Материал: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіМинистерство образования и науки Республики КазахстанЖеке меншік мекемесі «Теміртау жоғары медициналық коллджі»Частное учреждение «Темиртауский высший медицинский колледж»Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритмжиынтығыПән атауы: «Мейіргер ісі негіздері»Қарастырылды Тексерілді Бекітілді«__»_____2019ж. Әдіскер ОІЖ директордың ор.№4 ЦӘК мәжілісінде Т.Ю.Медведева Б.К.Кызылбаева№4 ЦӘК төрайымы __________ «___»______2019 ж.Г.В. Акашев _______Ішкі пайдалануға арналған. Құрастырған бірінші санаттағыоқытушы Калдыбаева Ч.Б. МАЗМҰНЫІ. Жұқпалық қауіпсіздік1. Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту2. Қолды гигиеналық деңгейде тазарту3. Қолды антисептикпен тазарту (спиртпен, хлоргексидинмен және т.б)4. Залалсыздандырылған қолғапты кию5. Қолғапты шешу7. Залалсыздандырылған халатты кию8. Хлорамин ерітіндісін даярлау9. 5% гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау10. Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

  • Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

  • Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

  • Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
11. Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу12. Залалсыздандырылған үстелді дайындауІІ. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау13. Науқастың дене салмағын өлшеу14. Науқастың бойын өлшеу15. Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту16. Гигиеналық себезгіні (душты) жүргізу17. Гигиеналық бұлауды (ваннаны) жүргізу ІІІ. Қауіпсіз ауруханалық орта18. Науқасты Фаулер қалпына жатқызу19. Науқасты Симс қалпына жатқызу20. Науқасты ішімен жатқызу21. Науқасты арқасымен жатқызу22. Наукасты қырымен жаткызуІV. Науқастың жеке бас тазылығы23. Науқасқа төсек-орын дайындау24. Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)
25. Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс)26. Ішкі киімді ауыстыру27. Халі ауыр науқастың шашын күту28. Науқасты ылғалды сүрту29. Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу30. Қолдағы тырнақты қиып алу31.Аяқтағы тырнақты қиып алу32. Науқасты қырындыру33. Қолтық ойығындағы шашты қыру34. Қасағадағы шашты қыру35. Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу36. Халі ауыр ер адамның жыныс мүшесін жуу37. Дәрет сауытын (судноны) беру38. Зәр қабылдағышты беру39. Көзді күту40. Мұрын қуысын күту41. Құлақты күту42. Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күтуV. Науқастың функциональды жағдайын бағалау43.Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу44. Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау45. Қан қысымын өлшеу46. Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу47. Су балансын анықтау және есептеуVІ. Тамақтану және науқасты тамақтандыру48. Халі ауыр науқасты тамақтандыру49. Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру50. Гастростома. Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру51. Гастростоманы күтуVІІ. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу52. Жылытқышты қолдану53. Мұзды мұйықты қолдану54. Қыша қағаздарын қою55. Ыстық ылғалды компресті қою56. Салқын компресті қою57. Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою58. Сүлікті қою59. Ылғалдатылған оттегін мұрын катетері арқылы беруVІІІ. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері61. Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау62. Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны қолдану63. Тұрындыны, экстракты (шырсөлді) қолдану64. Науқасқа ұнтақты қолдану65. Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу66. Көзге тамшы тамызу67. Көз майын қаттастырып салу68. Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу69. Жеке ингаляторды қолдану70. Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану71. Жабысқақ дәрілік пластырьді салу72. Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану73. Дәрілік ерітіндіні теріге майлау74. Майлы таңғышты орындау75. Теріге майды жағу76. Теріге майды сылап жағу77. Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу78. Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
79. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу80. Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу81. Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері82. Тері ішіне инъекцияны орындау83. Тері астына инъекцияны орындау84. Инсулинді енгізу85. Бұлшық етке инъекцияны орындау86. Көк тамырға иньекцияны орындау87. Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру88. Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындауІХ. Пункциялар89. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау90. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) даярлау91. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) пункциясына дайындау92. Науқасты және медициналық құрал- саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау93. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлауХ. Клизмалар. Жел шығаратын түтік94.Тазарту клизмасын қою95. Сифон клизмасын қою96. Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою97. Жел шығаратын түтікті қою98. Майлы клизманы қою99. Дәрілік клизманы қою100. Тұзды (гипертониялық) клизманы коюХІ. Құықты катетерлеу101. Әйелдердің қуығын катетерлеу102. Ерлердің қуығын катетерлеу103. Қуықты жууХІІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерін науқасты дайындау104. Лабораториялық анализге саусақтан қан алу105. Көк тамырдан вакуумдық жүемен қан алу106. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу107. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау108. Атиптік жасушаларға қақырықты жинау109. Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау110. Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау111. Жеке қалта түкіргішті қолдану112. Жұтқыншақтан жағынды алу113. Мұрын қуысынан жағынды алу114. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау115. Нечипоренко әдісімен зәрді жинау116. Зимницкий байқауына зәрді жинау117. Диастазаға зәрді жинау118. Қантты анықтауға зәрді жинау119. Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау120. Розин байқауын жүргізу121. Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау
122. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерге)123. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (еркектерге)124. Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу125. Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу126. Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу127. Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті көректі ортасы бар Петри табақшасына алу128. Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу129. Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу130. Науқасты бронхоскопияға даярлау131. Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау132. Науқасты колоноскопияға даярлау133. Науқасты ректороманоскопияға даярлау134. Науқасты цистоскопияға даярлау135. Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау136. Науқасты бронхографияға дайындау137. Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау138. Науқасты ирригоскопияға дайындау139. Науқасты көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындауХІІІ. Сүнгілі манипуляциялар140. Асқазанды жуу141. Асқазанды сүңгісіз жуу142. Науқасты дайындау және асказанғы фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу143. Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізу144. Құсқан науқасқа алғашқы көмекХІV. Өкпе-жүрек реанимациясыІ. Жұқпалық қауіпсіздік1.Қолды әлеуметтік деңгейде тазартуМақсаты: науқастармен және қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқаспен қызметкерлерге жұқпалы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Көрсеткіштері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда, әжетханаға барғаннан кейін, науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.Құрал-жабдықтар: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабын, секундтық тілі бар сағат, қағаз орамалдар, ҚЖКЖК .Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  3. Қағаз салфеткалары көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) тексеріңіз, ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз (осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті, егер қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса).

