Педагогикалық міндеттердің мәні мен ерекшеліктері. Педагогикалық міндет дегеніміз алға қойылған педагогикалық жағдаяттың мақсатын танып, оны жүзеге асыру. Субьекті педагогикалық жағдаятты саналы тануы арқылы оны іске асыруды көздейді. Кез келген педагогикалық жағдаят күрделі болады. Педагогикалық міндет саналы қабылданғаннан соң педагогикалық процестің нақты міндетіне айналады да, тәрбиеленушіні сапалық жағын өзгертеді.Педагогтың кәсіби әрекетін ұйымдастыру үшін педагогикалық міндеттерді уақыт көрсеткіші бойынша үш топқа жіктеуге болады – стратегиялық, тактикалық және жедел (оперативтік).Стратегиялық міндеттер – білім берудің жалпы мақсатынан “жоғары мақсатты” көздейді, ол базалық мәдениет түрінде қалыптасады. Стратегиялық міндет сыртқы ықпалдан, қоғам талабынан туындайды. Алғашқы көздеген мақсатқа жетуге және қажетті педагогикалық әрекет нәтижесімен анықталады. Шынайы педагогикалық процесте стратегиялық міндеттер тактикалық міндеттерге алмасады. Соңғы нәтижеге жетуді көздей отыра, статегиялық міндеттің бір кезеңін іске асыруды қарастырады. Жедел (оперативтік) міндеттер - педагогтың алдында әр сәт сайын туындайтын міндеттер.Стратегиялық міндеттерді шығармашылықпен шешу – біртұтас тұлға қалыптастыру А.А.Захаренко, Н.Н.Дубинин, В.А.Караковский, А.А.Католиковтардың білім беру ұйымдарының тәжірибесінде анықталды. Тактикалық міндеттерді шығармашылық, ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыдан шешу жаңашыл-педагогтар тәжірибесін зерттеген В.И.Загвязинский, М.М.Поташник, Л.М.Фридман, т.б. еңбектерінде көрсетілді. Оперативтік міндеттерді шешу үлгісін А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.Н.Сороко-Росинский, В.А.Сухомлинский еңбектерінен көруге болады.Біртұтас педагогикалық процестегі “педагогикалық міндеттерді” дидактикалық және тәрбиелік міндеттер деп ажыратуға болады. Дидактикалық міндеттер - оқу-танымдық міндеттерді басқару, яғни оқыту. Тәрбиелік міндеттер өте күрделі. Өмірге дайындау, үнемі үлкен-кішілі мәселелерді жедел шешуді алға қояды. Тұлға тек әрекет барысында дамитындықтан, тәрбиеші оның өздігінен тәрбиелік міндеттерді шешуіне түрткі тудырып, қажет бағытта дамытуды көздеуі керек. Педагогикалық процесте дидактикалық міндеттер, яғни оқу-танымдық міндеттермен қатар тәрбиелік міндеттер, яғни еңбек, ойын, көркемдік, құндылық-бағдарлы міндеттер түрінде бірлікте іске асырылады.Педагогикалық міндеттерді шешу үшін танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешудің негізгі төрт кезеңін басшылыққа алған жөн:
1) нақты жағдайға байланысты жағдаятты талдап, соның негізінде педагогикалық міндеттерді белгілеу;2) педагогикалық ықпал ету тәсілін жобалау:3) педагогикалық міндеттерді тәжірибе жүзінде шешу:4) шешілген педагогикалық міндеттердің нәтижесін талдау.Кәсіби шеберлігі жоғары мұғалімдер бір типті міндеттерді шешуді өз жадында қалыптасқан үлгі бойынша жүргізеді. Педагогикалық міндеттерді шешудің түрлі әдістері бар. Әрине, жас мұғалім үшін педагогикалық міндеттерді шешу үлгісі әлі қалыптасып үлгермегенін байқауға болады. Педагогикалық міндеттерді шешу әр мұғалімнің өзінің “Мен –тұжырымдамасына” лайық болады.Педагогикалық міндеттерді шешу - шығармашылық процесс. Онда теориялық білім мен тәжірибе алмасып отырады. Бірінші кезеңде педагогикалық жағдаят талданып, атқарылатын іс-әрекеттер, диагностикалық шешімдер анықталады. Жалпы диагностика ішінде жеке тұлғаның және топтың іс-әрекет диагностикасын анықтап, жеке тұлға мен ұжымның оқу-тәрбиеде жетуге қажетті межесі белгіленеді, сонымен бірге оқушылардың алдында пайда болатын қиындықтары мен жіберетін қателіктері және педагогикалық ықпалға жауабы ескеріледі.