Материал: Педагогика педагогикалы колледж студенттеріні педагогикадан жргізетін зерттеу жмысыны жйесі жне оны кезедері

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

«жазылғанды» білдіретін, сондықтан бұл ерекше жазба.

Монографияның негізгі қызметі - ғылыми немесе публицистикалық болуы мүмкін нақты мәселе туралы ақпарат беру. Онда философия мен этика тақырыптары, сондай-ақ қоғамды қызықтыратын кез-келген тақырып қамтылған.

Монографиялар академиялық мәтіндердің ұсынылуын реттейтін ереже бойынша жазылған. Осы тармаққа қатысты бірнеше стандарттар бар, халықаралық стандарттарда ең көп қолданылатын APA стандарттары.

APA Norms Американдық Психологиялық Қауымдастығы әзірледі және ғылыми жұмыстарға қажетті формальдылықтарды және хаттамаларды, мысалы, оларға: мазмұны, стилі, дәйексөз, сілтемелер, кестелер мен фигуралардың презентациясы, жиектер және басқаларына қатысты көрсетеді.

Монография тезистер, ғылыми баяндамалар, дипломдық, аспирантуралық, магистрлік және ресми зерттеу мәтіндері түрінде болуы мүмкін.

Диссертация дегеніміз - тарату немесе пікірсайыс мақсатында құрылымдық түрде ой қорыту.

Әдетте, диссертация үш негізгі бөлімнен тұрады: кіріспе, әзірлеу және қорытынды, бірақ бұл оның қолданылу жағдайына байланысты.

Кейбір елдерде диссертация академиялық жұмыс болып табылады. Мектеп кезеңінде диссертация жобаны орындаумен аяқталса, орта немесе жоғары оқу орындарында диссертацияларда тұжырымдар жоқ, өйткені олар докторанттардың дамуына сәйкес келетін кезең болып саналады.Жалпы айтқанда, диссертацияның өзіне тән белгілері бар:

Ол қабылдаушы көпшілікті қызықтыратын тақырыптан әзірленген.

Ол идеялардың үйлесімді орналасуымен методикалық түрде ұсынылған, өйткені бұлар бұрын және терең түрде зерттелген және дамыған деп болжануда.

Бұл зерттелген нақты тақырып болғанымен, диссертация біркелкі өтуі керек. Сіз оның сөйлеу құрылымына еліктеуін қаламайсыз.

Барлық диссертацияларда қорытындылар күтілмейді, бірақ пікірталас пен рефлексияға шақыру күтіледі.

Ұсынылған идеяларды жақсы түсіну үшін техникалық ресурстарға сенім артуға болады: бейне, аудио, осы саладағы маманмен бейне қоңырау, графикалық элементтерді пайдалану, демонстрациялар және т.б

Ғылыми мақала - қандай да бір тақырыпты ашатын, зерттеу нәтижелерін жариялайтын, ғалымдармен не өз саласында мамандармен жазылған, аяқталған әрі логикалық тұтас шығарма. 

30. Тәрбие - әлеуметтік құбылыс. Тәрбиенің мақсат, міндеттері. Тәрбие процесінің мәні, заңдылықтары, принциптері.

Тәрбиенің Мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.тәрбиенің міндеттері: білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік,дүниетанымды қалыптастыру; мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау; жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру; қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру; қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу; Тәрбиенің Мазмұны           Білім  берудің  жаңа  моделіне  өту  жағдайында  және  тәрбиенің  білім  беру үдерісіндегі  рөлінің  өсуіне  байланысыты  тәрбие    мазмұнын  қайта  бағдарлау    даму заңдылығы  болып  табылады.      Қазір  білім  беру  үдерісінде  жеке  тұлғаның  руханиадамгершілік  дамуына  үлкен  мән  беріліп  отыруына  орай,  адамгершілікке  тәрбиелеу мен   рухани  жағынан қалыптасуы    барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.  Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және олқоғамдық  дамудың  бағыты    мен  мазмұнына  заңды  тұрғыда  тәуелді  болады.  Тәрбие  мазмұны  адам  тұлғасының  гуманистік  құндылықтар  жүйесін  игеру  негізінде қалыптасуын,  оның  барлық  мәндік  сферасының  дамуын  қамтамасыз  етуге жұмылдырады.
31. Әдеби деректерді оқу әдістемесі: карточкаларға жазу, аннотация, тезис, реферат, конспекті жазу, сөзбе-сөз көшіру. Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.Аннотация (аңдатпа) дегеніміз - мақаланың (баяндаманың) негізгі мәселелерінің тізімін қамтитын жұмыстың қысқаша сипаттамасы.Аңдатпа келесі функцияларды орындайды:ғылыми мақаланың негізгі мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді;оның өзектілігін және мақаланың толық мәтініне жүгіну туралы шешім қабылдау қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді;ақпараттық жүйелерде, соның ішінде ақпаратты іздеудің автоматтандырылған жүйелерінде қолданылады.Аннотация құрылымы.Аннотация келесі негізгі бөлімдерді қамтиды:өзектілік,қойылған мәселе,оны шешу жолдары,нәтиже,қорытынды.32. Педагогиканың жүйесі: жалпы педагогика; жас педагогикасы ( мектеп алды, мектепке дейінгі, мектеп және ересектер педагогикасы); арнайы педагогика; әлеуметтік педагогика. Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Жалпы педагогика — адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2)дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектептану. Жас кезеңдер педагогикасыпедагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Мектепке дейінгі педагогика — отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектепжасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:1.Педагогиканың жалпы негіздері 2. Тәрбие теориясы.3. Дидактика.4. Мектептану (басқару теориясы).Дидактика — педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зерттеп, шешу.
Арнайы педагогика — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым. Пед. ғылымында дефектология (лат. defectus — жетімсіздік және грек. logos — сөйлеу, оқу) деп те аталады. Ол төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика — саңырау, мылқау балаларға, тифлопедагогика — соқыр балаларға, олигофренопедагогика — ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия — тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.Табиғи кемтар балалар мемл. есебінен арнайы мектептерде тегін оқытылады.Жас педагогикасы — әр жас кезіндегі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары мен жас ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.Мектепке дейінгі педагогика - мектепке дейінгі балалардың қалыптастыру және даму заңдылықтары туралы ғылым. Ол мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы болып бөлінеді.Мектепке дейінгі педагогика - қазіргі педагогиканың мектеп алдындағы жастағы балалардың дамуын, тәрбиесін, оларды қарапайым окыту түрлерін зерттейтін саласы.Жалпы педагогиканың методологиясы мен категориялық аппаратына негізделеді. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы зерттеулер пәнаралық сипатта болады және жалпы педагогикасы, балалар педагогикасы және жас психологиясы салаларының шегінде болады: бұл ғылыми пәндердің деректері мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен тәсілдерінің теориялық негізі болады.[1]33. Педгогика – жалпы адам тәрбиесінің заңдылықтары жайындағы ғылым. Педагогикалық ұғымдар: тәрбие, білім, оқыту. Педагогика ғылымының зерттейтін мәселелері, міндеті. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру."Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/222903