Материал: Фармакология

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

  1. Гипофиз гормондарының препараттары
а) Гипофиздің алдынғы бөлігінің гормондарының препараттарыГипофиздің алдыңғы бөлігінің өнімін күшейтеді. Шеткерлі эндокриндік бездерді қуаттандырады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсері бар.Corticotropinum-кортикотропин (Б): 10; 20; 30; және 40 ӘБ құрғақ зат- 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 1мл-ден тәулігіне 3-4 рет б /е; 0,9% 500 мл NaCl еріт. бірге тамшылатып к/т енгізіледі. Әсері, жанама әсері, қолдануға қарсы көрсеткіштері глюкокортикоидтарға ұқсас. АКТГ-ң өнімінің жетіспеушілігінде, бүйрек үсті безінің гипофункциясында, глюкокортикоидтарды доғарғаннан кейін қолданылады.Somatotropinum-соматотропин: 2-4 ӘБ құрғақ зат флаконды шығарылып, 0,25% 2 мл новокан еріт. ерітіп, б/е; 1-2 мл аптасына 2-3 рет т/а енгізіледі. СТГ-ға (соматотропты гормон) сәйкес келеді. Дене салмағы мен бойды өсіреді. Гипофизарлы ергежейлік (карликовость) пен гипофизарлы ергежейлілікте (нанизм) қолданылады. Қатерлі ісікте қолдануға болмайды.Өсу гормоны (СТГ)секрециясының ингибиторы гипоталамус гормоны сомастостатин болып табылады. Оның синтетикалық аналогы октреотид (сандостатин) акромегалия мен карциноидты ісікте қолданылады.Octreotidum-октреотид: 0,00005 және 0,0001амп. т/а енгізіледі.Гонадотропты гормондарының препараттары:Gonadotropinum menopausticum- менопаузалы гонадотропин (Б): 75 ӘБ флаконда-1 мл 0,9% NaCl ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/е енге енгізіледі.Conadotropinum – хорионды гонадотропин (Б): 500; 1 000 және 2 000 ӘБ флакон құрамын еріткіште ерітіп, б/е енгізіледі. лютеинді (ЛГ) гормонға сәйкес келеді. Фолликулалардың жетілдіріп,сперматогенезді күшейтеді.Екі препарат та әйелдердің, ерлердің жыныс бездерінің қызметі төмендеуінде, бедеулікте және жыныс ағзалары кеш дамуында қолданылады.ФҚГ және ЛГ секрециясының ингибиторы даназол (дановал, данол) болып табылады. Акромегалиямен ауыратын науқастардың аденогипофизі жасушаларынан өсу гормондарының бөлініп шығуын тежеп, асқазан сөлі мен инсулиннің бөлінуін азайтады. Гонадотропты гормондарының бөлінуін азайтады. Бедеулікке алып келетін эндометриозды емдеуде, сүт бездерінің қатерсіз ісігінде және етеккір алды белгісінде қолданылады. Lactinum-лактин; 100 және 200 ӘБ флакон құрамын 2-4 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/т енгізіледі. ЛТГ-ға (лактотропты гормон, пролактин) сәйкес келеді. Босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту үшін және гипогалактияда (сүт бөлінуінің азаюы)
қолданылады.Пролактин секрециясының ингибиторы бромокриптин (парлодел) мен лизурид (лизенил) болып табылады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен соматотропты гормонының және пролактиннің секрециясын азайтады. Акромегалияда, гастро-энтеропанкреатиндік жүйенің эндокриндік ісінулерінде, сүт безінің қатерсіз ісігінде, етеккірдің бұзылуында және бедеулікте қолданылады.б) Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттарыІntermedinum-интермедин: 0,05 және 0,1 флаконда, 1-2 мл еріткіште ерітеді; көз тамшысы - 3 тамшыдан; 0,2-0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кілегей қабығының астына инъекциялау үшін белгіленеді. Көздің көру қабілетінің өткірлігін арттырып, қараңғыға бейімделуін жақсартады. Көздің торлы қабығының дегенеративті өзгеруінде, гемеролопияда, жоғарғы дәрежелі миопияда және т.б. қолданылады. Пигмент алмасуын реттейтін меланоформды гормонға сәйкес келеді.в) Гипофиздің артқы бөлігінің препараттарыОкситоцин, питуитрин (<<Миометрияға әсер ететін дәрілер>> тақырыбына қараңыз) жатырдың бұлшық етін жиырады. Босанудың әлсіздігіне қолданылады.Adiurecrinum-адиурекрин (құрғақ питуитрин) (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де – 20 ӘБ бар)-2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне, энурезде, мұрын қуысына енгізу үшін белгіленеді. Гипертониялық ауруларда қолдануға болмайды. Себебі, құрамында ағзада сұйықтықты ұстап қалатын, АҚ жоғарылату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар.

  1. Қалқанша безі гермондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
Қалқанша безінің гипофункциясында кретинизм (балаларда ой-қимылының жеткіліксіздігі) және микседема (үлкен жастағы адамдарда семіздік, ісінулер, психикалық дамымаушылық) байқалады. Қалқанша безінің гормондары негізгі зат алмасуды реттеп, энергетикалық процесін күшейтеді, ұлпалардың жетілуін және өсуін күшейтіп, ұлпалардың оттегіге сұранысын жоғарылатады. Тиреоидты препараттар гипотиреозда, микседема, эндемиялық зобта, семіруде, кретинизмде, қалқанша безінің ісігінде қолданылады.
Thyreoidinum- тиреоидин (Б): 0,05; 0,1 және 0,2 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігінде 1-2 рет тәуліктің бірінші жартысында тамақтан соң ішуге белгіленеді.L – Thyroxin – L – тироксин (Б): 0,0001 таб. шығарылып, 1-2 таб. белгіленеді.Қиыстырылған препараттары: <<Тиреотом>>, <<Тиреокомб>>, <<Йодтирокс>>. Жанама әсері: тахикардия, дене қызуының көтерілуі және терлеу байқалады. Тиреотоксикозда, қант диабетінде, Адиссон ауруында, едәуір азғындықта және коронарлы артерияның жеткіліксіздігінің ауыр түрінде қолдануға болмайды.Эндемиялық (ауыз су мен тамақ өнімдерінің құрамында йодтың жеткіліксіздігінен туған) зобта (жемсау) йод препараттарын қолданады. Олар: калий йодиді – 0,0001 таблетка; йодбаланс, йодомарин, <<Антиструмин>> және т.б.Қалқанша безінің гиперфункциясында (гипертиреоз, Базедов ауруы) қалқанша безі гермонының синтезін төмендететін антитиреоидты дәрілер қолданады. Антитиреоидтар – гормондардың синтезін азайтып, тироксиннің, трийодтирониннің негіздік алмасуын төмендетеді. Қалқанша безінің препараттары фосфор мен кальцийдің қаннан сүйек ұлпаларына өтуін қамтамасыз етеді. Антитиреоидты дәрілер уақытты шашыраңқы жемсауда қолданылады.Mercazolilum – мерказолил (Б) : 0,005 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігінде 1-4 рет тамақтан соң белгіленеді.Propiltiouracil – пропилтиоурацил (пропицил) (Б): 0,05 таб. шығарылып,2-6 таб. тәулігіне 3-6 рет тамақтан соң белгіленеді.Жанама әсері: лейкопения. Екі препарат та жүктілікте, емізулі әйелдерге және айқын лейкопенияда қолдануға болмайды. Сонымен қатар йод препараттары: молекулалары және родиактивті йод (I131), калий йодиді.Кальцитонин (тиреокальцитонин)- сүйекке кальцийдің жинақталып қалуына жағдай жасап, гипофосфатемиялық әсер көрсетеді. Calcitrinum- кальцитрин (Б): ӘБ 10 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, остеопорозда, парадонтозда 0,25-0,5 мл-ден күнде б/е және т/а енгізіледі. Гипокальциемияда, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.

  1. Қалқансерік безінің гормонды препаратты
Қалқансерік безінің гипофункциясында қандағы кальций құрамы төмендейді, үлкендерде тетания, ал балаларда спазмофилия (ес түсінен танумен жүретін қалтырау) байқалады. Жедел кезеңінде қалтырауға қарсы препараттар және кальцийдің препараттары тағайындалады.
Қалқансерік безінің гиперфункцисында қандағы Ca2+ ионының құрамы жоғарылап, ал сүйектерде азаяды, ол остеопорозаға (сүйек ұлпасының ыдырауы), сүйектің деформациясына және сынғыштыққа алып келеді. Ондай жағдайда кальцитонин қолданылады.Паратиреоидин (паратгормон) тиреокальцитониннің антагонисті болып табылады. Кальций мен фосфордың алмасуын реттейді.Parathyreoidinum - паратиреоидин (Б): 1 мл амп. шығарылып, 1-2 мл күнде немесе күнара т/а, б/е, енгізіледі. гипокальциемияда, созылмалы гипопаратиреозда (тетанияны алдын алу үшін) қолданылады. Қандағы кальцийдің құрамы көбеюінде қолдануға болмайды.

