Материал: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері де бар:

  1. Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін метрологиялық қызметтер құрады.

  2. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен келісілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау

Метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органда- рының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет- терін метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тек- серу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау - техникалық рет- теу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орын- дау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі қызмет болып табылады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды осы Заңның, өл- шем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республи- касының басқа да норматив™ құқықтық актiлерiнiң, халықара- лық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында техникалық реттеу және
метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау нысандарына:

  1. шама бірліктерінің эталондары;

  2. өлшем құралдары;

  3. өлшемдерді орындау әдістемелері;

  4. жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі;

  5. өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі оралған тауарлардың саны.

  6. сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар саны жатады.




1-сурет. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау нысандары




Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нысандарына қойылатын талаптар.

  1. Шамалардың бірлік эталондары бастапқы немесе жұмыс ретінде нығайтылуы керек. Бастапқы эталондар МӨЖ тізіміне енгізілу тиіс.

  2. Өлшеу құралы:

  • сынаудан өту керек, нығайтылып МӨЖ тізіміне енгізілуі тиіс немесе метрологиялық іскерлік сараптаудан, өтіп сонымен бірге МӨЖ тізіміне енгізілу қажет;

  • олардың тексерілгені және қолданылуы туралы растама алынуы керек.

  1. Өлшеулерді орындау әдістемесі аттестациялануы және МӨЖ тізіміне тіркелуі керек.

4. Метрологиялық қызметті орындайтын физикалық және заңды тұлгалар:

  • өлшеу құралдарының тексерілуі мен калибрлеуін жүзеге асыратын заңды тұлғаның анықталған ретте аккредиттелген;

  • өлшеу құралдардың өндірісін және жөндеуін жүзеге асыру- да физикалық және заңды тұлға осы қызметтің түрлеріне лицен- зиясы;

- өлшеулерді орындау әдістемелерінің іскерлік сараптау- ларды өткізуде заңды тұлға анықталған ретте аккредиттелген болуы керек.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау аясы

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшем нәтижелері:

  1. азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтама- сыз ету жөніндегі жұмыстарға;

  2. өнімнің және көрсетілетін қызметтер сапасының нор- мативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін сынау мен бақылауға;

  3. қоршаған ортаның жай-күйін бақылауға;

  4. еңбек жағдайларының қауіпсіздігін бақылауға;

  5. сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметте- рін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысуларға;

  6. мемлекеттік есеп операцияларына;

  7. бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттарда- ғы, дәнекерлемелер мен қалдықтардағы бағалы металдардың мөлшерін анықтауға байланысты операцияларға;

  8. қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнімнің басқа да түрлерін өндіруге;

  9. геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық жұмыстарға;

  10. салық, банк, кеден және пошта операцияларына;

  11. энергетикалық қорлардың барлық түрлерін шығару, өндіру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтынуға;

  12. құрылыс салуға;

  13. мемлекеттік басқару органдарының, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұ- мыстарға;

  14. ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеуге;

  15. өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, са- лыстырып тексеру, калибрлеуге;

  16. ғылыми-зерттеулер жүргізуге;

  17. қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

  18. ойын автоматтарын шығару және қолдану кезінде пайда- ланылатын өлшемдерге қолданылады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері

  1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауға:

  1. өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қол- данылуын, шамалар бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалау;

  2. сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарыла- тын тауарлардың санын қадағалау;

  3. бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалау жатады.

  1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау:

  • жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру;

  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіз- дер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асы- рылады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды қойылған реттегі іскерлік сараптауға жататын, Қазақстан Республикасының заңымен орындалатын, атқаратын қызметімен және олардың кәсіби бағасын анықтау мақсатында тексеруді мемлекеттік ин- спекторлар жүзеге асырады.

Мемлекеттік инспектор қойылған форманың тексеруіне тап- сырманы әзірлейді және оның прокуратура органдарында тір- кеуге алады.

Тексеріс нәтижелері актпен әзірленеді, тексеруге қатысушы барлық комиссия мүшелері қол қояды.

Мемлекеттік инспектор метрологиялық ережелер
және нормалардың бұзушылықтарын анықтағанда қойылған форман- ың ұйғарымын құрайды.

Жеке тұлға немесе заңды тұлғалардың жетекшісі айқындал- ған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады.

Мемлекеттік инспекторлар:

  • мемлекеттік метрологиялық қадағалау үшін нақтылы ны- сандарды тексеруді және қызметтік куәліктегі тапсырмаларды кедергісіз рұқсат алуға;

  • физикалық және заңды тұлғалардан құжаттар мен мә- ліметтерді сұрауға (олар метрологиялық қадағалауды өткізуі үшін қажетті);

  • техникалық құралдарды қолдану және тексерілетін ны- сандардың мамандарынан мәліметтер алуға;

  • өндіріс және өлшеу кұралдарының сәйкес келмейтін түр- лерін, метрологиялық іскерлік сараптаудан өтпегендерінің шығарылуын тыюға;

  • дәлдеу таңбасын өшіру немесе өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттарды жоюға (егер өлшеу құралы жарамсыз болса);

  • метрологиялық ережелер және нормалардың бұзылуы кезіндегі ұйғарымды орындауға толықтай құқылы.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік ба- қылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерулер түрінде жүзеге асырылады.

Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйін және қолда- нылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық қадағалау қарастырады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыра- тын лауазымды адамдардың құқықтары

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды техникалық рет- теу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/108450