Іс-әрекет алгоритмі: -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, жеке сүлгімен кептіріңіз. Қолғапты киіңіз.
-
Өлікті шешіндіріп, жастықсыз арқасымен аяқтарын жазылған күйінде жатқызыңыз.
-
Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.
-
Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, төсекте 2 сағатқа қалдырыңыз (биологиялық өлімнің белгілерін айқындау үшін).
-
ПАБ жолдама толтырыңыз (өліктің аты-жөнін, ауру тарихының нөмері, диагнозын, өлген күнін).
-
ПАБ-қа жіберер алдында өліктің санына (аты-жөнін, ауру тарихының нөмерін) жазыңыз.
-
Өлімнің анық белгілерін анықтаңыз: өлік дақтарын, сіресіп қатып қалуын, көз алмасының жұмсаруын (биологиялық өлімді анықтау).
-
Өлген адамның туыстарына хабарлаңыз.
-
Дәрігердің қатысуымен өліктен бағалы заттарын шешіп, тізімін құрастырыңыз. Оларды сақтауға аға мейірбикеге немесе туысарына қол қойып беріңіз.
-
Егерде бағалы заттарын шешуге мүмкіндік болмаса, онда ауру тарихына тіркеңіз.
-
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: үйде өлген науқастың өлімін учаскелік дәрігер анықтайды, клиникалық диагнозын және өлу себебін көрсетілген анықтаманы береді.Қолданған әдебиетттер:1.Профессиональные стандарты практических навыков и умений обучающихся – г. Алматы 20122. Хирургиядағы Мейірбике ісі – Астана 2013ж3. Қарқынды емдеу бөлімшесінің мейіргері – Мәскеу «ГЭОТАР - Медиа» -2016 ж