Мысалы: Кузбасс–Кузбасста, Донбасс– Донбассқа.
-
Орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: Трест+ке=треске, ведомость+қа= ведомосқа, подъезд+ге=подъезге, т.б.
-
Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жіңішке жалғанады. Мысалы: геологі, педагогтер, парктен, ансамбльге, пункті т.б.
Қосымша: Орыс тілінен енген сөздердің соңында
ь жіңішкелік белгісі келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанса,
ь сақталып жазылады.
Мысалы: секретарьға, автомобильмен, фестивальді т.б. Ал дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгісі (ь) түсіп қалады.
Мысалы: секретары, автомобилім, фестивалі т.б.
БУЫН -
Буын– сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.
-
Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
-
Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:
1. ашық буын
2. тұйық буын
3. бітеу буын
түрі
| Мысал
| Ереже
|
Ашық буын
| -
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді.
-
Тек дауысты дыбыс-тан тұрады.
| А-ға, а-на, ә-ке, а-та
ба-ла, қа-ла, ке-рі
ша-на-ны, бо-са-ға
|
Тұйық буын
| Дауысты дыбыстан бас-талып, дауыссыз дыбыс-қа бітеді.
(Көбінесе бірінші буында кездеседі.)
| 1-буында: ат, ет, ант, өрт
2-буында: ки-ік, ти-ын
3-буында: тұңғи-ық,
ақи-ық
4-буында: әдеби-ет,
мәдени-ет
|
Бітеу буын
| Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.
| 1. бал, таң, көз
2. тарс, төрт, қант, бұлт
3. штамп, класс, грамм
4. мек-теп, бал-дыр-ған,
|
Қосымша: -
Сөз ішінде келген үнді дауыссыз дыбыстар: у, й, ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әрпі болады. Мысалы, қа-уын, қа-йық, қо-ңыр т.б.
-
Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді. Мысалы, құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.
-
Қазақ тілінде бір дауыстыдан тұратын буын сөздің басында (а-та), ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.
Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.
Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, «Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады:ке – реге, кере – ге;
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:
-
Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а – та, ә – ке, арми – я.)
-
Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)
-
Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, ҚазҰУ, ҚазМУ, ҚР)
Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.)
-
Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов. Қ.С.Мусин)
-
Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды. (15 см, 20 кг, 100 га)
ЕКПІН
-
Екпін – сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.
-
Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі.
-
Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді
Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:
-
Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы , туралы т.б.
-
Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.
-
Болымсыз етістіктің жұрнағына (-ма, -ме, -па, -пе, ба, -бе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме т.б.
ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ
(Сингармонизм заңы)
Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы.
Үндестік заңының2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
БУЫН ҮНДЕСТІГІ
-
Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.
-
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
-
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады. Оны төмендегі кестеден көруге болады:
Сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс жуан болса, қосымшадағы дауысты да жуан болады.
| қаз-дар / қаз-дер (емес)
тас-қа / тас-ке (емес)
|
Ал соңғы буын жіңішке болса, қосымша да жіңішке жалғанады.
| үй-лер / үй-лар (емес)
есік-ті / есік-ты (емес)
|
Ескерту: Мынадай сөздерде: а. қос сөздерде (аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б.)
ә. біріккен сөздерде (шекара, баспасөз, көзқарас т.б.)
буын үндестігі сақталмайды.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -
Көмектес септіктің -мен, -бен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде жалғанады. Мысалы: Қаламмен жаздым. Әсетпен бірге келді т.б.
-
Меншік ұғымды білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды. Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі т.б.
-
-Паз, -қор, -қой, -ғой, -кер -гер, -кеш, -хана, -ист, -изм, -бан, -жан, -тал жұрнақтары буын талғамайды, сол күйінде жазылады. Бұл жұрнақтар – қазақ тіліне шет тілінен енген қосымшалар. Мысалы: әсемпаз, әзілқой, еңбекқор, ақылгөй, жұмыскер, арбакеш, дәріхана, мейірбан, сезімтал т.б.
Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар: -
Кірме сөздерде дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып араласып келе береді. Мысалы:
араб тілі: кітап, мұғалім, құдірет т.б.
орыс тілі: кино, театр, алгебра т.б.
-
Х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар жуан түрде жалғанады. Мысалы: тарих-тың, цех-тан т.б.
-
Рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк-тен, танкі-ні, пункт-ке т.б.
-
Ль әріптерінің тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: рольді, ролі, рульді, рулі т.б.
ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІДыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 3 түрі бар:
1. ілгерінді ықпал
2. кейінді ықпал
3. тоғыспалы ықпа
1. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ -
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы. (1 2)
-
Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары:
1)
Сөз бен қосымша арасында: қаш-
са (қаш
ша)
2)
Екі сөз арасында: ақ
балық (ақ
палық)
3)
Күрделі сөздерде:а) біріккен сөз: көз
қарас (көз
ғарас)
ә) тіркескен сөз: ала
кел (ала
гел)
б) қос сөз: құрбы-
құрдас (құрбы-
ғұрдас)
-
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
-
Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы үнді немесе ұяң дауыссыздан басталады.
Терезе - лер
Терезе - ге
Терезе- ден
| Қаз - дар
Қаз - ға
Қаз – бен
|
Ескерту: ш, с дыбыстарынан басталатын қосымшалар ілгерінді ықпал заңына бағынбай, сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді болса да, сол күйінде жалғана береді.
Мал - сыз
Кір-сіз
Кім - сің
| Кел - сін
Құлын - шақ
Тіл - ші
|
-
Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болады.
Кітап - тар
Кітап - қа
| Орақ - тар
Орақ - қа
|
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:
-
(ш+с=шш)
Сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысының орнына қатаң ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Қаш-са
Аш-са
Іш-сін
| Қашша
Ашша
Ішшін
|
-
(п+б=пп)
Біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары б дыбысынан басталса, айтылуда б дыбысының орнына қатаң п дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Жүсіп-бек
Кеңес-бек
Қанат-бек
| Жүсіппек
Кеңеспек
Қанатпек
|