8.Миометрияға әсер ететән дәрілер.Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігін нейрогуморальды механизмдер реттейді. Миометрияда М-холинорецепторлар, а – және в2 – адренорецепторлар орналасқан. Миометрияның секреторлы белсенділігіне сонымен қатар эстроген (әйел жыныс гормоны), окситоцин (гипофиздің артқы бөлігінің гормоны) және простагландин қуаттандырғыш әсер көрсетеді. Миометрияның жиырылғыштық қызметін фармакалогиялық реттеу жатырға нейрогенді немесе гуморальды әсер ететін түрі өзгерген эндогенді заттар мен препараттар қолдануға негізделген. Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігіне әсер ететін дәрілер бірнеше топқа жіктеледі:1.Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)Миометрия – жатырдың бұлшық етті жүйесі. Миометрияның ырғақты жиырылуын кушейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын жеңілдетеді. Окситоцин тобының препараттары: окситоцин (синтоцинон), метолокситоцин, дезаминоокситоцин (сандопарт), питуитрин, гифотоцин (питуитрин М).Окситоцин – миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гпофиздің артқы бөлігінің (синтетикалық препараттарда осындай атауға ие) гормоны. Окситоцин миометрия мембранасының К+ иондарының өткізгіштігін жоғарылата отырып, әсер потенциялын азайтып, қозуды күшейтеді. Окситоцинге жатыр жүктілігінің соңғы айларында әсіресе босану кезінде сезімтал келеді. Окситоцин мерзімінен бұрын су кеткенде тиімді. Миометрияда окситоциннің әсерін эстрогенді гормондар күшейтеді. Окситоцин сүт бездерінің секрециясын жоғарылатады. Босануды (толғақты) шақыру жіне қуаттандыруда (к/т мин. 8-40 тамшыға дейін) босанғаннан кейінгі жатырдан гипотониялық қан кетуді тоқтату үшін (б/е) және жатырдың атониясында толғақты қуаттандыру үшін қолданылады. Жамбас пен ұрықтың ( іштегі бала) өлшемі сәйкес келмеуінде, ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуында, жатырдың жыртылу қаупінде, кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қолдануға болмайды. Oxytocinum – окситацин (Б): 1мл (1мл – 5ӘБ) амп. к/т (1 мл-н 5% 500мл глюкоза ерітіндісімен) тамшылатып енгізіледі. Метилокситоцин – окситоциннің синтетикалық аналогі; әсері, қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай. Дезаминоокситоцин – 50 ӘБ таб. босануды күшейту үшін трансбуккальды (шайнамай және жұтпай ұртында сіңіруі қажет) әр 30 мин. Сайын 1 таб. белгіленеді. Сонымен бірге босанғаннан кейінгі кезеңде жатырдың инволюциясын (қайтадан дамыту) тездету және лактацияны қуаттандыру үшін қолданылады.
Питуитрин-жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды. Құрамында окситоцинмен вазопрессин бар. Ағзада судың сіңірілуін төмендетіп, АҚ-ды жоғарлататын әсері бар. Қолданылуы окситоцинге ұқсас, антидиуретикалық қасиетіне байланысты қантты емес диабетте және энурезде қолданнылады.Жанама әсері жағынан АҚ-ның жоғарлауы байқалады.Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай және де гипертониялық ауруларда, айқын атеросклерозда, миокардитте, сепсисте, тромбофлебитте және жүктіліктің нефропатиясында қолдануға болмайды.Pituitrinum-питуитрин (Б) 1мл (5ӘБ) ампулада –толғақты күшейту үшін 0,2-0,25мл әр 15-30мин сайын 4-6рет т/а,б\е енгізіледі; жатырдан гипотониялық қан кетуді алдын алу және тоқтату үшін 1мл б\е және 1мл-н 5% 500 мл глюкоза ерітіндісімен к\т тамшылатып, ал 1мл-ден б\е-энурезде және қантты емес диабетте белгіленеді.Гифотоцин – құрамында вазопрессині аз питуитрин болып табылады, б/е және к/т енгізіледі.Простогландиндер тобының препараттары: динопрост (энзапрост Ғ, простагландин Ғ), динопростон (простагландин Е2, простин Е2, препедил гель).Простогландиндер – ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларында түзілетін, жартылай қныққан май қышқылдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простогландиндерді босануды қоздыру және қуаттандыру үшін, сонымен қатар медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айлрында оны тоқтату үшін қолданылады.2. Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер. (Утеротониялық дәрілер)Бұл препараттар миометрияның жиырылуын сергітетін заттар, ол кезде қан тамырлары қысылып, қан кету тоқтайды. Утеротониялық дәрілер босанғаннан кейінгі гипо- және атониялық қан кетуді тоқтату үшін, босанғаннан кейінгі және түсіктен кейінгі жатырдың инволюциясын тездету үшін, жатырдан гинекологиялық қан кетуде қолданылады. Жүктілікте босануда қолдануға болмайды.Қара күйе алкалоидтары: эргометрин, метилэргометрин, эрготамин, эрготал.Қара күйе-дәнді өсімдіктердегі паразитті саңырауқұлақ. Эргометриннің белсенділігі жоғары болып келеді. Эрготамин ми қан айналым ж.йесіне әсер етіп, мигренде қолданылады. Қара кү»йе алкалоидтары ОЖЖ-не тыныштандырғыш әсер көрсетіп, климакстық неврозда, вегетативті дистонияда, неврогенді және т.б бұзылыстарда қолданылады. Беллатаминал,Белласпон,Беллоид, препараттарының құрамына кіреді.
