• мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайында жұмыс істеуі;• барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезіндегі демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;• мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жауапкершіліктері;• мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;• оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;• педагогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педагогикалық тәжірбиені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.Мектеп басшысының жұмыс бағдарламасы:• мектепке жалпы басшылық ету;• мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару;• жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;• мектеп жұмысын жоспарлау;• оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату;• ата-аналар комитетінің жұмысын қадағалау;• мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау;• оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;• мектеп кітапханасымен жұмыс;• мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау;• мектепшілік бақылау жүйесіне басшылық жасау;• мектеп директоры жанындағы мәжілісті өткізу;• мектеп асханасымен жұмыс;• демеуші мекемелермен байланыс орнату;• баланың денсаулығына қамқорлық жасау;• техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау;• халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жұмысының мазмұны:• жалпы білім беруді жүзеге асыру;• оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау;• мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптың және сабақ жоспарларын бекіту;• сабақ кестесін педагогикалық талапқа сай жасау;• пән бойынша жүргізілетін әдістемелік жұмысты бақылау;• сынып журналдары және оқушылардың күнделіктерінің, дәптерлерінің талапқа сай безендірілуін тексеру;• оқытудың барысына, оқушылардың білім сапасына бақылау жасау және басшылық ету;
• оқушылардың арасында жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу;
• оқушылардың білімін бақылау. Баға қою жүйесін қадағалау;
• пән үйірмелерінің және факультативтердің жұмысын бақылау;
• кітапхананық жұмысы. Сыныптан тыс окуды тексеру;
• зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне басшылық жасау;
• еңбекті оқыту, еңбек тәрбиесі және мамандық талдау жұмыстарын, өнімді еңбекті ұйымдастыру;
• оқушылардың аудандық, қалалық жарыстарына қатысуына көмектесу.
Директор және оның орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы:
Бақыланатын нысандар:
• оқытудың барысы және оқушылардың білім сапасы;
• оқу кабинеттерінің жұмысы;
• оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар;
• үлгермеушілер болайын деп тұрған сыныптар;
• тәрбиеден тыс қалған оқушылармен жұмыс;
• педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, қорытындылау және шығармашылықпен тарату;
• мұғалімдердің біліктілігін көрсету, әдістемелік және жас мұғалімдермен жұмыс;
• мектеп құжаттары;
• педагогикалық оқу;
• адамгершілік тәрбиесі;
• дене тәрбиесі;
• құқықтық тәрбие, т.б. тәрбие салалары;
• техника қауіпсіздігі
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:
1. Талдау жасайды:
∙ тәрбие процесін проблемаларына;
∙ тәрбие жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелілігіне;
∙ тәрбие жұмыстары саласындағы жай-күйі мен перспективалық мүмкіндіктеріне;
∙ оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп отыру мақсатымен олардың тұрмыс жағдайына, талап-тілектеріне, проблемаларына;
∙ мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің тәрбие ісі саласындағы кәсіби біліктілігі деңгейіне;
∙ оқушылардың тәрбиелілік жағдайына;
∙ алдындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға педагогика ұжымының даярлығына.
2. Қандай да бір тәрбиелік шараларды жүргізудің тиімділігіне болжам жасайды.
3. Әзірлейді және белгілейді:
∙ үйірмелер мен қосымша білім беру пәндеріне арнап «СанПиНомға» және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының кестесін;
∙ тәрбие жұмыстарының кешенді-мақсатты бағдарламасын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларын;
∙ өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;
∙ оқушыларға тәрбие беру жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру бағытында жоспарлар;
∙ мәдени-тәрбиелік шаралар әзірлеп, оларды өткізу жұмыстарын;∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие қызметінің мәселелері бойынша есеп беру құжаттарын және анықтамалық материалдар;∙ дамыту бағдарламасының жекелеген фрагменттерін, өзге де стратегиялық құжаттарды.4. Жоспарлайды және ұйымдастырады:∙ тәрбие жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыруды;∙ тәрбие жұмыстарын;∙ аға вожатыйлардың, сынып жетекшілерінің, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша қосымша білім беру педагогтарының қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды;∙ сенбіліктер, «таза бейсенбіліктер», сыныптан тыс шаралар өткізуді;∙ оқушылар арасындағы тәрбие жұмыстарының мазмұны мен технологиясы туралы мәселелер бойынша педагогикалық ұжымда өткізілетін әдістемелік оқуларды;∙ оқушылардың ата-аналарымен, жалпы мектептік ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыстарды;∙ «Табиғаттың жас достары», «Жол қозғылысының жас инспекторлары», наркологиялық посттар, экологиялық патрульдер жұмысын, СПИД-тің алдын алу жөніндегі жұмыстарды;∙ оның территориясын көріктендіру жөніндегі жұмыстарды;∙ «қиын» оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды, балаларды қадағалау органымен және қоғамдық ұйымдармен байланысты;∙ жарыстарды, экскурсияларды, мейрамдарды;∙ сынып жетекшілерінің, қосымша білім беру, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша мұғалімдердің қызметін;∙ оқушыларға қосымша білім берудің авторлық және бейімбелген бағдарламаларын жасауда мұғалімдерге көмек көрсетуді;∙ тәрбие жұмыстарының мазмұнын, формасын және әдістерін;∙ сыныптан тыс жұмыстарға қатысты оқу-материалдық базаларын нығайту жөніндегі жұмыстарды.5. Қамтамасыз етеді:∙ құрылымдарының ата-аналар комитетімен, тиісті комиссиялармен, қамқоршылар кеңесімен т.