  5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолынызды шайыңыз (қолыңызды саусақтарымен жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).

  6. Екінші қолды жууды осындай ізбе-ізділікпен қайталаңыз.

  7. Шынтақ шүмекті шынтақ қимылымен жабыңыз.

  8. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз. Егер шынтақ шүмегіболмаса, қағаз сүлгіні қолдана отырып, шүмекті жабыңыз.
2.қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТуМақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкерлердің жұқпалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Көрсеткіштері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.Құрал-жабдықтар: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабын, тері антисептикасы, секундтық тілі бар сағат, жылы ағынды су, қағаз сүлгі, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды
шешіңіз.

  1. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  3. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С тексеріңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  4. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:
1. Бір алақанды екінші алақанға қайтарымды-үдемелі қозғалыспен уқалау; Бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақ арасындағы аралығына біріктіру, саусақтардың ішкі беттерін жоғары және төмен қозғалтып ысқылау.;2.Оң алақанмен сол қолдың сыртқы жағын уқалау, қолды ауыстыру;3. Саусақтарды «құлыпқа» біріктіру, бүгілген саусақтардың сырт жағымен екінші қолдың алақанын ысқылау;4. Сол қол буынының бас бармағының түбінен оң қол буынының бас бармағымен және сұқ саусағымен қапсыра ұстау, айналдыра ысқылау.  Білекте қайталау. Қолды ауыстыру. 5. Сол қолдың алақанын оң қол саусақтарының ұштарымен айналдыратын қозғалыспен ысқылау, қолды ауыстыру6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары ұстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады).7.Оң қолдың қырымен сол қолдын алақанына ысқалаймыз;8. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.9. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатып, ҚЖКЖК-ға салыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.Ескерту:

  • Әр қозғалыс кемінде 5 рет қайталанады. Қолды өңдеу 30 секунд - 1 минут бойы жүзеге асырылады.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/153009