Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.34. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің профес -сиограммасы. Мамандық қасиеттері, қабілеті: ұйымдастырушылық, коммуникативтік, дидактикалық, перцептивтік, экспрессивтік қабілеті т.б.. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен шеберлігі. Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:- гуманистік сипаты;- ұжымдық сипаты;- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;- шығармашылық сипаты;- қарым-қатынас жүйесінде болуы;- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес "маман моделін" маман профессиограммасын жасау міндеті — жұртшы-лықтың назарын өзіне аударуда.Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар бар (Н.В.Кузьмина, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Сластснин, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин). В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:1) қоғамның саяси сапалары;2) әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары;3) психологиялық және педагогикалық даярлық;4) мамандық бойынша даярлық;5) пән бойынша даярлық.Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады.Психология –педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, И.В.Стралов, В.А.Сластенин, т.б. педагогикалыққабілеттің бірнеше түрі бар дейді.Олар:
-
Дидактикалыққабілет-мұғалімніңоқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдарысын дұрыс анықтай білу өз пәнінеқызығушылығынарттыруы, таным белсенділігі мен ойын дамытуы.
-
Академиялыққабілет-мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих т.б.) сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнінғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапйым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
-
Перцептивті қабілет- оқушының ішкі дүнесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақүстіндегі психикалықжағдайын (ренішін сабаққа қаншалықты әзір, әзір емес екенін т.б) бірден байқалады.
-
Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті-тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.
-
Ұйымдастырушылыққабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірллей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастырабілуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру, оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналар мен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалім өз жұмысын ұйымдастырабілуі.
-
Комуникативті қабілет-оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білуі, педагогикалықәдептілікті жетілдіруі.
-
Конструктивті қабілет-оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналық, жауапкершілікпен, ойлылықпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
-
Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спот, оймен, келетін шахмат,тоғызқұмалақ, дойбы, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.
Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік.ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ:Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу;Бақылай, қадағалай алу;Назарды басқа жаққа аудара алу;Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу;«жүзіне қарап оқи алу»;Оқушылармен байланыс жасай алу;Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету және т.б.)Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде – кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн.Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА дейміз.Педагогикалық техника:Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;Қол айқастыруға мүлдем болмайды;Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек;Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі);Жест және мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу;Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі;Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі;болуы тиіс және педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған оқушылардың бәрі түсіндіріліп жатқан сабақты жақсы меңгеретіні сөзсіз.Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль Фараби - «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагоикалық әдептің қыр-сырына тоқталып кеткен:Өнер білімге құштар;Мүшелері мүлдем мінсіз;Жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;Өзі естіген, көрген, түсінген және аңғар-ған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз;Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;Жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;Жаратылысынан игі істерге ынтызар;Әділеттілігі мен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;Жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасық адамдарға мүлдем рақымсыз,
Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек;Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз;Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», — айтады.Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.2.Оқытушылық қызметтің моральдық мәні. Педагогикалық мораль моральдың жалпы функцияларын іске асырады. Олар реттеуші, шағылыстырушы немесе гуманистикалық болып жүктеледі Оқытушының өнегелік сапасының мазмұнына көңіл аударған жөн, оның негізін оқытушының өнегелік ой-пікірі және оқытушының сенімі құрайды. Оқытушы өнегелік қарым-қатынас, педагогикалық этика категорияларын іске асыру негізінде құрады, олар жалпы моральдық категориялардан тұрады: ізгілік, борыш, қарыз, ар-ұждан, абырой, ар-намыс, әділдік, адалдық. Педагогикалық этиканың барлық категорияларын педагог өзінің педагогикалық өнегелік қызметінде іске асырады, оның негізі үш аксиомадан тұрады: Педагогтың студенттерге сый-құрмет,қошеметпен қарауы; Педагог студенттерді жақсы көруге міндетті; Студент білмеуге құқығы бар.