Жанама әсері: көбіне эрготаминде байқалады.: лоқсу, құсу, іш өту, әлсіздік, бұлшық ет ауырсынулары, Эрготаминді стенокардияда, гипертониялық ауруларда, атеросклерозда, тромбофлебитте, сепсисте, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.
Синтетикалық препараттары:котарнинКотарнин-жатырдан қан кетуде қолданылады, қара күйе алкалоидтарына қарағанда әсері әлсіз.ңжапырақ шөбнің тұнбасы мен сығындысы,
Өсімдіктекті дәрілері («әлсіз» жатыр дәрілері):
қалақай (крапива) жапырағының тұнбасы мен сығындысы,бұрыш таран тұнбасы мен сығындысы, шәңгіш қабығының қайнатпасы, арника тұндырмасы босанғғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетуде, жатырдың субинволюциясында және меноррагияда
қолданылады. Жүктілікте
қолдануға болмайды. 3. Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер (Токолитикалық дәрілер)Жүктілікті көтере алмауда және мезгілінен бұрын босану қаупінде, босану кезінде операцияға дайындау алдында қолднылады.
В2-адреномиметиктер: фенотерол (партусистен), сальбутамол (сальбупарт), гексопреналин (гинипрал), ритодрин (пре-пар), тербуталин (бриканил).В2-адренорецепторлады қуаттандыру нәтижесінде миометрияның тонусы мен жиырылу қызметі төмендейді. в2-адреномимметиктер айрықша токолитикалық әсері бар бірден бір дәрілік заттар тобы болып табылады. Жақсы қабылданады және ұрық пен жаңа ту,ан балаға кері әсер көрсетпейді. Күре тамырға енгізуден бастайды (мин 10-20 тамшыдан баяу,тамшылатып), сонон соң б\е пероральды енгізумен жалғастырады.
Жанама әсері: тахикардия, қолдың дірілдеуі, б\е әлсіздігі, АҚ-ң төмендеуі, терлеу, тынышсыздық және лоөсу байқалады. Жүрек ақауында, жүрек ырғағының бұзылысында, тиреотоксикозда және глаукомада қолдануға болмайды.
