Материал: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
3. Бұл учаскеге клеенканы жабыңыз.4. Бұл учаскені көрпемен қымтаңыз. Емшараның ұзақтығы 40-60 минут.IV. Кюветті-апликациялық әдіс (тәрелкелік).1. Кюветтің немесе тәрелкенің түбіне және қабырғасына клеенканы төсеңіз.2. Кюветке немесе тәрелкеге ерітілген парафинді құйыңыз.3. Парафиннің сыртқы қабаты суып болған соң пайда болған затты (кішкене дөңгелекті) клеенкасымен кюветтен немесе тәрелкеден шығарыңыз.4. Дененің қажет учаскесіне парафинді клеенкасымен салыңыз.5. Үстінен көрпемен қымтаңыз. Емшараның ұзақтығы 1 сағат.Ескерту:Ақ сусыздандырылған парафин – қатты углеводтар қоспасы, мұнай және сланц майларын өндіргенде алынады.Медициналық озокерит – қара-қоңырдан қара түске дейін балауыз тәрізді мұнайдан шығатын зат. Құрамында: парафин, смола, минералды май және т.б. заттар бар. Озокеритті үлкен жылылық сыйымы және төмен қызу өткізгіштік иелікпен қолданады. Парафинді дайындалғанда ұқыпты қадағалай керек, оны еріткенде су түспеуі керек, неге десен ол теріні күйдіруі мүмкін.ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беруМақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесе глицеринді, жабысқыш пластырды.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

  3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

  4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

  • таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

  • жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

  • ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.

  1. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  2. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.

  3. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

  4. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.

  5. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.

  6. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.

  7. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

  8. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

  9. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегіне немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

  10. Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).

  11. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың хал-жағдайын бағалаңыз.

  12. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

  13. Катетерді алап тастаңыз.

  14. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:

  • катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

  • қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

  • ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын ала ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.
Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беруМақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.Дайындаңыз:оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.
Ол үшін:

  • оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

  • жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

  • оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  2. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

  3. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

  4. Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.

  5. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.

  6. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

  7. Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

  8. Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

  9. Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  10. Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

  11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.Постдуральды (позициялық) дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстырғанда қақырық күш әсерімен ағады, қақырықтын бөлінуін қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктазды ауру, өкпе абсцессі және т.б).Даярлаңыз: түкіргішті -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз, егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса.Іс-әрекет алгоритмі:I. Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз.

  • Емшараға науқастын келісімін алыңыз.

  • Бас жақ деңгейден 20-30 см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз

  • Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  • 10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет 20-30 минут бойы қайталаңыз.

  • Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз (науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)
II. Науқасты арқасымен жатқызу

  • Науқастың тұлғасын денесінің айналысына 3600С аударыңыз

  • Науқасты 450С аударыңыз. Терең дем алу және тездетіп дем шығаруды істеуін сұраңыз.

  • Жөтел пайда болғанда науқасқа жақсы жөтелуіне мүмкіншілік беріңіз.

  • 10-15 минут үзіліспен емшараны 3-6 рет қайталаңыз.
III. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз - «кереует астынан аяқ киімді іздеу» позасы.- кереует денгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.- төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың көп бөлінгеніне қөзіңізді жеткізіңіз.- Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.- Емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.IV. Науқасқа тізе шынтақ қалпын алуын ұсыныңыз - «намаз оқитын мұсылман» дене келбеті.- науқасты тізесімен тұруына және алдына енкейуін сұраңыз.- науқастан енкейуді 6-8 рет қайталауын сұраңыз. 1 минут пауза жасайды, сосын 6-8 рет енкейуді қайталайды (6 цикл барлығы)
- емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.6. Төсекте жатқан науқасқа ыңғайлы қалыпты беріңіз.7. Түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, (стандартты қара) - Емшараны орындау және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жасаңыз.Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігерге хабарлаңызПозициялық дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстыра отыра, қақырықтын бөлінуін қамтамасыз ету.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Төсектегі дренажды қалыпты жасау мақсатын науқасқа түсіндіріңіз (қақырық өз бетімен бөліну үщін).

  2. Емшараға науқастын келісімін алыңыз.

  3. Түкіргішті даярлаңыз, түкіргіштін -1/3 -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз (5% хлорамин ерітіндісі), егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса).
І – қалып. Квинке дренажды қалпын жасаңыз.

  • Еден деңгейіннен 20-30 см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз
( орнықты тіректі қолдану)

  • Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  • 10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет қайталаңыз.

  • Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз ( науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)
ІІ-қалып. Щиттің үстіндегі төсекке науқасты жатқызыңыз.

  • Жөтел пайда болып, қақырықтың бөлінген соң өз өсіне айнала тұлғаны бұру қажет екенін науқасқа түсіндіріңіз. Жөтел пайда болу және қақырық бөліну үшін ,терең дем алу және тездетіп дем шығаруын істеу қажет.

  • Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтын көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.

  • 10-15 минут үзіліспен емшарашы 3-5 рет қайталаңыз.
ІІІ-қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз.

  • Кереует денгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.

  • Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.

  • Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.
ІV-қалып. Тізе - шынтақ қалпын науқасқа алуын ұсыныңыз.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/163228