  1. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
Инсулин ұйқы безінің β- жасушаларында өндіріліп, жасушадағы анаболикалық процесін күшейтеді, көмірсу алмасуын реттеп, глюкозаның жасуша ішіне тасымалдауын және олардың ұлпалармен сіңірілуін қамтамасыз етіп, гликогенезді, май қышқылдарының және ақуыздың синтезделуін күшейтеді. Инсулин гормонының жеткіліксіздігінен қант диабетіне алып келеді.Insulinum – инсулин (Б): 5 және 10 мл флаконда (1мл-де 40 немесе 80 ӘБ бар) - т/а, б/е, к/т, енгізіледі. міндетті түрде дәрігердің нұсқауымен мөлшерленеді. Гипогликемиялық әсер көрсетіп, қант диабетінде және гипергликемиялық комада қолданылады.Әсері қысқа инсулиндер суда ериді, т/а, б/е, к/т енгізіледі. әсері 30 мин. басталып, 8 сағ, созылады.а) Адам инсулиніне ұқсас инсулиндер (гендік инжинерия әдісімен алынған): актрапид НМ, актрапид ЧМ, инутрал ХМ, инсуман Рапид, хоморал - 40, хумулин Р Регуляр;б ) Монокомпонентті (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид МС, актрапид МК, инсулрап СПП, инутрал СПП, илетин II Регуляр;в) Жоғары дәрежеде тазартылғын (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид;Инсулиннің депо-препараттары т/а, кейде б/е, енгізілетін суспензия болып табылады.Әсері орташа инсулиндер (инсулинның суспензиялары) – әсері 30 мин. – 3 сағ. басталып, 14-24 сағ. созылады. Оларға: инсуман Базал, протафан НМ, исофан ХМ, хумулин Н НПХ жатады.Әсері ұзақ инсулиндер (кристаллды цинк-инсулиннің суспензиялары) әсері 3-4 сағ. басталып, 24-28 сағ. созылады. Оларға: ультратард НМ, ультратарл ЧМ, хумулин У ультраленте жатады.Инсулиндердің жанама әсері аллергиялық реакциялар, мөлшерін асырғанда гипогликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері төмендеуі) байқалуы мүмкін. Егер қант диабетін емдемеген жағдайда гипергликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері жоғарлауы) байқалады. Екі жағдайда өте қауіпті болып саналады.
Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер35-40 жастан асқан науқастарда II типтегі қант диабетінде (инсулинге тәуелсіз) ауыз қуысы арқылы енгізілетін препараттар белгіленеді.Сульфонилмочевина туындылары ұйқы безі жасушаларындағы, эндогенді инсулиннің синтезін және босап шығуын күшейтеді.Butamidum- бутамид (орабет) (Б): 0,25 және 0,5 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігінде 1-3 рет 1 сағ. тамақтан алдын қабылдау қажет.Glibenclamidum (манинил)- глибенкламид (Б): 0,005 таб. шығарылып, ½-1 таб. тәулігіне 1-2 рет аш қарынға және тамақтан 2 сағ. соң белгіленеді.Букарбан, толазамид, хлорпропамид, глипизид (глюренорм), гликлазид (диабетон, предиан). Бигуанидтер ұйқы безінен тыс әсер етеді, яғни инсулинге тәуелсіз глюкозаның ұлпаларға сіңірілуін күшейтеді. Липолизді күшейтіп, АІЖ-да глюкозаның сіңірілуін азайтады. Glibutidum – глибутид (адебит) (Б): 0,05 таб. тамақ үстінде қабылдау қажет.Глиформин, фенформин, метформин, (сиофор), акарбоза (глюкобай).5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттарыБүйрек үсті безінің қыртысының қабатынан минералокортикоидтар, глюкокортикоидтар және жыныс гормондары деп аталатын өмір сүруге маңызды 40-қа жуық гормондар өндіріледі.Глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтар кортикостероидтарға жатады. Ағзада холостериннен немесе ацетилкоэнзимнен синтезделеді. Бұл процесс гипофиздің АКТГ-мен реттелініп отырады. Кортикостероидтар синтетикалық жолмен алынады.Минералокортикоидтар (альдостерон) ағзадан Na+, Cl- иондарының және судың жиналуы К+ иондарының шығарылуын күшейтеді. Ұлпалардың гидрофильділігін арттырып, АҚ жоғарылатады, сонымен бірге қанқа бұлшық еттерінің тонусы мен жұмысқа қабілеттілігін (сондықтан миастенияда, адинамияда қолданылады) жоғарылатады. Адиссон ауруында, гипокортицизмде, адинамияда, жалпы бұлшық ет әлсіздігіне және т.б. тағайындалады. Гипертониялық ауруда, ісінумен жүретін жүрек жеткіліксіздігінде, стенокардияда, атеросклерозда, нефритте, нефрозда және бауыр циррозында қолдануға болмайды.Desoxyorticosteroni acetas- дезоксикортикостерон ацетаты (Б): 0,005 таблеткада шығарылып, күнде немесе күнара тіл астына; 0,5% 1 мл майлы ерітіндісін күнара 1-2 мл-ден б/е енгізіледі.Глюкокортикоидтар зат алмасудың барлық түріне әсер етеді:- көмірсулар: қанда глюкозаның, ал бауыр мен бұлшық етте глюкогеннің мөлшерін жоғарылатады. - белок: белок синтезін төмендетіп (антианаболикалық әсер),
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/250134