| Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса | Аспан айқын, анық. |
| Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе | Рахима-әрі әнші, әрі биші. |
| Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса | Ол орта бойлы, бірақ толықша келген сұр жігіт еді. |
| Бірыңғай мүшелердің арасында мен, және, пен, бен жалғаулықтары бір-ақ рет келсе | Ауыл мен қаланың арасы алшақ екен. |
| да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрса | Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы. |
| № | Сөз табы | мысалы | мысал |
| 1 | сілтеу есімдігі | мыналар, осылар, бұлар, солар, олар | Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл. |
| 2 | жалпылау есімдігі | бәрі, баршасы, барлығы | Шымкент, Алматы, Қарағанды – бәрі үлкен қала. |
| 3 | жинақтық сан есім | екеуі, үшеуі | Аса, Мағаш, Жандос – үшеуі оңаша әңгімеле-сіп отыр екен. |
| 4 | зат есім | зат есімдер | Мына өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі – Балқаш көліне құяды. |
| түрі | ерекшеліктері |
| Оңашаланған айқындауыш | Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз |
| Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Біздің лицейдің оқушылары, әсіресе, 10-сынып-тар, әрдайым бірінші орын алады. | |
| Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады. Сызықша оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға қойылады. 1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш оқу орны – ҚазПИ ашылды. | |
| Қосарлы айқындауыш | Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Әнші Күләш, Біржан сал, Алпамыс батыр |
| Ақан серінің әндерін жаттадық. Асан мұғалімнің баласы әскерден келді. | |
| Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді. Мысалы: авто-дүкен, ұшқыш - ғарышкер т.б. |
| | ереже | мысалы / тыныс белгісі |
| Қарат-па сөз | Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз. |
|
| Қыстырма сөз | Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз. |
|
| Одағай сөз | Сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз. |
|
| мағынасы | қыстырма сөздер | мысалы |
| Қуанышты, ренішті білдіреді. | бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде. | Бағымызға қарай, қария да үйінде болып шықты. |
| Сенуді, мақұлдау-ды, мойындауды білдіреді. | сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында т.б. | Сізде, рас, жұмысым бар еді. |
| Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді. | меніңше, сіздіңше, оның пікірінше т.б. | Асанның айтуынша, ол өзін өте әдепті ұстапты. |
| Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді. | сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім | Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек. |
| Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады. | олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы т.б. | Бүгін, сонымен, он жеті арба тары кетті пунктке. |
| Ой тәртібін білдіреді. | біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында т.б. | Ақырында, Бесбайдың ойлаған сақтығы дұрыс болып шықты. |
| Төл сөз | төлеу сөз |
| мен | өзінің |
| сен | оның / одан |
| сіз | оның / одан |
| ол | оның / одан |
| Саған / сізге | оған |
| сенімен / сізбен | онымен |
| Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді. | «Төл сөз», –автор сөзі | «Балалармен ақылдасып көрейік», – деді Ақылбай. |
| Төл сөз автор сөзінен кейін келеді. | Автор сөзі: «Төл сөз». | Балтабай былай деді: «Балалармен ақылдасып көрейік» |
| Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. | Автор сөзі: «Төл сөз», –автор сөзі. | Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік», – деді. |
| Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді. | «Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз». | «Балалармен, – деді Балтабай, – ақылдасып көрейік». |
| Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді. | –Төл сөз, –автор сөзі | – Ол сенің інің бе? – деп сұрады Сағи. |
| Төл с өз автор сөзінен кейін келеді. | Автор сөзі: – Төл сөз. | Сағи былай деп сұрады: – Ол сенің інің бе? |
| Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. | Автор сөзі: –Төл сөз, –автор сөзі. | Сағи: – Ол сенің інің бе? –деп сұрады. |
| Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді. | –Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз. | – Ол, – деді Сағи, – сенің інің бе? |
| Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі | Егер төл сөз сұраулы сөйлем болса | Егер төл сөз лепті сөйлем болса |
| Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді. | «Төл сөз?» – автор сөзі | «Төл сөз!» –автор сөзі |
| Төл сөз автор сөзінен кейін келеді. | Автор сөзі: «Төл сөз?» | Автор сөзі: «Төл сөз!» |
| Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. | Автор сөзі: «Төл сөз?» – автор сөзі. | Автор сөзі: «Төл сөз!» –автор сөзі. |
| Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді. | «Төл сөз, – автор сөзі, – төл сөз?» | «Төл сөз, –автор сөзі, – төл сөз!» |