3.Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні мұғалімінің ролі неде?Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттерін іске асыруда орасан зор роль атқаратын – мұғалім.Жас ұрпаққа тәрбие берудің бүкіл ісінің табысты болуы едәуір дәрежеде мұғалімнің іскерлігіне, шеберлігіне, сенімділігіне байланысты. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі. Ата- аналар мұғалімге өздерінің балаларын, яғни өзінің үміті мен болашағын сеніп тапсырады. Мұғалімге балаларды оларға ықпал жасау бәрінен де жеңіл болатын кезінен бастап тәрбиелеуді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Бұл орасан зор сенім мұғалімдерге ұлы жауапкершілік жүктейді.Музыка мұғалім мамандығы – біздің еліміздегі ең ардақты әрі қадірлі мамандықтардың бірі деуге болады. Қазіргі кезеңде – музыкалық тәрбие беру және жаңа адамды қалыптастыру ісіне аса маңыз беріліп отырғанда мұғалімнің рөлі мен жауапкершілігі ерекше арта түседі.Балаларды сүйетін, балалардан, біздің жастарымыздан ұлы еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеп шығару үшін барлық күшін жұмсағысы келетін адам ғана нағыз мұғалім бола алады. Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында әсемдікке деген нәзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.Мұғалімнің еркінің күшті болуының, жақсы мінезінің, әсіресе табанды болуының тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады. Мұғалім қатаң талапкер болуымен қатар, әділ болуы тиісті, сонда ғана ол балалар алдында беделді бола алады. Музыка мұғалімі тек музыка пәнінен сабақ беретін маман емес, ол оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін өнегелі ұстаз болып саналады. Ол өзінің күнделікті жұмысында педагогикалық, психологиялық, дидактикалық принцип негіздерінен қолдана отырып, оқушыларды жалаң ән музыкаға үйрету міндетін іске асырумен шектелмей, оларды өнегелік негізге бағыттайтын тәрбиемен айналысады.4.Музыка сабағындағы пәнаралық байланыс дегеніміз не?Мектептердегі музыка сабағының басқа пәндермен тығыз байланысыЖалпы музыка сабағының жан-жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканың басқа пәндермен тығыз байланысын жымдастыра сапалы етіп өткізу-әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндетінің бірі. Қазіргі кездегі оқытудың жаңа кезеңінде, жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп, жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижеге жетуге болатыны сөзсіз. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін мұғалімнің өзі жан-жақты білімді, ғылымның әр саласынан-психология, педагогика, тіл мен әдебиет, тарих, философия, әлеуметтану, медицина, көркем өнер мен бейнелеу, т.б. хабардар болуы керек. Сонымен қатар мұғалімнің ой-өрісі, түсінігі кең болуының арқасында осы аты аталған пәндердің сабақ тақыраптарына байланысты, музыкалық шығармаларды тыңдату, әндерді үйрету барысындағы байланысын тиімді қолдана біліп, оқушыларға жеткізе білу әдістерін жүзеге асыру керек.
Музыкалық шығармаларға байланысты кіріспе әңгімелер немесе талдау кезіндегі қойылатын сұрақтарды нақты түсінікті етіп оқушыларға баяндай білу үшін мұғалімнің тіл байлығы, сөйлем құра білуі тіл пәнімен тікелей байланыста екендігін көреміз. Қойылған сұрақтарға оқушылардың толық жауап бере білуін талап ету арқылы, олардың тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамытамыз. Үйретілетін әндердің сөздерін оқыту, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ережеге сай меңгертуге үйретуде, (дикция мен жұмыста) орфографиялық ережелермен тығыз байланысын көрсетеді.Қазақ ауыз әдебиетінің ежелгі авторлары, әдеби мұраны ұрпақтан-ұрпаққа ұластырушылар ақпа ақын-жыраулар мен жыршылар болған. Кішігірім лирикалық, шешендік, сықақ мәнді өлеңдерден бастап, эпикалық поэмалар мен дастандарға дейін ақындар қолма-қол шығарып, сол жырлармен өздері естіген мол мұраларды сан жылдар жадында сақтап, өңдеп, дамыта жырлап, сол өнерін қанаттас ақын-жыршыларға жеткізіп отырған. Бұл ақындар, жыршылар мен жыраулар шығармашылығындағы репертуар алмасу немесе мұра мен мұрагерлік болса, осы мұраларды жасөспірімдерге жалғастыру мақсатында терме, толғау, эпостық жырлармен таныстыру музыка сабақтарында жүзеге асырылады.Музыка сабағының ықпалы тартымды, қызғылықты болып жасөспірімдердің музыка әлеміне, оның терең де сырлы, сиқырлы түбіне бойлай түсу үшін көркем суреттің үлкен әсері бар.Көркемсурет адамның көзбен көруі арқылы сезіміне әсер етеді, әр түрлі бояулары, оның мазмұны, адамды толғандырып түрлі ой салады. Өйткені, тарихты зерттеу кезінде, өткен тарихымызды біз тек сурет, мүсін арқылы ғана танып білеміз. Өткен тарихи өмірімізді археологиялық қазбалардан табылған мұрағаттардағы суреттерден, қолжазбалардан қарап болжау арқылы тарихшылардың сараптауы арқылы білеміз. Ал көркемсуреттің негізгі әсері музыкалық шығарманы насихаттауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болатындығы Музыкалық шығармалар әр түрлі тақырыпқа байланысты болатындығын әр адам жақсы түсінеді. Музыканы шығарушы сазгер өмірдегі әр түрлі құбылыстарға, көңіл-күйге, өзгеріске байланысты ән-күйлер әкеледі.Соның бірі-табиғатқа байланысты туындайтын музыкалық шығармалар. Сондай шығармалармен оқушыларды таныстыруда музыка сабағында дүниетану, табиғаттану пәнін кеңінен байланыстырамыз.Музыка өнерінің барлық пәндермен, жалпы өмірдегі барлық салалармен байланыспайтыны жоқ деп айтуға болады. Музыканы шығаруға, күй, ән шығаруға алуан түрлі себептер, тақырыптар әсер етеді. Айналаны қоршаған табиғат құбылыстары, өмірдегі болатын тарихи жағдайлар, адамның көңіл-күйі, психологиясы, халықтың тағдыры, туған жерге, елге, Отанға деген сезім, ата-анаға, балаға, сүйген жарға, досқа, бауырға деген сүйіспеншіліктерден, тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тағы басқа сияқты адам өміріндегі кездесетін әр түрлі жағдайларға байланысты әр сазгер өзінше толғайды.
5.Жалпы білім беретін мектептердегі музыка бағдарламалары қандай? «Елім-ай», «Мұрагер», «Сыр елі-жыр елі»Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ұлттық сана-сезімнің өсуі бастауыш мектепте ұлттық негізде музыкалық тәрбие беру бағытында бірқатар жаңашылдықтың дамуына ықпал етті. Нәтижесінде «Музыка» пәні бойынша «Елім-ай» жетекшісі М.Х. Балтабаев және «Мұрагер» жетекшісі А.Райымбергенов бірнеше баламалы бағдарламалар дүниеге әкелді. М.Х.Балтабаев жетекшілігіндегі ұжым «Елім-ай» ән-күй бағдарламсын дайындады. Бағдарлманың мақсаты – оқушылардың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын музыкалық мәдениетін қалыптастыру. «Елім-ай» ән-күй бағдарламсының білімділік, тәрбиелі мақсат, міндеттері жеке тұлғаның дәстүрлі көркемдік тәрбиесінің өлшемдері мен көрсеткіштеріне анықталған:- халық өнері туындыларын қабылдау процесінде музыканы санлы түрде түсіну;- ән салу, би, ойын, сурет салу, музыкалық аспаптарды шертуді қарастыратын орындаушылық іс-әрекет;- қарапайым әндерді импровизациялау, би элементтерін түрлендіру, ән, ертегілерді драматизациялау, музыкалық ойындарының кейікерлерінің образдарын жеткізе білу.Бағдарламада «Сарыарқа», «Тұлпар», «Аққу», «Елім-ай» сияқты тақараптық құрылдар енгізілген. «Елім-ай» - қазақ халық мәдениетінің өзара байланысы мен синкреттілігін ашап көрсететін бағадрлама. Оның авторлары өскелең ұрпаққа өнер түрлернің ән, аспаптық, сәндік-қолданбалы, би, ауызекі-поэтикалық мәні мен маңызын, олрадың халық өмірінде алатын орныны түсіндіруді, шығармашылық мұраға деген сыйластықты көзқарасын, сондай-ақ балаларды осы өнер түріне қатысты іс-әрекеттерге тартуды мұрат еткен.Сонымен бірге оқушыларды қазақ халқының ерекше мәдениетіне тартуға деген талпыныс А.Райымбергеновтың авторлық ұжым дайындаған «Мұрагер» атты музыкалық бағдарламасынан байқалады. Бағдарламаның мақсаты – Қзақастандық патриотизмді, ұлттық рухани байлықтың мұрагері екендігін сезінетін, өз халқының салт-дәстүрін, өнерін, ана тілін білетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу. Аталған бағдарлманың басты рекешелігі – балаларды домбыра шертуді нотасыз, ауызша әдіспен үйрету және халық әндерін домбыраның сүйемелдеуімен орындауға машықтандыру. бағдарламалар Ш.Б.Құлманованың, М.А.Оразалиеваның, Б.Сүлейменованың авторлық бірлестігінің арқасында жарыққа шығып, қазақстан мектептерінің игілігіне айналды. Бағдарлама 1993 жылы 8 сәуірде жарияланған «Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептеріндегі білім мазмұны тұжырымдамасы», мемлекеттік оқу жоспары және оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық қағидалар негізге алынған.
6.Музыка сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамыту жұмыстары қандай?Оқушылардың бойындағы өнердің қай саласына бейім жатқан қабілеттерін дамыту үшін музыка сабағын жүйелі қызықты өткізу,соның ішінде музыка тыңдау оқушылардың сезім пернелерін ояту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді», т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптарымен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады. Музыка шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдік құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады. Музыка сабақтарында балалар жан-жақты даму барысында алдына көптеген мақсаттар қоя біледі. Дəлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мəнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну жəне музыкаға қызығушылығын арттыру. Жан-жақты музыкалық даму баланың ішкі дүниесін байытады, сонымен қатар музыка өнерін терең жəне толық қабылдатып қана қоймайды, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Əн айту, музыка тыңдау, музыка əдебиеттерімен танысу, музыкалық сауат жəне қозғалыс (ырғақ) музыкаға тəрбиелеудің міндетті бөлімдері. Музыкалық шығармашылық əн айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық жəне музыкалық ырғақ педагогикалық процестермен байланыста болса ғана, шығармашылық белсенділік нəтижелі болады. Үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Мектептегі бір сағаттық музыка сабағы оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының музыка сабағынан алған білімін толықтыруы тиіс. Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп, музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін, баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық материал таңдап алғаны жөн. ұйымдастыру алдында біршама дайындық əңгіме жүргізіледі.
Музыка сабағында да ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге боладыЭмоцияны дамыту, қарым-қатынас, эмоционалдық дискомфорт жағдайын жақсартуға бағытталған ойындардан «Әуенді тап!», “Шатасқан ноталар”, “Кім немесе не үні екенін тап”, “Әуенге қозғалыс ойла да, сыйла”, «Музыка арқылы менің эмоцияларым”, “Көңіл-күйді көрсет”, “Әнді тап”, “Музыкалы-мимикалық гимнастика” т.б.Ойындық өзара әрекет-бұл өмірдің имитациясы емес, бұл баланың қоғамда өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, өзін-өзі бекітуге мүмкіндік беретін ерекше іс-әрекет түрі. Яғни, ойын бала тұлғасының әлеуметтік дамуының негізгі факторы. Музыкалық ойындар оқушының музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды.7.Музыка тыңдау процесіндегі көрнекі және техникалық құралдар қолданудың әдістеріне тоқталыңыз?Музыка сабақтарында музыкалық шығарманы тікелей тыңдау-негізгі көрнекілік болып табылады. Музыка сабақтарында музыкалық шығарманы тікелей тыңдау – негізгі көрнекілік болып табылады. Ал музыкалық шығарманы сапалы түрде тыңдату үшін техникалық құралдардың маңызы зор. Магнитофон, грампластинкалар арқылы шығарманы тыңдату барысында таспа жазбасының, пластинка жазбаларының дыбыстарында музыкалық шығарманың таза орындалуын қадағалау керек. Музыка тыңдату сабағын тиімді дәрежеде өткізу үшін арнайы жабдықталған музыка бөлмелері міндетті түрде болуы керек. Музыка кабинетінде композиторлар портреттерң, музыка ұжымдарының яғни, оркестрлердің (ұлт-аспаптар, симфониялық, үрлемелі аспаптар), хор ұжымдаарының суреттері, оркестр құрамына енетін аспаптар суреттері, т.б. болғаны балалардың тыңдау кезінде музыкалық сауаттылықтарын толықтырып отыруларына әсері бар.Көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды қолдану тәсілін тиімді ұйымдастыру үшін:1. Музыка сабағын жаңа заманға сай өткізуге қойылатын талаптарды ескеріп, балаларға жан-жақты тәрбиелі білім беру мақсатында оқу процесінің деңгейін тек жалпы пәндер арқылы ғана емес, сонымен қатар музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу арқылы жүргізу керек.2. Музыка сабағында көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды, бейнелеу, телеэкранды т.б. тиімді пайдалану арқылы музыка пәнін оқыту одан да сапалы, нақты деңгейде болады.