«Дулат-қазақтың ұлы ақыны,ұлылықтың бастауы.» (Р.Сыздықова)Туған жері : Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Аягөз ауданы.Шығармашылығы: «Бірінші сөз», «Бараққа», «Ақтанға», «Сүлейменге», «Айтқызбасымды айтқыздың», «Алладан сұрап иманды», «атаны бала алдады», «тегімді менің сұрасаң», «Ата қоныс арқадан», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Сауыр жерден айрылып»(Аягөз қайда барасың?), «О,Сарыарқа , Сарыарқа»,т,б өлеңдері , «Еспембет» поэмасы .Дулат Бабатайұлы –қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті өткір сынаған реалистік бағыттағы ақын. Өлеңдері ,негізінен, саяси әлеуметтік лирикаға жатады.Өлеңдерінде ақыл-нақылдық сарын көптеп кездеседі, шыншылдық,сыншылдық , өткір сатира астасып жатады.Д.Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын: «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық », «Қара қарға » т.б.Д.Бабатайұлы өлеңдері «Өсиетнама » деген атпен Қазанда 1880 ж басылыпшыққан. Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жолдай делінеді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақын: (Дулат)
Абай өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттысы кім деп көрсеткен?
Дулат Бабатайұлы)
Дулат Бабатайұлының өмір сүрген уақыты: (1802-1871(кей деректе 1874); ( 10 сынып .Қазақ әдебиеті.ЖМБ. 1871;ҚГБ.1874)
Дулат ақынның әкесі (Бабатай )
Семей облысы Аягөз ауданында туған, орыс отаршылардың зымияндық счаясатын әшкерелеген ақын: (Дулат)
Д.Бабатайұлының өлеңдері ,негізінен, қай лирикаға жатады? ( Саяси-әлеуметтік лирикаға )
Дулат поэзиясының алтын өзегі : (Отарлық езгіге қарсы күрес)
Дулаттың автомінездемесі берілген өлеңі: (Айтқызбасымды айтқыздың); Дулат ақынның автопортретін берген өлеңі: (Айтқызбасымды айтқыздың);
Д.Бабатайұлының туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қимас сезімін шабыттана жырлаған өлеңі: («Бірінші сөз»)
«Ел бүлдірген бегіңді ,
Улы тілмен улаттым,»-деп жырға қосқан зар заман ақыны: (Дулат)
Бытырап ,азып-тозған ел,
Бөдене емей немене?-деп береке-бірлікті сақтауға шақырған ақын: (Дулат Бабатайұлы)
Д.Бабатайұлының ел әкімдерін уытты тілмен өлтіре сынаған өлеңі: («Тегімді менің сұрасаң»)
«Менің атым-Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ»,- деп жырлаған ақын: (Дулат БабатайұлыАйтқызбасымды айтқыздың);
Барақ,Кеңесбай ,Сүлеймен сияқтыел әкімдеріне арнап өлең жазған ақын : (Дулат)
Жетім бала Ақтанның болашағын қатты толғанып,оның қатарға қосылатынынына ,жетілетініне сенім артып,ел қорғаны болуын аңсайтын өлеңі: («Ақтанға»)
«Сен де жетер ме екенсің?
Жетімдіктің беліненАсып өтер ме екенсің?Жарық сәуле көре алмай ...»- деген үзінді авторы мен өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл: (Дулат , риторикалық сұрау)
Ел қорғаны болар ер туса деген идеяны ел зердесіне құю үшін жазылған дастанның авторы : ( Дулат Бабатайұлы «Еспембет»)
Дулат Бабатайұлының жетім бала туралы дастаны: («Еспембет»)
Еспенбет батыр жас кезінен жетім қалып, кімнің қолында тірбиеленген?
(Нағашысы Қосай)
Д.Бабатайұлы жырға қосқан Еспенбет батырдың тұлпары : (Ақбөрте)
Ақбөрте қай жарыста оза шауып, бас бәйгені алды? (Сәтімқұл бидің ас берген тойында )
«Ер Еспенбет кешегі
Ерекше ер деседіТіл біткеннің шешені,
Топта бермес есені,» -деген үзінді қай ақынның поэмасынан алынған?
( Дулат Бабатайұлы «Еспембет»)
«Ер Қабанбай ту байлап,
Ерекше ер деседі.Тіл біткеннің шешені,Топта бермес есені,»- деген үзінді қай ақынның поэмасынан алынған?( Дулат Бабатайұлы «Еспембет»)
«Ер Қабанбай ту байлап,
Арқартаң атты борбайлап,Қалмақтарға лап қойды.» Үзінді алынған шығарма: ( Дулат Бабатайұлы «Еспенбет»)
Қабанбай батыр, Ақтанберді Дулат ақынның қай шығармасында кездеседі? («Еспенбет» поэмасында )
Дулаттың «Еспенбет » дастанындағы Еспенбет бейнесі : (Елінің жауын жеңуді мақсат етеді; Опасыз дүние-мүлікке қызықпайды)
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,Қаратау-Қарнақ жері.Қайтыс болған жері: Қарағанды облысы, Шет ауданы.Шығармалары:«Зар заман», «Тар заман», «Бала зары», «Опасыз жалған», «Заман қайтіп оңалсын?», «Замана» , «Келер заман сипаты », «Осынша азды ел неден?», «Байды құдай атқаны», «Қалықтаған сұңқар ем», «Атамыз адам пайғамбар», «Жарлының жаны берік-ті», «Насихат»,т.б.
Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдары: (1818-1881)
Шортанбай Қанайұлының туған жері : (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,Қаратау-Қарнақ жері).