Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы – құлақтағы ауру сезімі және қабыну процесі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
-
«Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.
-
Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.
-
Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.
-
Құлақтан шыққан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.
-
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.
-
Оң қолға тамызғышты ұстап, оған дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.
-
Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа және жоғары қарай тартып, (сыртқы құлақ жолын түзету үшін) ал оң қолмен тамызғышты ұстап, 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні құлақ жолына тамызыңыз.
-
Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.
-
Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.
-
Қолғапты шешіңіз.
-
Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.
-
Пайдаланған турундаларды, мақта шариктерін қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.
-
Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
Жеке ингаляторды қолдануД
әрілікзаттытынысжолдарынадемалғандаауызарқылыенгізугенауқастыүйретуМақсаты: емдік және оқулық, науқасқа ингаляторды өздігінен қолдануды үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: 2 қолданылған қалта ингаляторын, 3-дәрілік заты бар ингаляторды, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
-
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
-
Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, емшараны тұрып орындағаны жақсы, өйткені өкпенің дем алыс экскурсиясы әсерлі.
-
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз
-
Науқасқа және өзіңізге бос ингаляторды алыңыз.
-
Дәрісіз ингаляторды қолдана отырып, науқасқа емшараның орындалуын тізбектілікпен көрсетіңіз.
-
Ингалятордың мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.
-
Ингаляторды аэрозольмен түбін жоғары қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
-
Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.
-
Ингаляторды аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, ингалятордың мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.
-
Науқастан терең дем алуын сұрап, бір мезетте ингалятордың түбін басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрде түседі.
-
Науқасқа аэрозольді ішке тартуын, 10-12 секундтай демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан ингалятордың мундштугін шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
-
Ингалятордың мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
-
Науқасқа өздігінен емшараны орындауын ұсыныңыз, ең алдымен бос ингалятормен, сосын дәрісі бар ингалятормен
-
Науқасты дәрісі бар ингалятормен емшараның орындауын өзіңіздің барыңызда бақылаңыз.
Ескерту: -
аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;
-
ингаляцияның мөлшерін және олардың уақыт аралығын дәрігер анықтайды;
-
әрбір ингаляциядан кейін мундштукті сабындап сумен жуу қажет, сосын құрғатып сүртіңіз.
СеппеНІ қолдануМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті беріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
-
Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.
-
Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).
-
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
дәрілік жабысқақ Пластырьді салуМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит (бұлшық еттің қабынуы) тері мүйізгегі.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.
Дайындаңыз: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, лотокті, шымшуырды (пинцетті), антисептикалық ерітіндіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.
-
Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз. Оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.
-
Пластырьды қажетті көлемде қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабығын алыңыз.
-
Науқастың терісіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.
-
Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.
-
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: -
пластырьді 2 тәулік бойы алмайды, егер де қатты тітіркендіруі сезілмесе;
-
пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.
Суппозиторийді (балауызды) тік ішек арқылы енгізу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).
Дайындаңыз: тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
-
Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
-
Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.
-
Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) 2-3 см тереңдікке енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).
-
Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.
-
Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.
-
Қолғапты шешіп, Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: -
суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;
-
суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.
Дәрілік ерітіндіні теріге ЖАҒУМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқа таңдаңыз.
-
Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті науқасқа түсіндіріңіз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
-
Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.
-
Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзына бойы жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.
-
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.
Майлы таңғышты орындауМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, майды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
-
Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
-
Залалсыздандырылған шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.
-
Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабаттап мақта қойыңыз.
-
Салфетканы маймен, дәке немесе түтікті бинтпен ораңыз.
-
Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.
Теріге майды жағуМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: дәрілік майды, залалсыздандырылған апликаторды немесе шпательді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (майдың атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
-
Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы қалып жасауға көмектесіңіз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
-
Науқасқа қажетті мөлшердегі майды тюбиктен апликаторға сығып шығарыңыз.
-
Теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз, оны қолмен жасамаңыз, өйткені кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылы да сорылады.
-
Май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын науқастан сұраңыз.
-
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
-
Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
-
Қолыңызды жуып , кептіріңіз.