Осындай теориялық талдау барысында мұғалім нақты педагогикалық жағдаятты зерттей отырып, педагогикалық міндеттердің теориялық анықтамасын жасайды, оны тәжірибелік тұрғыдан шешу амалдары қарастырылады.Педагогикалық міндет теориялық жағынан шешілгеннен кейін, келесі кезең - оны тәжірибе жүзінде іске асыру керек. Дейтұрғанмен де, осы кезеңде теориялық ойлау екінші орынға ығысып, реттегіш және түзеткіш қызметін атқарады. Соның нәтижесінде педагогикалық процесс үнемі жаңа ақпаратпен толығып отырады.Педагогикалық міндетті шешуді аяқтау кезеңі жаңа теориялық оймен алмасады. Бұл кезеңде қорытынды есеп және алынған нәтижелерді бағалау, оны бұрыннан қалыптасқан үлгімен салыстыру іске асырылады. Осы талдау нәтижелері өз кезегінде жаңа педагогикалық міндеттерге теориялық негіздеме жасауға қажетті арқау болады.Тәрбиешінің пән мұғалімі екенін де естен шығармау керек. Педагогикалық процесте мұғалім үнемі оқушыларды танымдық әрекетке үйрете отырып ойлау, танымдық дағдыларын қалыптастырады.Тәрбиеші оқушылардың іс-әрекет түрлерін ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге олармен тікелей қарым-қатынас орнатады. Сондықтан тәрбиешінің оқушыға тікелей ықпал етуінің маңызы зор.Оқушылар өмірін дұрыс ұйымдастыра білу үшін тәрбиеші басқа педагогтармен өз жоспарын үйлестіріп, ата-аналармен де тығыз қарым-қатынас орнатады. Тәрбиеші осындай үйлестіру жұмысын жүргізуде оқушылардың әрекетін, тәртібін, отбасында және айналамен қарым-қатынасын ескеріп, сабақта және сабақтан тыс кездегі теріс әлеуметтік істердің алдын алып, тәрбие процесінің белгілі арнада жүруін қадағалайды.
Тәрбиеші кейде мектептің басшылық жұмысына да араласуына тура келеді. Мектеп басшылығының тапсырмасы бойынша оқушылардың мектептегі тәртібін қадағалап, олардың іс-әрекеттерін бақылайды.Тәрбиеші мектеп оқушылармен жұмыс жасайтындықтан, олардың өміріне, денсаулығы мен қауіпсіздігіне де жауапты екенін естен шығармауы тиіс.Тәрбиеші жұмысының алуан қырлы болуы, оның үнемі барлық жағдайдан хабардар бола отырып, оқушылардың теріс әрекетін дер кезінде ескеріп, өз ісін мектеп қызметкерлерімен және ата-аналармен үйлестіріп, жүргізетін жұмысының бағытын талдап отырғаны абзал. Ол үшін тәрбиеші күнделікті күнделік-жоспар жүргізуі керек.Сонымен, мектеп ұстазының қызметі көп қырлы. Ол оқушылардың іс- әрекетін, қарым-қатынасын, өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырып, олардың іс-әрекетіне, өзара әрекеттесуіне, қарым-қатынасына, тәртібіне және дамуына тікелей ықпал етіп, өзінің тәрбиелік қызметін мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен үйлестіре отырып, педагогикалық процесті басқарады, сондай-ақ кейбір басшылық қызметке де араласып, оқушылардың өмірін қауіпсіздендіріп, олардың денсаулықтарын қорғайды.Педагогикалық міндеттерді шешу барысындағы кәсіби біліктілік мен шеберліктің көрінісі.Педагогтың кәсіби біліктілігі мен шеберлігі педагогикалық міндеттерді шеше білуінен, ең бастысы өз іс-әрекетін қалай теориялық тұрғыдан негіздей алатынан көрінеді. Оның іс-әрекет деңгейі тәжірибені жинақтай алуымен тығыз байланысты. Кәсіби біліктілігі жоғары педагог өз тұлғасының мықты қырына, яғни теориялық ойлау қабілетіне сүйенеді.Мұғалімнің кәсіби біліктілігі педагогикалық міндеттерді шешуді (жағдайы, қолданатын құралдары және шешу тәсілдері, т.б.) талдаудан байқалады. Педагогикалық міндеттерді шешу тәсілдері мен құралдарын бөліп анықтауға болады. Олар, біріншіден, міндетті түрде орындалуы тиіс, екіншіден, ұсыныс түрінде айтылатын, үшіншіден, тиым түрінде де қолданылатын тәсілдер. Кәсіби біліктілігі жетік мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін, барлық ақпаратты назардан тыс қалдырмай талдайды, сондықтан да педагогикалық міндеттер өз шешімін табады.Педагогикалық міндеттерді интуиция деңгейінде шешу, мұғалімнің теориялық шешім жасауға қалыптаспағанын көрсетеді. Оның түрлі жағдаяттарды саналы түрде емес немесе білместіктен талдай алмауы, педагогикалық әрекеттерді дұрыс негіздеп түсіндіре білмеуін, мәселен, неліктен басқа шешім емес, осы шешім қабылданды дегенді түсіндіре алмауы теориялық дайындығының қалыптаспағанын көрсетеді. Белгіленген педагогикалық міндеттерге талдау жүргізбеу себебін, уақыттың тығыздығына нұсқап, педагогикалық міндеттерді шешу кезеңдерін жүйелі ұйымдастыра алмауы теориялық дайындығының шамалы екенін көрсетеді.
Н.В.Кузьмина педагогикалық қызметте тәрбиеші жедел міндеттерді шешуді тактикалық және стратегиялық міндеттермен тығыз байланысты қарастырудың нәтижелі екенін атап көрсетеді. Егер де педагогикалық міндеттер жеке шешілетін болса, онда жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесінің назардан тыс қалуына себеп болатынына тоқталады. Педагогикалық процестегі пәндік және тәрбиелік міндеттер тығыз байланыста шешімін табуы тиіс.Педагогикалық міндеттерді шешудегі жоғары кәсіби біліктілік балалардың психологиясын, ұжымдық өмір заңдылықтарын, жас және жеке бас ерекшеліктерін білуді қажет етеді. Тәжірибесі аз мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін шешімнің көп түрін белгілейді. Ал шеберлігі жетік мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін қалыптасқан дайын шешімдерді қолданбайды, ол нақты жағдайға сәйкес өз іс-әрекетінің бағдарламасын анықтайды.Педагогикалық міндеттерді біліктілікпен шеше білу кез келген технологияда педагогикалық процесс субьектілерінің өзара белсенді әрекеттестігімен қамтамасыз етіледі.Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.Педагогикалық шеберлік негізі неде?Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек.
35. Мектеп басшыларының қызметі. Мектеп директорының функциясы. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының функциясы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының функциясы. Басқару әдістері, стилі.Білім беру ісін басқару:Басқару принциптері дегеніміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан басқарылуымен қатар, басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады. Осы принцип негізінде Білім және ғылым министрлігінің облыстық, т.б. білім беру басқармасының, педагогикалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің маңызды мәселелері талқыланып, қаулы-қарарлардың орындалуын білім беру ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады.Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысы принципін ұстанған мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары көмектеседі. Оның маңызды бөлігі – кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.Ақпараттардың шындығы және жеткіліктілігі принципін ұстанған мектеп әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін асыра бағаламайды, кемшіліктерді түзетіп отырады.Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері – мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұстанымдарды (принциптерді) басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс. Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар: