Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларыІ нұсқаТыңдалым және айтылымТапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдап, құрылымдық ерекшелігіне назар аударыңыз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Негізгі ойын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні.
Ғажайып КөктөбеКөктөбе – Қазақстанның ең көрікті әрі таңғажайып орындарының бірі. Қаланың ең биік нүктесі – Көктөбе теңіз деңгейінен 1100 метр жоғары. Аспалы жолмен әуе трамвайы арқылы көтеріліп, Сіздер таулардың көрінісінен ләззат алу мүмкіндігіне ие боласыз. Биіктіктен тау-тастар мен қаланың керемет көрінісі алақандағыдай көрінеді.
Әсіресе бұл жер түнде, қала әралуан түсті жарықтарға толған мезгілде, айрықша әсемдікке бөленеді. Көктөбе таулардан алған айрықша әсер таза ауа мен бостандықты сезіну ғана емес, сонымен қатар достардың кездесетін, ғашықтардың серуендейтін, бала-шағамен бірге қыдырып демалатын, уақытты жақсы өткізетін орын.
Көктөбе аумағында шағын зообақ, «Fast Coaster» америкалық төбешіктері, жартасқа өрмелеу алаңы «Киіз үй» мейрамханасы, концерт залы және өзгеде нысандар әп-әдемі орналасқан. Әдемі әткеншектері де балалар қуанышына айналған. Көктөбеге кешкі уақыттарда келсеңіз ерекше күйге енесіз.
(113 сөз)massaget.kz22 Маусым 2018
Сұрақтар: -
Көктөбе теңіз деңгейінен қанша метр жоғарыда орналасқан?
-
Көктөбе несімен есте қалады?
Ә мәтіні.Бурабай шатқалыЖер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және тап-таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері жиі-жиі орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10000-15000 теңгені құрайды. Онда жыл он екі ай балалар лагері жұмыс жасайды.
(111 сөз)alashainasy.kz/.../kanday-hobbi-densaulyikka-pay...
Сұрақтар: -
Бурабай демалыс орны қай облыста орналасқан?
-
Бурабай несімен ерекше?
Балл қою кестесіТыңдалым және айтылым
Балл
| Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы
| Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
|
9-10
| Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
| Тақырыпты жақсы түсінеді.
Мәтін мазмұны негізінде күтпеген сұрақтарға жауабы тез, өз ойын толық әрі орынды жеткізе алады.
|
7-8
| Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
| Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
|
5-6
| Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
| Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
|
3-4
| Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
| Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, ойын шашыраңқы жеткізеді.
Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.
|
1-2
| Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
| Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде аз қатысады.
|
Оқылым
. (142 сөз)https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/125А) Берілген мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Мысыр пирамидасы
| Семирамида аспалы бағы
|
Негізгі ақпарат
| Қосымша ақпарат
| Негізгі ақпарат
| Қосымша ақпарат
|
|
|
|
|
|
|
|
|
[8]
Ә. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме немесе құттықтау құрастырып 7-8 сөйлем жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
Балл қою кестесіОқылым
№
| Жауап
| Балл
|
1
| Негізгі ақпарат
| 4
|
2
| Қосымша ақпарат
| 4
|
3
| Жазба жұмысы
| 2
|
Барлығы
| 10
|
ЖазылымБерілген тапсырманы орындаңыз. Білім алушылар ұсынылған тақырып бойынша жазба жұмысын орындайды. «Ата-ана отбасының ұйытқысы дегенге келісесіз бе?» деген тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып,
көлемі 100-120 сөзден тұратын, келісу-келіспеу эссесін жазыңыз.
[10]
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________