9-сынып емтихан тапсырмалары
1 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 ... 100
В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақ әдебиеті
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятынан үзінді
Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... Ол да бір дәурен... иә... бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы авгусқа дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де «Шұғаның белгісі» атанды, бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су... Ол уақытта жердің берекесі қандай! Өзіміздің ел қаншама, оның үстіне түу Сырдан келіп жаппастар да қонады... Кейінгі кезде ғана жаппас келуін қойды ғой.
Біздің Беркімбай дейтін жақын ағаларымыз болады. Бұрын бай еді, болыстыққа таласамын деумен-ақ малын құртып алды. Осы күні кедей. Сол Беркімбайдың әкесінің нағашысы - жаппас Есімбек дейтін болды. Өзі бай еді, жаппастың алды деуге боларлық. Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек сол «Өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы еді.Өзі де жомарт, қонақпаз еді. Елге жағымды болып тұрды. Мал мен басы бірдей, құдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы болды - шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап ескен Шұға дейтін қызы болды. Шұға десе, Шұға. Шұға, өй шіркіннің, өзі де келбетті-ақ еді... аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда?! Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма білмейсің, ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой...
Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда, құдай сана берсін десейші...
(241сөз)
Тапсырма:
-
Үзіндінің шығарма мазмұнындағы маңызын түсіндіріңіз, оқиға орнын, уақытын және кейіпкерлерін анықтаңыз.
-
«Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда?! Ажары тәуірлеу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің...» деген автор пікіріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Осы пікірмен келісесіз бе, жоқ па? Ойыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.
-
Үзіндіде берілген портреттік суреттеулерді тауып, Шұға және оның замандас қыздары мен жаңа дәуір қыздарының іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.
-
Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романындағы негізгі идеяны баршаға ортақ мәселе тұрғысынан қарастырып,
«Жаңалық пен даналықтың үлгісі» деген тақырыпта 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
27
аясындакомпания54жаңаеңбекорнынашып,жалпы 400-ден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындажаңа күріш зауытын,«Мүсірәлі» мешітіменмедресесін, Сырдария ауданына қарастыНағиІлиясовауылындастадион,ауылдықокругәкімдігіғимаратынсалып,ауылдағымұражайғакүрделіжөндеужүмыстарынжүргізді.Ауылдытолықтайкөгалдандырды.Ауылдағы тұрмысы төмен, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың үйлеріне қайта жөндеужүргізіп берді. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озықауылдарқатарынақосылыпотыр.«Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ»,- дейді халық даналығы. Жасболса да бас болып компанияны басқарып отырған Мағжан Ералиев:«Біздің мекеме –Қазақстандағытұқымменайналысатыналдыңғықатарлыкомпания.СондықтанГерманиялықPETKUS фирмасы өзінің 150 жылдық тарихымен және әлемде алғаш ретегістік тұқымын механикалық тазарту құрылғыларын жеткізетін және тұқымды дайындау,қайта өңдеу мен өнімді сақтауды ұйымдастыратын фирма ретінде бізді қызықтырады. Бізбұлфирмаменсеріктестіккедайынбыз.Құрылғылардысатыпалыпқанақоймай,Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз.Жаңа технологиялармен еңбек ету, өндіріс машиналарын құрылымдау сияқты маңыздысалаларғадақызметкерлердідайындауалдағымақсатымыз»,-дейді.Кәсібіненбақыттапқан,ырысыменбөлісіп отырғанбұл кәсіпорынғахалықтариза.(343сөз)Мәтінненмынасөздердіңсәйкесмағыналарынтабыңыз.Ғұмыр– Ісімен– Қамтамасызетіпотыр- Түгел– Еңбексіз–28
9-сыныпемтихантапсырмаларыҚазақтіліменәдебиеті -
тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз