Материал: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Көрсеткіштері: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.Қарсы көрсеткіштері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия, стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.Асқынулар: асказаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүнгісі, лоток, асказан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдыс (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприц, қысқыш, сүлгі, қолғап, клеенкалы алжапқыш, салфеткалар,энтералды- орамжапрак қайнатпасы, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, зертханаға жолдама жазыңыз (оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі), ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.

  4. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғап, алжапқышты киіңіз.

  6. Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.

  7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.

  8. Сүнгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).

  9. Залалсыздандырылған сүнгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  10. Залалсыздандырылған сүнгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.

  11. Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүнгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.

  12. Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап, сүнгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүнгіні шығарып алыңыз!).

  13. Наукасқа ескертіңіз, сүнгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.

  14. Сүнгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.

  15. Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).

  16. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік – «өзекті» сөлдену).

  17. Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% , 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.

  18. 10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес).

  19. Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес).

  20. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).

  21. Салфетканың көмегімен асқазаннан сүнгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.

  22. Қолданылған сүнгіні, қолғапты, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  23. Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз.
Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді токтату қажет.147. Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізуМақсаты:диагностикалық: 12-елі ішек пен өт қабынан өттін сөлін зертханалық зерттеуге алу, өт қабының концентрациялық қызметінің сақталуы мен қысқару қызметін зерттеу және сфинктерлік қызметін бағалау; емдік– өт қабының моторлы қызметі томендегенде (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.Көрсеткіштері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.Қарсы көрсеткіштері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия, қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісі, Жане шприці, 20 мл шприц, лоток, штатив белгіленген пробиркаларымен, қысқыш, сүлгі, салфеткалар, қолғап, жылытқыш, жұмсақ көпшік, аласа орындық, өт қабының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісі, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

  4. Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.

  5. Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде болса).

  6. Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтын арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.

  7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.

  8. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  9. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).

  10. Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).

  11. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.

  12. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.

  13. Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.

  14. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.

  15. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты
салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

  1. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.

  2. Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

  3. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

  4. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.

  5. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).

  6. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.

  7. Сүңгіні салфетка көмегімен шығарып алыңыз.

  8. Қолданылған қолғапты, салфетканы, сүңгіні ҚЖКЖК -ға салыңыз.

  9. Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханаға жіберіңіз.

  10. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.
Ескерту:

  • емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

  • зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

  • асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сұйықтық түспесе,

  • онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

  • асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді және сүнгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

  • бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

  • егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;

  • зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.
148. ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алуҚұрал-жабдықтар: сүлгі, лоток, шылапшын, электросорғыш, алмұрт тәрізді баллон, клеенка, шпатель, қайнатылған су, салфеткалар, стакан, қақпағы бар таза, құрғақ банка, қолғап, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы)

  1. Жедел дәрігерге хабарлаңыз.

  2. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғына шылапшынды қойыңыз.

  3. Науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде олар болса).

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.

  6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

  7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

  8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз (қанды құсық пайда болғанда).

  9. Белгісіз умен уланғанда құсықты таза құрғақ банкіге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

  10. Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зертханалық зерттеуге жіберіңіз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты ҚЖКЖК – ға салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
149. Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсетуМақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алуҚұрал-жабдықтар: сүлгі, лоток, шылапшын, электросорғыш, алмұрт тәрізді баллон, клеенка, шпатель, қайнатылған су, салфетка, стакан, қақпағы бар таза құрғақ банка, қолғап, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрігерді шақырыңыз.

  2. Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз, егерде бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Жастықты алыңыз. Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егерде олар болса).

  5. Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.

  6. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз.

  7. Әрбір құсқаннан кейін, науқастың ауызын қайнатылған сумен шайып, салфеткамен сүртіңіз.

  8. Қолғапты, салфетка, сүлгілерді ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  9. Құсықты қарап, зертханаға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.
ХІV. Өкпе-жүрек реанимациясы150. Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикеніңіс-әрекет алгоритмі Орталық жүйке жүйесінің қызметінің тежелуінін сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуынын және жасушылар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – қан айналымы жоқ жағдайда толық өттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады. Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):

  • мәнгіру;

  • есі шатасқан;

  • артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;

  • шеткері артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;

  • тыныс алуы жие, үстірт;

  • ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі);

  • терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.
Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс – бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайына қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.Жанталасу жағдайы – тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясынын және реактивті соңғы көрністерінін жиынтығы.Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы):

  • тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);

  • ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;

  • жүректің жиырылуы жиеленеді;

  • артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;

  • шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;

  • жалпы тонустық құрысу;

  • дене қызуы төмендейді;

  • еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/153009