-
(п+б=пп)
Сөз тіркесінің алғашқы сыңары
қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екінші сөз
ұяң б дыбысынан басталса, бұл дыбыс айтылғанда,
қатаң п дыбысы болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Алып бер
Тоқ бала
| Алып пер
Тоқ пала
|
-
Біріккен сөздің бірінші сыңары немесе сөз тіркесінің бірінші сыңары дауысты дыбыс немесе үнді не ұяң дауыссызға бітіп, екінші сыңары қатаң к, қ дауыссыздарынан басталғанда, бұл екі дыбыс ұяң г, ғ болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Жиен - құл
Көз-қарас
Қара-көз
Боз-көйлек
Күз келді
Ала кел
| Жиенғұл
Көзғарас
Қарагөз
Бозгөйлек
Күз гелді
Ала гел
|
2. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ -
Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдынғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (1 2).
-
Кейінді ықпалдың кездесетін орындары:
1.
Түбір мен қосымша арасында: ба
с + шы – ба
шшы;
2.
Екі сөз арасында: а
қ лақ (а
ғ лақ)
3.
Күрделі сөздерде:а) біріккен сөз: Есе
нгелді (Есе
ңгелді)
ә) тіркескен сөз: о
н бес (о
м бес)
б) қос сөз: аста
н-кестен (аста
ң-кестен)
-
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
-
(қ, к, п + дауысты = ғ, г, б )
Сөз қатаң
қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған
дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса,
к, қ, п дыбыстары өзгеріп, ұяң
г, ғ, б дыбыстарына айналады.
ая
қ + ы = ая
ғы
күре
к + і = күре
гі
до
п + ы = до
бы
жа
қ (жаға бастады) 2. (
п + -ып, -іп =
уып,
уіп)
Етістіктің түбірі п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысы өзгеріп, үнді у дыбысына айналады.
ша
п + ып = ша
уып
ке
п + іп = ке
уіп
се
п +іп = се
уіп
жа
п+ ып = жа
уып
-
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:
-
(н+ғ,г = ңғ, ңг), (н+қ,к = ңқ, ңк)
-
Жазылуы
| Айтылуы
|
Жан + ғали
сен + гім
жан қайғы
| Жаңғали
сеңгім
жаң қайғы
|
Сөз үнді н дыбысына аяқталып, келесі сөз немесе қосымша ғ, г, қ, к дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда н дыбысының орнына ң дыбысы естіледі. Жазуылда бұл ескерілмейді
3. (
с+ш =
шш), (
з+с =
сс), (
з+ш =
шш)
Сөз
с, з, дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, қосымша
ш, с дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда
с дыбысының орнына
ш дыбысы, ал
з дыбысының орнына
с не
ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді
Жазылуы
| Айтылуы
|
Ас + шы
Көз + сіз
Жаз+шы
| Ашшы
Көссіз
Жашшы
|
-
(з+ж=жж)
Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі
з дыбысына аяқталып, екінші сөзі
ж дыбысынан басталса, айтылуда
з дыбысының орнына
ж дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Бозжан
Жүз жыл
Боз жорға
| Божжан
Жүж жыл
Бож жорға
|
-
(н + /б,в,п/ = мб, мв, мп)
Сөз
н дыбысына аяқталып, екінші сөз немесе қосымша
б, в, п дыбыстарының бірінен басталса, айтылуда
н дыбысының орнына
м дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Жан + пейіс
Тұрған + бек
Есен + бай
Он бес
| Жампейіс
Тұрғамбек
Есембай
Ом бес
|
-
Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі қ, к, п дауыссыз дыбыстарына бітіп, екінші сөз дауысты не ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарынан басталса, бірінші сөздің соңындағы қ, к, п дыбыстарының орнына, ғ, г, б дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Көк жиек
Шолақ еді
Шөп әкелді
Көк ала
| Көг жиек
Шолағ еді
Шөб әкелді
Көг ала
|
-
Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі мен екінші сөзінің аралығында екі дауысты қатар келгенде, біріншісі түсіріліп айтылады, жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Торы ала ат
Сарыарқа
Қара ешкі
Келе алмайды
| Торалат
Сарарқа
Қарешкі
Келалмайды
|
Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді–кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.
-
(с+ж=шш) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі с дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда с мен ж дыбыстарының орнына шш дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Досжан
Жанқожа
Тас жол
| Дошшан
Жаңғожа
Ташшол
|
-
(н + /к,қ/ = ңғ, ңг)
Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі
н дыбысына аяқталып, екінші сөзі
к, қ дыбыстарынан басталса, айтылуда
н мен
к, қ дыбыстарының орнына
ңғ, ңг дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
| Айтылуы
|
Есен келді
Жиенқұл
| Есеңгелді
Жиеңғұл
|
ОРФОГРАФИЯ ЖӘНЕ ОРФОЭПИЯ -
Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.
Орфография – сөздердің
дұрыс жазылу заңдылығы,
Орфоэпия – сөздердің
дұрыс оқылу заңдылығы.
-
Қазақ тілінде сөздер көбіне қалай жазылса солай оқылады. Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады. Мынадай жағдайларда сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады:
-
дыбыс үндестігі, яғни қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі;
-
еріндік дауыстылардың (ұ, ү, о, ө) өзінен кейін келген езулік дауыстыларға (ы, і, е) әсер етуі;
Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты төмендегі кестеден көруге болады:
Жазылуы
| Айтылуы
|
Көзілдірік
| Көзүлдүрүк
|
Өлең
| Өлөң
|
Жұлын
| Жұлұн
|
Қара ала
| Қарала
|
Ақ ешкі
| Ағ ешкі
|
3,Орфографиялық заңдылық төмендегі принциптерге негізделеді:
Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады. Бұл принцип, негізінен, сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі.
Мысалы: адамдар, ағаштар, қартқа т. б.
Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.
Мысалы: хайуанат, кейуана, миуа, қиуа, белбеу, Ботагөз, Амангелді, жаздыгүні т.б.
Күрделі сөз бен сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады.
Айтылуы
| Жазылуы
|
Шегара
Жер-гөк
Қоян-ғолтық
| Шекара
Жер-көк
Қоян-қолтық
|
ЛЕКСИКАЛексика (грек."сөздік қор") мынадай тақырыптарды зерттейді:
1. Жалпы қолданыстағы сөздер
| күнделікті өмірде қолданылатын сөздер: бар, кел, есік, туысқан, соғыс т.б.
|
2. Қолдану аясы шектеулі сөздер
| 1. архаизм 6. кәсіби сөз
2. историзм 7. табу сөз
3. неологизм 8. кірме сөз
4. диалект сөз 9. эвфемизм
5. термин сөз 10. дисфемизм
|
3. Қанатты сөздер
| 1. тұрақты сөз тіркесі
2. идиома
3. мақал-мәтел
4. афоризм (нақыл сөз)
|
4. Сөздің лексикалық мағыналары
| 1. Сөздің тура мағынасы
2. Сөздің ауыспалы мағынасы
3. Сөздің көп мағыналылығы
4. Синоним
5. Антоним
6. Омоним
|
-
Лексиканың мынадай салалары бар:
Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.
Семасиология – тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала.
Этимология – жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.
Фразеология - тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.