Миометрияға әсер ететін дәрілер
| Миометрия тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер
| әр түрлі препараттары
| Дәрілік препараттары
| Магний сульфаты, натрий окстбутираты, но-шпа
|
Гестагенді препараттары
| Прогестерон, оксипрогестерон капронаты, аллилэстреноол
|
В2-адреномиметиктер
| Фенотерол, сальбутамол, гексопреналин, тербуталин
|
Миометрия тонусын жоғарлататындар
| Фитопрепараттары
| Қалақай, жалбызтікен, мыңжапырақ, беріқарақат, шәңгіш
|
Синтетикалық препараттар
| Котарнин хлориді
|
Қара күйе препараттары
| Эргометрин, метилэргометрин тартаты, эрготамин, эрготал
|
Миометрия жиырылуының белсенділігін қуаттандыратындар
| В-адреноблокаторлар
| Пропранолол гидрохлориді
|
Простогландин препараттары
| Динопростон, динопрост
|
Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары
| Окситоцин, питуитрин, метилокситоцин,сандопарт
|
9.Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер.І. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер.Эритропоэз-кемігінде түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторы қан аздықты емдеу үшін қолданылады.1. Гипохромды \темір тапшылық\ қаназдықта қолданылатын дәрілер (түс корсеткіші 0,9 төмен)Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасымалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағв гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода \жілік майында, бауырда, көк бауырда\ болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілуі органикалық қышқылдардың \аскорбтн,алма, фумар,лимон қышқ және т.б\ әсерінен аш әшекте өтеді. Темір препараттарының теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сіңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданылады. Жанама әсері жағынан ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуды, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таб., капс., драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан айнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды енгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алудың бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, құсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды. Ferro-Gradument - ферро-градумент: 0,525 таб. шығарылады, 1 таб. таңғы астан 1 сағ. бұрын белгіленедіTardyferon- тардиферон: 0,257 драже, 1дражеден тамақтан 1сағ. бұрын таңертең және кешке қабылдауға белгіленеді.«Ferroplex»-«Ферроплекс»: 1-2 дражеден тәулігіне 3 рет тамақтан кейін белгіленеді. «Sorbifer durules»-«Сорбифкр- дурулес»: 1дражеден тәулігіне 2 рет тамақтан 30 минут бұрын белгіленеді.«Actiferrin» - «Актиферрин»: 1капс. тәулігіне 1-2 рет; сиропын (шәрбәт) – 1 шай қасықтан тәулігіне 1-3 рет; тамшысын - 40-50 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет белгіленеді. Ferrum lek - Феррум-Лек: 2 мл амп. Шығарылып, б/е; 5 мл амп. Шығарылып, к/т енгізіледі.Fercovenum- ферковен:
5 мл амп. Шығарылып, к/т енгізіледі. Темір мен кобальттың препараттары болып табылады.
«Гемостимулин» (құрамы: темір лактаты, мыс сульфаты, құрғақ тағамдық қан).
Темір препараттарының жіктелуі
Ішуге арналған препараттар
| Парентеральды енгізуге арналған препараттар
|
Темір (ІІ)сульфатының препараттары
А. әсері ұзартылған:
Ферро-градумент
Гемофер пролонгатум
Тардиферон
Б. Әсері қысқа:
Ферроплекс
Конферон
Сорбифер дурулес
Актиферрин
| Темір (ІІ)фурмаратының препараттары
Хеферол
Ранферон
Гемсинерал
Темір (ІІ) лактатының препараттары:
Гемостимулин
Фитоферролактол
Темір (ІІ) хлоридінің препараттары:
Гемофер
Алоэнің темірмен сиропы
| Күре тамырға енгізуге арналған
Ферковен
Феррум-Лек Бұлшық етке енгізуге арналған
Фербитол
Феррум-Лек
|
1.Гиперхромды қан аздықта қолданылатын дәрілерА. Перницозды (қатерлі в12 тапшылық,мегалобласты,Адиссон-Бирмер) анемия в12 витаминінің тасымалдануын қамтамасыз ететін асқазан сөліндегі Касла «ішкі факторы» болмауынан в12 витам сіңірілуі жетіспеушілігінен пайда болады.В12 втимині бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, сүт өнімдерінде бар,ал өсімдік тағамдарында кездеспейді.Пернициозды анемияда бауыр және жүйке жүйесінің ауруларында
қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, тахикардия, жүрек тұсының ауырсынуы, қан ұюының жоғарлауы және ОЖЖ-гі қозудың жоғарлауы байқалуы мүмкін. Жіті тромбоэмболеяда, эритремияда және эритроцитозда
қолдануға болмайды.Cyanocobalaminum (Vit. B12) – цианокобаламин (витамин В12): 0,003%, 0,01%, 0,02%, 0,05% 1 мл ерітінді ампулада шығарылып, күн ара немесе күндеб/е, т/а, к/т енгізіледі. Мөлшерін науқастың жағдайына қарай белгілейді. Бір инеде В1 және В6 витаминдерін бірге енгізуге болмайды, себебі кобальт иондары оларды бұзып, витамин В12, витамин В1-ң аллергиялық реакцияларын күшейтеді.