б. өзара әрекеттестігін;∙ білім беру жүйесіндегі тәрбие процестерін ұйымдастыруда жаңа тәсілдердің қолданылуын;∙ тәрбие процесінде қолданылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін;∙ физикалық тәрбие, спорттық сауықтыру және әскери-патриоттық, салауатты өмір салты процестерінің үйлесімді дамуын;∙ өз міндеттеріне сәйкес жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының, мүдделерінің ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалуын;
∙ оқушылардың сыртқы көрінісі мен бірыңғай формасы бойынша қойылатын талаптардың орындалуын;∙ мұғалімдердің үзілістерде белгіленген график бойынша кезекшілік етуін;∙ оқушылардың таңертеңгілік сапқа тұруы (линейкасы) директор бекіткен график бойынша өткізілуін.6. Басқарады:∙ моральжық-психологиялық қолайлы климат жасау жөніндегі жұмыстарды;∙ көріктендіру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды.7. Бақылау жасайды:∙ тәрбие беру процесінің сапасына бақылау жасайды, оқушылардың сынып сағаттарына және басқа да мәдени-тәрбиелік шараларға (оқу жылында 150-180 сағаттан кем емес) қатысады;∙ сынып жетекшілерін курстық даярлау және қайта даярлау жоспарының орындалуына;∙ үйірмелер, секциялар жұмысына және қызметкерлері атқаратын басқа да тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстарына;∙ мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жеке жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға;∙ сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына;∙ психологтың орта буын және аға буын оқушылармен жүргізетін жұмыстарына;∙ әлеуметтік және полицейлік қызметке;∙ әскери-патриоттық тәрбиеге;∙ қосымша білім беру сабақтарына аналған санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына;∙ сыныптарда тәрбие жұмыстары жөніндегі құжаттамалардың, сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне;∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие процесін дамыту саласы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына.8. Үйлестіреді (және көмектеседі):∙ сынып жетекшілерінің оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша атқаратын қызметін;∙ тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу, жалпы мектептік мәдени-тәрбие шараларын өткізу жөніндегі жұмыстарды;∙ тәрбие процестерін қамтамасыз ететін әкімшіліктері, қызмет орындары және бөлімшелері өкілдерінің қоғамдық және құқық қорғау органдарының, ата-аналардың, ата-аналар комитетінің өкілдерімен өзара әрекеттестігін;∙ экологиялық патрулі қызметін.9. Бағалайды, сараптайды:∙ оқушылары арасында болған жазатайым оқиға жағдайларын;∙ өз міндеттеріне сәйкес оқушыларға тәрбие беру мәселесі бойынша стратегиялық құжаттарын;∙ сынып жетекшілері тарапынан оқушылар арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын;
∙ сынып жетекшілерінің оқу тәрбие процесін жетілдіруге байланысты ұсыныстарын.
10. Кеңес береді:∙ мұғалімдер мен ата-аналарға тәрбие процесінің мәселелері бойынша;∙ мұғалімдер мен ата-аналарға оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша.
11. Баспаға дайындалатын оқу-тәрбие процесі жөніндегі материалдарды-сынып сағаттарының әдістемелік әзірлемелерін, зерттеулер мен эксперименттер нәтижелерін т.б. редакциялайды, түзетеді.
12. Хабардар етеді:∙ әкімшілікті және мұғалімдерді тәрбие процесіндегі, білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде;∙ өз міндеттерінесәйкес кітапханалық, полицейлік, әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарын тәрбие процесінің мәселелері жөнінде.
13. Тыйым салады:∙ мәдени-тәрбие шараларын өткізу кезінде типтік тізбелерде қарастырылмаған жабдықтар мен приборларды, соның ішінде қолдан жасалған заттарды пайдалануға;∙ орын-жайларында оқушылар мен қызметкерлер денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар пайда болса, ол жерлерде білім беру процесінің жүргізілуінде.
14. Қатысады:∙ педагогикалық кеңестер жұмысына;∙ жоғары орындар ұйымдастырып, өткізетін кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер жұмысына, «дөңгелек стол» отырыстарына және басқа шараларға;∙ тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуге;∙ оқушылар контингентін жасақтауға;∙ педагогтары мен өзге де қызметкерлерін аттестаттауға әзірлеу және оны өткізу ісіне;
15. Жетекшілік етеді:∙ кәмелетке толмағандардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын әлеуметтік қорғау ісіне;∙ сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына;∙ аға вожатый, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогтары мен полиция өкілі жұмыстарына;∙ балалар мен жастар ұйымдары қызметіне;∙ кітапхана қызметіне.
ТЕХНОЛОГИЯ -
Бастауыш сыныптағы технология пәнінің мақсат-міндеттері
«Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты-жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.«Көркем еңбек» пәнінің міндеттері: