Материал: Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
өлшенетін шаманың дұрыс мәнін алу мүмкін емес» деп айтылған, яғни қателігі нөлге тең шама алу мүмкін емес. Ықтималдықтар теориясы өлшеу нәтижесін шынайы мәніне жақындату дәрежесін бағалау әдістерін белгі- лейді. Ықтималдықтар теориясы қателіктің ықтимал шектерін бағалауға мүмкіндік береді. Өлшемнің шынайылығы өлшеу нә- тижелеріне сенім дәрежесін сипаттайды.

Өлшем құралдарымен толық және шынайы мәндерді алмай ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеруде, жаңа материалдар мен жаңа технологияларды құру саласында, барлық саладағы бұйым- дардың сенімділігін қамтамасыз етуде жетістіктерге жету мүмкін емес.

Көптеген мәселелерді тек әртүрлі орындарда, әр уақытта, әртүрлі өлшеу құралдарын қолдану арқылы алынған көптеген өлшеу нәтижелерінің негізінде шешуге болады. Өндірістің ав- томаттандырылуы өлшеудің дәлдігін, шынайылығын және са- лыстырмалылығын арттыруға мәжбүр етеді.

Мәселелердің күрделілігіне қарай метрология үлкен мәнге ие болады.

Қызметтің барлық түрін өлшемсіз елестету мүмкін емес. Көптеген өндіріс салаларында өлшеулерге кететін шығын көлемі жылдық капитал салымының 30%-дан астамын құрайды.

Метрологиялық қамтамасыз ету материалдық, энергетикалық және басқа да қорларды үнемдеу мәселелерін шешуде үлкен мәнге ие, өйткені шынайы сандық есептеу материалдық құндылықтарды, электрлік және жылу энергияларын, мұнай және мұнай өнімдерін, газды, йодты қорларды үнемдеу мен шығынын азайтудың негізі болып табылады.

Қазіргі уақыттағы салмақ өлшейтін құралдар қателігі сал- дарынан өлшеу кезінде өлшенген барлық өндіріс өнімдерінің 1%-ға жуығы есептелмей қалады (құралдарды әдеттегідей салыстырып тексеру және олардың жарамдылығын мойындау кезінде).

Мұнайдың, газдың, бензиннің көптеген мөлшері есептел­мей
қалады. Электр энергиясын есептегіштің қателігі - 2%, сондықтан 2% электр энергиясы есептелмей қалады. Егер де астық, мұнай, газ, шойын, болат, тыңайтқыштарды тоннамен өлшеп, ал электр энергиясын киловаттпен өлшесек, онда бұл пайыздар жылына миллиондаған теңге шығынды құрайды.

Егер есептеу дәлдігін екі есеге жоғарылатсақ, онда материал- дар мен өнімдердің зор бөлігі есепке алынар еді.

Метрологиялық қызметтің жоқтығы, өлшем бірлігін қам- тамасыз ету жөніндегі ережелер мен шарттардың бұзылуы өнім сапасын бақылау кезінде жүргізілетін өлшеулер кезінде, технологиялық үдерістерді реттеу кезінде, диагностика және ауруларды емдеу кезінде үлкен шығындарға алып келеді.

Өнім өндірісі кезінде тек дайын өнім сапасын бағалау кезін- дегі өлшем жағдайына мән беріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді бақылау құралдары көмегімен жүргізілген техноло- гиялық үдерістердегі сапа көрсеткіштерін бақылау мүмкіндігі мен өлшем жағдайына мән беру керек.

Жаңа бұйымды жасар алдында және әрбір технологиялық процесті өңдеу алдында өндірілген және аттестатталған өлшем әдістері мен құралдарын, сынамаларды қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығы мәселелерін шешіп алу қажет.

Медицинадағы метрологияның рөлі өте айрықша. Меди- циналық өлшеу құралдары мен сынау құралдарының көптеген түрі шығарылған (адамға қалыпты эсер ететіндей жасалған). Медицинада
диагностика, терапия және гигиена кезінде өлшеу- лер жүргізіледі.

Биологиялық объектінің нысаннын өлшеу нәтижелері бо- йынша ағзаның жекелей, сонымен қатар түгелдей жағдайын, жұмыс жасау қабілетін және әрекетін анықтайды. Биология- лық нысанға емдеу мақсатымен жүргізілген терапия кезінде жасанды әсерлер тигізіледі, олардың өлшемдері қатаң нор- маланған және өлшеу жолымен бақыланған. Жасанды әсерлер мен ағза өлшемдерін өлшеу нәтижелері бойынша әсерлердің тиімділігін, емдеу жолының дұрыстығын анықтайды.

Гигиенада қоршаған ортаның (су, ауа және т.б.) ағзаға әсерін зерттеу үшін көптеген өлшеулер жүргізіледі.

Оператор алынған өлшем нәтижелерінің дұрыстығына се- німді болу керек. Ол үшін сынақтан, метрологиялық атте-с таттаудан өткен өлшеу құралдарын қолдану керек болса, ал пайдалану үдерісінде мерзімді салыстырып тексеруден өткізіліп тұруы керек.

Өлшеу кезінде қолданатын әдістемелер міндетті түрде метрологиялық аттестаттау мен тіркеуден өтуі тиіс. Аттестаттал- ған әдістеменің қолданылуын қатаң ескере отырып, оператор алынған өлшеу нәтижелеріне және белгіленген шектен қателік- тің асып кетпейтіндігіне сенімді болады.

Қызметтің барлық бағытында заңнамалық метрологияның ережелері, теориялық метрологияның негізгі зерттемелері және тәжірибеде осының барлығын қолдана алатын мамандар болуы қажет (өлшем жағдайына жауапты бас метрологтар, өлшемді жүзеге асырушы операторлар).

Өлшем жүргізуге кеткен шығындар өнімді өңдеу мен өндіруге кеткен жалпы шығындардың айтарлықтай бөлігін құрайды.

Өлшемдер кез келген өндірістік бұйымды жобалау, дайындау, сынау және бақылаудың бар сатысында өтеді.


Өндірісі дамыған елдерде ғылыми-техникалық потенциал көрсеткіштері өлшеу құралдарының жетілу деңгейі бойынша (өлшеу құралдары мен өлшеу техникалары) бағаланады.

  1. Метрологиядағы физикалық шамалардың өлшем

бірліктері

Физикалық шама - бұл сапа тұрғысынан бірнеше физикалық нысанға, сандық тұрғыдан әрбір физикалық нысанға жеке бола- тын физикалық нысанның (физикалық жүйенің, құбылыстың немесе үдерістің) сипаттамасы.

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлігі ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Физикалық шамаларды арнайы аспаптардың көмегімен өлшейді. Ең қарапайым өлшеу құралдарының бірі - сызғыш. Оның көмегімен қашықтықты және денелердің сызықтық мөлшерін: ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді.

Х физикалық шамасын математикалық әдістердің көмегімен басқа физикалық шамалар арқылы А, В, С түрінде өрнектеуге болады:

Х= k Аа Bb С ... (1)

мұндағы, к - тепе-теңдік коэффициента, в, ү - дәреже көр- сеткіштері.

(1) теңдеуде көрсетілген формулалар бір физикалық шамалар арқылы басқа физикалық шамаларды сипаттайтын физикалық шама арасындағы теңдеу деп аталады. Мұндай теңдеулердегі тепе-теңдік коэффициенті сирек жағдайларда 1-ге тең болады. Бұл коэффициенттің мәні, бірліктердің таңдауынан тәуелді болмайды,
тек қана теңдеуге кіретін шамалардың байланысына қарай анықталады.

Әрбір шаманың жүйесіне негізгі шамалар саны әбден нақтылы және оны минимумға түйістіруге тырысатын болуы керек. Негізгі шамалар кез келген түрде бола алады, бірақ

жүйенің тәжірибелік қолдану үшін ыңғайлы болуы маңызды. Әдеттегідей, негізгі шамалар ретінде дүниенің материалдық қасиеттерін сипаттайтын: ұзындықты, массаларды, уақытты, күшті, температураны, заттың санын және тағы басқа шамаларды таңдалады. Әрбір негізгі шамаға негізгі физикалық шаманың өлшемі деп аталатын латынша немесе грек әліпбиінің бас әріп түріндегі нышан берілген. Мысалы, ұзындық өлшемі - L, масса - М, уақыт - Т, тоқ күші - I және тағы басқалар.

Өлшемнің ұғымы туынды шама үшін де жүргізіледі.

Негізгі шамалар бір-біріне тәуелді емес, бірақ олар туынды деп аталатын басқа физикалық шамалармен байланыс орнату үшін негіз ретінде қызмет етеді.

Источник: https://tut-files.ru/previewfile/108450