ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
-
Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
-
Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
-
Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
-
Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.
-
Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.
-
Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.
-
Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.
-
Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.
-
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.
Қыша қағаздарын қоюМақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары,гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-45
0С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
-
Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышаның иісі сақталуы тиіс).
-
Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.
-
Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).
-
Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.
-
5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).
-
Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.
-
Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
-
Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.
-
Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Ескерту: -
қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;
-
қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;
-
емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.
АЯҚҚА ҚЫША ВАННАСЫН ЖАСАУМақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлестік кеңейту.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары (пиодермия, терінің іріңді аурулары, нейродермит, экзема).
Дайындаңыз: 50 г құрғақ қыша 10 л жылы суға (40
0-45
0 С): емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы суды, сүлгіні, ақ жайманы, аяқты орауға арналған көрпені.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер де қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.
-
Терісін қараңыз қарсы көрсетілімдері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.
-
Жылы суда қышаны ерітіп, қыша ваннасын даярлаңыз.
-
Аяқты тізеге дейін 20-30 минутқа ваннаға салып, табанының терісі қызығанға дейін салыңыз.
-
Емшарадан кейін аяқты жылы суда жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз. Ваннадағы температура тұрақты 400 -450 С шамасында болуын қадағалаңыз.
-
Аяқты ақ жаймамен және көрпемен 30-60 минутқа ораңыз (қымтаңыз).
Ыстық ылғалды компресті қоюМақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауыруларында.
Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.
Дайындаңыз: ыстық (t-60-70
0С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.
-
Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
-
8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.
-
Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.
-
Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.
-
Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).
-
Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
-
Науқасты жылы жабыңыз.
-
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
Салқын компресті қоюМақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
-
Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.
-
Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.
-
Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.
-
Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызуы дененің қызуымен тез теңесіп кетеді.
-
Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.
Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.
ЫЛҒАЛДЫ Қыздыру және дәрілік компресТерді қоюМақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.
Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.
Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялық ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.
Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.
Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-25
0С суды, қайшыны, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
-
Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.
-
Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.
-
Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.
-
Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.
-
Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).
-
Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай болуы керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.
-
Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).
-
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.
-
2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
-
Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.
-
Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.
Ескерту: -
егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;
-
спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;
-
компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;
-
қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.
Сүлікті қоюМақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.
Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.
Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.
Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсіндінің аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тәрізді), құйымшақ айналасы, самай аймағы.
Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинцеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі: -
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз.
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
-
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.
-
Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.
-
Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.
-
Теріні құрғатыңыз.
-
Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.
-
Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.
-
Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.
-
Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.
-
Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.
-
Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды).
-
Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.
-
Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.
-
30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі.
-
Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз.
-
Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз.
-
Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).
-
Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
-
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.
Ескерту: -
сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;
-
сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;
-
асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;
-
сүлікті бір рет қана қолданады.
ПАРАФИН ЖӘНЕ ОЗОКЕРИТПЕНЕМДЕУҚолдану көрсетілімдері: буындардың (артроздар, артриттер, сүйектің, бұлшық еттің (миозитер) қабынуы және жарақатпен зақымдануы, невриттер (радикулит), ішкі мүшелердің аурулары, күйіктен кейінгі терінің тыртық өзгерістері.
Қарсы көрсетілімдері: қызба жағдайы, жүрек қан тамырлары ауруларының өрістеуі, қан қысымының жоғарылауы, қатерлі және қатерсіз ісіктер, қан кету, туберкулез, бронхиальды астма, жүктілік.
Парафинді, озокеритті салу әдістеріДаярлаңыз: су моншасын немесе арнайы парафин қыздырғышын, термометрді, жалпақ бояу жаққышты, клеенканы, көрпені, ваннаны немесе клеенкалы қапты.
І. Парафинді салу әдісі:1-ші қабат – ерітілген парафинді (Т-55-65
0 С) 2 см дейін қабат қалыңдығын бірте-бірте көбейтіп жалпақ бояу жаққышпен тері бетіне жағыңыз.2-ші қабат – бұл учаскені клеенкамен жабыңыз.3-ші қабат – бұл учаскені көрпемен қымтаңыз.Парафин апликациясының температурасы 50
0С дейін жетеді.Емшараның ұзақтығы 30 минуттан 1 сағатқа дейін.
ІІ. Парафиндік ванна әдісі ( қол немесе аяқ бастарына әсер ету үшін).1. Қолға немесе аяққа ыстық парафинді (Т-55-65
0С) 1,5-2 см дейін қабаттап жалпақ бояу жаққышпен салыңыз.2. Ыстық ерітілген парафинмен (Т-65
0С дейін) ванночканы немесе клеенкалы қапты толтырыңыз.3. Өңделген қолды немесе аяқты ыстық ерітілген парафинмен толтырылған ванночкаға немесе клеенкалы қапқа салыңыз.4. Бұл учаскені көрпемен қымтаңыз. Алдын ала жағылған қабат күлдіреуді алдын алады. Емшараның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін.
ІІІ. Салфеткалық-апликациялық әдіс.1. Қалыңдығы 1-1,5 см дейін парафин қабаттарын бояу жаққышпен тері учаскені жағыңыз.2. Ыстық (Т-70
0С дейін) парафинмен ылғалдатылған 8-10 қабатты дәкеден жасалған төсемді парафинге салыңыз.