| Балл саны | Сипаттамасы |
| 9-10 | Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған. Ұсынылған тақырып бойынша көлемі 100-110 сөзден тұратын, келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізген, қателерді жібермеген. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданған. |
| 7-8 | Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған. Ұсынылған тақырып бойынша келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық жеткізген, жіберілген кейбір қателер сөздердің байланысында түсінуді қиындатпайды. Жазба жұмысында тыныс белгілердің түрлері мен қызметін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданған. |
| 5-6 | Жазба жұмысының (эссенің) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір лексикалық сөздер орынды қолданылған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық білдіреді, бірақ келісу-келіспеу эссесі бір жақты болмаған, жіберілген қателер тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданбағаны жалпы әсерді бұзады. Ойын анық жеткізе алмаған, қателерді ішін-ара жіберген. |
| 3-4 | Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы жүйесіз. Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалған. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы ішін-ара тыныс белгілерінің түрлері сөз және сөйлем ішінде орынды қолданбаған. |
| 1-2 | Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы сақталмаған. Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерді бір жақты тоқталуға талпынды, бірақ ойы шашыраңқы. Көркем тіл құралдары аз қолданылған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер бар. Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданылмағандықтан мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
| Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма түрлері | Тапсырмалар сипаттамасы | Орындау уақыты, мин | Балл |
| 1-2 | 6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу. | Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар | Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 150-170 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) ойын анық жеткізеді. Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады. Берілген мәтін бойынша өз пікірін білдіріп, диалогкқа түсуі қажет. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма бойынша оқушы тыңдаған мәтіннен термин сөздерді орынды қолданылуын бағалайды. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 5 |
| 5 | |||||
| 3-4 | 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану. | Ашық жауап, сәйкестендіру | Тапсырма жеке орындалады. А мәтінінен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. Көтерілген мәселені анықтауға әр мәтінге үш-үштен сұрақтар құрастырады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады. | 15 | 2 |
| 6 2 | |||||
| 5 | 6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі); 6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін дұрыс қолданып, берілген тақырыптан ауытқымай, «Техниканың біздің елімізде дамығанына келісесіз бе?» немесе «Францияның Ұлттық кітапханасында 2700 қызметкер жұмыс жасайтынына келісесіз бе?» деген тақырыпқа абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп көлемі 100-120 сөзден тұратын «келісу, келіспеу» эссесін жазады. | 25 | 10 |
| Барлығы | 40 минут | 30 | |||
| Балл | Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы | Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
| 9-10 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Мәтін мазмұны негізінде термин сөздер мен дайын тіркестерді толық әрі орынды жеткізеді. |
| 7-8 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателерді жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Диалогқа түскенде ойланып термин сөздер мен дайын тіркестерді әрі орынды жеткізеді. Өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
| 5-6 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысу барысында ойы шашыраңқы. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. | Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, термин сөздер мен дайын тіркестерді орынды қолданады, бірақ диалогқа түскенде өз ойын түсінікті жеткізуге қиналады. Сырттан көмек қажет етеді. |
| 3-4 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді аздап қолданады. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. | Сырттан көмек қажет етеді. Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Диалогқа түскенде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолдануда қиналады, қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
| 1-2 | Коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер және терминдердің қолдану аясын аз түсінеді. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. | Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Диалогқа түсуде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолданып тақырыпты ашуды дамыта алмайды, аз қатысады. |