| Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы. | Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. |
| Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы. | Көзін сәулеге үйреткен Асқар терзеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен. |
| Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы. | Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады. |
| Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы. | Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды. |
| қойылатын орны | түрі | қызметі |
| Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері | нүкте ( . ) сұрақ белгісі ( ? ) леп белгісі ( ! ) көп нүкте ( ... ) | Даралушы қызмет атқарады. |
| Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері | үтір ( , ) қос нүкте (:) жақша ( ) тырнақша (" ") сызықша ( – ) | Ерекшелеуші қызмет атқарады. |
| Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері | үтір ( , ) қос нүкте ( : ) нүктелі үтір ( ; ) үтір сызықша (, – ) | Ойдың ара жігін ажырату қызме-тін атқарады. |
| № | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | Хабарлы сөйлемнен кейін | Маңайда тірі жан көрінбейді. |
| 2 | Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін | Әже, сізден Алла разы болсын. |
| 3 | Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін | Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл! Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді. |
| 4 | Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде | Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашады.) Кім бар? |
| 5 | Адамның аты-жөні, тегі қысқартылғанда | Ғ.Мүсірепов / Ғ.М. Ғ.Мұстафин / Ғ. Мұст. |
| 6 | Газет-журнал атауын шартты түрде қысқарт-қанда | “Қ.Ә.” (“Қазақ әдебиеті”) |
| 7 | Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда | тағы басқалар – т.б. тағы сол сияқты – т.с.с. тағысын тағылар – т.т. |
| 8 | Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда | А.Яссауи кесенесі (XII ғ.) –Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі. |
| | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін | Шіркін, қандай керемет! Тарт қолыңды! |
| 2 | көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін | Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп. |
| 3 | ұранды сөйлемнен кейін | Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным! |
| 4 | көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін | – Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін! Қолымнан келгені осы. |
| 5 | көтеріңкі дауыспен “жоқ”, “иә” деген сөздерден кейін | – Жоқ! Қайтсең де тауып әкел! |
| 6 | сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін | − Амансың ба, қарағым! – деп қария балаға қарады. |
| | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | сұраулы сөйлемнен кейін | Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе? Толық байлық қайтсең табылады? |
| 2 | сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады | "...Пысық деген ат (?) шықты" – деген тармақ 1909 жылғы кітапта "...Пысық деген ант шықты",– деп жарияланған. |
| | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда сөйлем соңында көп нүкте қойылады. | "Иә, көз – қорқақ, қол – батыр. Бісміллә, береке..." Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... Жә, мен шамалы кідірейін-ші, әңгіме басы әріден болсын. |
| 2 | сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін | - Е, не қыл дейсің маған. Бала... ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста... ешқайда кетпес, оралар... Туып-өскен жері, елі...Ұста деймін, қаттырақ ұста. (Т.Әбдіков) |
| 3 | Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады. | ... Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз. |
| 4 | Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына | Қарашы мына ... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?! |
| 5 | Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған жерлерге | Қиын тиді оларға Аз кісі-ақ қайтып санарға. ........................................... (Абай) |
| | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде | Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі ғылымға жүгініпті. |
| 2 | бірыңғай мүшелердің арасында жалғаулық шылау қайталанып тұрса5 | Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен. |
| 3 | Оңашаланған айқында-уыштың екі шетіне | Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын. |
| 4 | Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына | Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды. |
| 5 | Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады. | – Жеңеше, – деді кетерінде, – кірпіш тауып қойыңыз. |
| 6 | Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына үтір қойылады. | Қаратпа сөз: Балам, ертерек кел. қыстырма сөз: Әрине, ертең сабақ болады. Одағай: Жүрегім, ойбай, соқпа енді. |
| № | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің (сөздердің) арасына қойылады. | Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет-ғұрып-тық қағидалар қамтылған: 1.Мүлік заңы ; 2.Қылмыс заңы; 3.Әскери заң; т.б |
| 2 | өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына | Ұл мен қыздың қызығы – Тілі анық шыққанша; Мергендіктің қызығы – Көздеген аңын жыққанша; Жүйрік аттың қызығы – Шомылып терге лыққанша; Татулықтың қызығы – Кеудеңнен жаның шыққанша; |
| 3 | Сөздікте сөздердің түсініктемесінен кейін | Майе. араб. 1. ағатын, сұйық; 2. сұйықтық; парсы. 1. сұйық, ағатын; 2. сұйықтық; |
| № | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | бірыңғай мүшеден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан | Мен, Әсет, Самат – үшеуміз доспыз. |
| | жалпылауыш сөзбен келген бірыңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе | Мыналар: Сырдария мен Амудария – Аралға құяды. |
| 2 | оңашаланған айқындауыштың екі жағынан | Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алды. |
| 3 | түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонша, соншалық сөздерінен болса | Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады. |
| 4 | жалғаулықсыз қарсылықты салалас | Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын. |
| 5 | жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе, | Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді. |
| 6 | мақал-мәтелде ерекше мән бере айтылған шартты бағыныңқы сабақтаста | Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі. |
| 7 | мақал-мәтелде ой ықшамдалып айтылғанда | Асыл – тастан, ақыл – жастан. |
| 8 | төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықша қойылады. | – Қойдым, Тәуке, қойдым, – деді де Сыздық, күлкіге булығып, шығып кетті. |
| 9 | жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылады. | Осы жерден сенбі күндері Алматы – Астана бағытында автобус қатынайды. |
| | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | бастауыш (зат есім)― баяндауыш (зат есім) | Бөрік – адамға көрік. |
| 2 | бастауыш (сілтеу есімдігі)― баяндауыш (зат есім) | Бұл – үлкен қуаныш. |
| 3 | бастауыш (3-жақ жіктеу есімдігі) ― баяндауыш (зат есім) | Ол - әйгілі әнші. |
| 4 | бастауыш та, баяндауыш та заттанған сын есім(сан есім, есімше)ден болса | Ер жігіттің екі сөйлегені ― өлгені. |
| 5 | бастауыш (тұйық етістік) ― баяндауыш (зат есім) | Оқу – білім бұлағы. Алдау – зұлымдық, Алдану – ақымақтық. |
| 6 | бастауыш (зат есім) ― баяндауыш (тұйық етістік) | Менің мақсатым – еліме пайдалы азамат болу. |
| | бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден болса | Жер тағдыры – ел тағдыры. |
| 7 | бастауыш (сан есім) ― баяндауыш (сан есім) | Бес жерде бес – жиырма бес. |
| № | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | бірыңғай мүшелердің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін | Жиналыста сөз сөйлегендер: Асанов пен Қалиева. |
| 2 | Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін | Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес. |
| 3 | Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады. | Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар: біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі - оны түсінетін адамның жоқтығы. |
| 4 | Төл сөздің алдында келген автор сөзінен кейін қойылады. | Сағит ең алдымен Ботагөзге: Сүйінші!– деді. |
| № | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады. | Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді. |
| 2 | Цитатаның авторы жақшаға алынады. | Болмасаң да ұқсап бақ Бір ғалымды көрсеңіз. (Абай). |
| 3 | Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады. | Нұрхан (көзінің жасын сілкіп). Қой, шырағым, сескеніп қаларсың. |
| | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | Дәйексөз тырнақшаға алынады. | "Абай – қазақтың бас ақыны" деген Ахметтер де өмірден өтті. |
| 2 | Төл сөз тырнақшаға алынады. | Шешесі қызынан сұрады: "Ақшаны қайда қойдың?" |
| 3 | Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады. | “Ақыл - жастан” демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен. |
| 4 | Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады. | Қазақта "құлақтан кіріп бойды алар" қаншама әдемі әндер бар. |
| 5 | Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады. | Әжемнің маған айтқан "алтыным", "қошақаным" деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді. |
| 6 | “Де” дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады. | “Сабаққа бармаймын”-ды қой. |
| 7 | Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады. | “Жаны тәттілердің” жағдайын жасап жүре береміз бе? |
| 8 | Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады. | «А» - жуан дауысты дыбыс. |
| 9 | ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынып жазылады. | “Шың-кітап” баспасы. “Ана тілі” газеті. “Абай жолы” романы. |
| | Қойылатын орны | Мысалы |
| 1 | Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады. | Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда?! Еңсесі биік боз орда Еңкейе кірер күн қайда?! |
| 2 | Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына үтір, сызықша қойылады. | Ол өтініп сұрады, – бермедім. |
| 3 | Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгісімен; тырнақша мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойыла береді. | – Онда... – не дерін біле алмады. – Солай, солай, шырағым, – деді. – Неге? – деді Сағит тұрған үйінен кемдік көрді ме деген оймен. |
| 4 | Сұраулы және лепті сөйлемнен кейін ой аяқталмаса, сұрау мен леп белгілерінен кейін көп нүкте қойылады. | Алған сыйлығың құтты болсын!.. Болсын!.. Біз қашан алады екенбіз, ә?.. |
| Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 150-200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылусүйгіш ағаштар қатарына жатады. | Ғылыми стиль |
| Жолдың шетінде жалғыз емен өсіп тұрған... Бұл-екі құшаққа сыймайтын жуан, ескіден келе жатқан ауру бездерінен қартайып тұрған емен.Өзінің иілмейтін менмендігімен, аяқ-қолы салбыраған қалыпта, күлімсіреген екі қайыңның ортасында тұрды. | Көркем әдебиет стилі |
| -Мереке құтты болсын! -Рахмет, саған да ұлыс құтты болсын! -Саған табыс, сәттілік тілемін! -Тілегің үшін көп рахмет! | Ауызекі сөйлеу стилі |
| Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын. | Ресми іс-қағаздар стилі |
| Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен кейбір жер атауларына өзгерістер енгізілді. | Публицистика-лық стиль |
| 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық хаһарманы» атағы берілді. | Публицистика-лық стиль |
| Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті. | Көркем әдебиет стилі |
| Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді, төмен қарап, тырнақтарын шұқылады. | Көркем әдебиет стилі |
| -Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма барді? - Ережелерді жаттауға берді. | Ауызекі сөйлеу стилі |
| Жауындату – ауыл шаруашылық дақылда-рын суарудың бір әдісі. Жауындатудан ылғал топыраққа біркелкі жайылады. | Ғылыми стиль |
| Түсінік Мен, Асанов Үсен, бұдан былай сабақтан кешікпеуге сөз беремін. 20.05.2004 | Ресми іс-қағаздар стилі |
| Екі ел арасындағы кездесуде Еуразия саудасындағы тауар тасымалына қызмет көрсетуде Ресей мен Қазақстан көлік жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды. | Публицистика-лық стиль |
| Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейді. | Ғылыми стиль |