-
Төсектегі науқастын жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
-
Төсекте жатқан науқасқа әдеттегідей (ыңғайлы) қалыпты беріңіз.
-
Қақырыққа және түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, зарарсыздандыру регламентеген ерітіндінің біреуімен жүргізіледі. Мысалы 5% хлорамин ерітіндісімен 4 сағатқа әсер ету уақытына тұрады.
-
Емшараны орындаған және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жасайды.
Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты науқаста жағымсыз сезім щағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігерге хабарлаңыз).
ІX. Дәрі – дәрімектерді қолдану жлдары мен әдістері, ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіруТаблетканы, капсуланы, дражені, пилюлЯнықолдануМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюляны (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.
-
Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
-
Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, (дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
-
Науқасқа дәрі-дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
-
Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.
-
Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.
-
Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюляны науқастың тілінің түбіріне салыңыз.
-
Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.
Ескерту: -
қабығы бар таблетканы науқастың жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;
-
науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;
-
дражелер, капсулалар, пилюлялар өзгермеген түрде қолданылады.
-
ашқарынға тағайындалған дәрі-дәрмектерді таңертеңгі тамаққа 30-60 минут бұрын қалғанда үлестіру керек;
-
тамаққа дейінгі тағайындалған дәрі-дәрмектерді тамақ қабылдағанға дейін 15 минут бұрын үлестіру керек;
-
тамақ қабылдаған уақытқа тағайындалған дәрі-дәрмектерді науқас тамақпен ішеді.
-
тамақтан соң тағайындалған дәрі-дәрмектерді науқас тамақты қабылдағаннан кейін 15-20 минут аралығында ішуі керек.
-
ұйықтататын дәрі-дәрмектерді науқасқа ұйқыға дейін 30 минут қалғанда береді.
Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны(қоспалы сұйық дәріні) қолдануМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрі-дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шай, десерт, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
-
Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:
-
1 шай қасықта – 5 мл
-
1 десерт қасықта – 7,5- 10 мл
-
1 ас қасықта – 15 мл
-
Науқастан дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.
-
Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
ТұнБаны, экстрактыларды (шырсөлДІ) қолдануМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Даярлаңыз: дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
-
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).
-
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.
-
Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндінің тамшысын алыңыз.
-
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
-
Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.
-
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Науқасқа ұнтақты қолдануМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
-
Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).
-
Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз.
-
Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.
-
Науқастан басын көтеруін, аузын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.
-
Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.
-
Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.
Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ СЫРТҚЫ ЖОЛМЕН ЕНГІЗУМҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУМақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрілік препаратты, қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-37°С дейін жылытыңыз.
-
Науқасты сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып, тамшы тамызатын екінші мұрын жолына қарама-қарсы немесе жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.
-
Мұрын жолдарын қараңыз, егер де бөлініс немесе қабыршақ болса, мұрын қуысына күтімді жүргізіңіз (стандартты қараңыз).
-
Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.
-
Оң қолға мақта шариктерін алып, оларды V саусақпен алақанға қысыңыз.
-
Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.
-
Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.
-
Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.
-
Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
-
Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.
-
Дәрілік ерітіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.
-
2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ерітіндіні сол тізбектілікпен тамызыңыз. Науқастан хал-жағдайын сұраңыз.
-
Қолыңызды жуып кептіріңіз. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
-
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қауіпсіз жиналған және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту: - майлы ерітіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).- пластикалық флаконның тығынына тамызғыш қондырылған дәрілік ерітінді тек қана бір науқасқа қолданылады.
Көзге тамшы тамызуМақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні, колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.
-
Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалқасынан көпшіксіз жатқызыңыз.
-
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
-
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.
-
Оң қолыңызбен тамызғышты алып, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.
-
Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқастан жоғары қарауын сұраңыз.
-
Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, көзден 1,5 см қашықтықта ұстап тамызыңыз.
-
Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.
-
Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.
-
Екінші көзінде тамшыны сол тізбектілікпен тамызыңыз.
-
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
-
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: -
екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;
-
бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;
-
егер де көзден іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
ТӨМЕНГІ ҚАБАҚҚА КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ (тюбиктен, шыны таяқшамен)Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын, шыны көз қалақшаларын, дәке тампондарын, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).
-
Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.
-
Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.
-
Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек.
-
Шыны таяқшаны самай жағынан бетінен көздің тесігіне қарай жағыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен). Қалақшаны майымен төмен қарай ұстаңыз.
-
Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке.
-
Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.
-
Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз.
-
Сығылыстырылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл жабылған қабақтарын мақта шариктерімен уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс.
-
Екінші көзіне де майды осы тізбектілікпен салыңыз.
-
Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.
-
Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.
-
Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.
-
Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
-
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу