| түрі | ереже |
| Салалас құрмалас сөйлем | Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады. |
| Сабақтас құрмалас сөйлем | Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады. |
| Аралас құрмалас сөйлем | Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады. |
| Салалас түрі | Ережесі, мысал | шылаулары |
| 1.Ыңғайлас | Бір-біріне жақын болған оқиғаларды білдіреді. | және, әрі, да, де, та, те |
| 2.Қарсылықты | Жай сөйлемдерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. | бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, алайда |
| 3.Себеп-салдар | Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіреді. | өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін т.б. |
| 4.Кезектес | Іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді. | бірде, біресе, кейде |
| 5.Талғаулы | Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалады. | не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не (я) болмаса |
| 6.Түсіндірмелі | Соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұрады. | жалғаулығы жоқ |
| түрі | мысал |
| Ыңғайластық | Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым. Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп жатып қалды. |
| Қарсылықты | Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді. Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ. |
| Себеп-салдар | Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты. |
| Кезектес | Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады. |
| Талғаулы | Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек. Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр. Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уақыт өтіп кетеді. |
| Түсіндірмелі | Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты. |
| түрі | мысал |
| Ыңғайластық | Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді. Маған ойыншық берді, ағама доп берді. |
| Қарсылықты | Күн жауып кетті, – оны елеген ешкім болмады. Бас болу оңай, – бастамақ қиын. Көз – қорқақ, қол – батыр. |
| Себеп-салдар | Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар. |
| Кезектес | Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады. |
| Талғаулы | Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді. |
| Түсіндірмелі | Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты. |
| түрі | ереже | сұрағы |
| Шартты бағыныңқы | Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді. | қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше? |
| Қарсылықты бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді. | қайтсе де? қайткенмен? не етпестен?не ете тұра?қайткенше? не еткені болмаса? |
| Себеп бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді. | неліктен? не үшін? не себепті? не деп? |
| Мезгіл бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді. | қашан? қай кезде? қашаннан бері? |
| Қимыл-сын бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді. | қайтіп? не етіп? қалай? |
| Мақсат бағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді. | не мақсатпен? не үшін? не етпек болып? |
| 1 | -са, -се + жіктік жалғауы | Сабақ оқысаң, бес аласың. |
| 2 | -май, -мей,-пай, -пей, -бай, -бей | Сабақ оқымай, бес алмайсың. |
| 3 | -майынша, -мейінше, -пайынша, -пейінше, -байынша, -бейінше | Сабақ оқымайынша, бес алмайсың. |
| 4 | -ғанда, -генде, -қанда, -кенде | Сабақ оқығанда, бес алар едің. |
| 1 | -са да, -се де | Қыс келсе де, қар жаумады. |
| 2 | -ғанмен, -генмен, -қанмен, -кенмен | Қыс келгенмен, қар жаумады. |
| 3 | (-а, -е, -й) + тұра | Қыс келе тұра, қар жаумады. |
| 4 | (-ғанына,-геніне,-қанына, -кеніне)+қарамай (қарамастан) | Қыс келгеніне қарамас-тан, қар жаумады. |
| 5 | (-ғаны, -гені, -қаны, -кені) + болмаса | Қыстың келгені болмаса, қар жаумады. |
| 6 | -ғанша, -генше, -қанша, -кенше | Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр. |
| 1 | -а, -е, -й, -ып, -іп, -п | Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді. |
| 2 | (-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе) + с + (-тан, -тен) | Екі қолы дірілдеместен, Оспан ішке кірді. |
| 3 | (-ған, -ген, -қан, -кен) + күйі, қалпы, бойы | Екі қолы дірілдеген күйі, Оспан ішке кірді. |
| 4 | (-ған, -ген, -қан, -кен) +(-дай, -дей) + болып | Екі қолы дірілдегендей болып, Оспан ішке кірді. |
| 1 | -ғандықтан, -гендіктен, -қандықтан, -кендіктен | Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық. |
| 2 | (-ғаны, -гені, -қаны, -кені) + үшін | Күн жылы болғаны үшін, біз серуенге шықтық. |
| 3 | (-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + й | Күн жылы болмай,біз серуенге шықпадық. |
| 4 | -ып, -іп, -п | Күн жылы болып, біз серуенге шықтық. |
| 5 | үш шақтағы етістік + деп | Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық. |
| 6 | (-ған,-ген, -қан, -кен) + соң | Күн жылы болған соң, біз серуенге шықтық. |
| 1 | Мен айт | -ғанда, -генде, -қанда, -кенде | ол жазды. |
| 2 | (-ғанға, -генге, -қанға, -кенге) + дейін, шейін | ол жазды. | |
| 3 | (-ғаннан, -геннен, -қаннан, -кеннен) + кейін, соң | ол жазды. | |
| 4 | (-ған, -ген, -қан, -кен) + сайын | ол жазады. | |
| 5 | (-ған, -ген, -қан,-кен) + кезде, сәтте, уақытта, | ол жазды. | |
| 6 | (-ған, -ген, -қан, -кен) + -ша, -ше | ол жазды. | |
| 7 | (-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе) + с + бұрын | ол жазды. | |
| 8 | -ысымен,-ісімен, -сымен, -сімен | ол жазды. | |
| 9 | -арда, -ерде, -рда | ол жазды. | |
| 10 | -ғалы, -гелі, -қалы, -келі | ол жазып жүр. | |
| 11 | (-ғаннан, -геннен, -қаннан, -кеннен) + бері | ол жазып жүр. | |
| 12 | -са, се + жіктік жалғауы | Ол келсе, сабақ аяқталыпты. | |
| 1 | (-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек) + -шы, -ші + болып | Ол оқымақшы болып, қалаға келді. |
| 2 | -у + үшін | Ол оқу үшін, қалаға келді. |
| 3 | (шартты, қалау, бұйрық райлар) + деп | Ол оқысам деп, қалаға келді. |
| 4 | (-қы, -кі) + тәуелдік жалғау + келіп | Оның оқығысы келіп, қалаға келді. |