамин Р)АнгинадаПенициллин тобының тобының антибиотиктеріЭритромициОлеандомицинЦефазолинТетрациклиндерСульфаниланидті препараттарФурацилинСутек асқын тотығы Люголь ертіндісі ЙодинолАмебты дизентерияда Тетрациклиндер МономицинХиниофонХлорхинальдонМетронидазолТинидазолАнемиядаҚұрамында темірі бар препараттар ЦинокобаламинФолий қышқылы Коамид Аскорбин қышқылыПиридоксин гидрохлориді Рибофлавин Артериялық гипотензиядаМезатон АлреналинНорадреналинЭфедринКамфораКордиаминЖеньшень тұндырмасы Элеутерококк сығындысы Аралий тұндырмасы ДезоксикортикостеронАсқазан, ішек және қуықтың атониясында Прозерин Ацеклидин ГалантаминАсқазан мен ұлтабардың ойық жарасында Алмагель Висмуттың негіздік нитраты «викалин» таблеткасы «викаир» таблеткасы Алюминий гидрототығы Магний тотығыГастал Де-нол Сукральфат ФосфалюгельАнестезин ПирензепинАтропинПлатифиллинЦиметидинРанитидинФамотидинОмепразол Амоксициллин КларитромицинДоксициклинМизопростол Метоклопрамид МетилурацилАнаболикалық стероидтар Сульпирид Сибазон Бактериальды дизентерияда ЛевомицетинТетрациклиндер Ампициллин Сульгин Фталазол ФтазинФторхинолондарФуразолидонФурацилинХлорхинальдонИнтестопанБас айналғанда (әуе және теңіз ауруларында)Скополамин «Аэрон» таблеткасы Тиэтилперзин ВалидолМентолБоткин ауыруында Вирусты гепатитке қараңыз Бронхиальды демікпеИзадрин Сальбутамол ОрципреналинФенотерол