| Балл саны | Сипаттамасы |
| 9-10 | Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған. Ұсынылған тақырып бойынша көлемі 100-120 сөзден тұратын, келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізген, қателерді жібермеген. |
| 7-8 | Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған. Ұсынылған тақырып бойынша келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық жеткізген, жіберілген кейбір қателер сөздердің байланысында түсінуді қиындатпайды. |
| 5-6 | Жазба жұмысының (эссенің) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір лексикалық сөздер орынды қолданылған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық білдіреді, бірақ келісу-келіспеу эссесі бір жақты болмаған, жіберілген қателер жалпы әсерді бұзады. Ойын анық жеткізе алмаған, қателерді ішін-ара жіберген. |
| 3-4 | Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы жүйесіз. Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалған. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы грамматиакалық қателер ішін-ара (мәтіндегі сөз және сөйлем ішінде дұрыс қолданылмауы) жібереді. |
| 1-2 | Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы сақталмаған. Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерді бір жақты тоқталуға талпынды, бірақ ойы шашыраңқы. Көркем тіл құралдары аз қолданылған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөз және сөйлем ішінде дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
| Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма түрлері | Тапсырмалар сипаттамасы | Орындау уақыты, мин | Балл |
| 1-2 | 6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу. | Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар | Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 190-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) ойын анық жеткізеді. Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады. Берілген мәтін бойынша өз пікірін білдіріп, диалогкқа түсуі қажет. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма бойынша оқушы тыңдаған мәтіннен термин сөздерді орынды қолданылуын бағалайды. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 5 |
| 5 | |||||
| 3-4 | 6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: коментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу; 6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу. | Ашық жауап, сәйкестендіру | А мәтінін жұбымен іріктеп, рөлге бөліп оқиды. Мәтінге коментарий жасайды. Ә мәтініндегі көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратып, берілген мысалдар арқылы көркемдік ерекшеліктеріне сай сәйкестендіреді. | 15 | 6 |
| 4 | |||||
| 5 | 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу; 6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Білім алушылар жазба жұмысын орындайды. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді қолданып, көлемі 80-100 сөзден тұратын құрылымы сақталған өмірбаян құрастырып жазғаны бағаланады. | 25 | 10 |
| Барлығы | 40 минут | 30 | |||
| Балл | Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы | Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
| 9-10 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Мәтін мазмұны негізінде термин сөздер мен дайын тіркестерді толық әрі орынды жеткізеді. |
| 7-8 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателерді жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Диалогқа түскенде ойланып термин сөздер мен дайын тіркестерді әрі орынды жеткізеді. Өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
| 5-6 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысу барысында ойы шашыраңқы. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. | Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, термин сөздер мен дайын тіркестерді орынды қолданады, бірақ диалогқа түскенде өз ойын түсінікті жеткізуге қиналады. Сырттан көмек қажет етеді. |
| 3-4 | Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді аздап қолданады. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. | Сырттан көмек қажет етеді. Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Диалогқа түскенде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолдануда қиналады, қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
| 1-2 | Коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер және терминдердің қолдану аясын аз түсінеді. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. | Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Диалогқа түсуде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолданып тақырыпты ашуды дамыта алмайды, аз қатысады. |