Шерменде болды – масқара болды
Шие жегендей қылды – тұмсығын бұзды
Шиыршық атты – қатуланды
Шошқа тағаладың ба? – көзге көрінер ісің жоқ
Шүйдесін көрсетті – теріс бұрылды
Шығынға батты – зиян шекті
Шыр бітпеді – жүдеді
Шырағы сөнді – үміті үзілді
Шытынай қалды – ашуланды
Ығай мен сығай – бетке ұстарлар
Ындыны ашылды – араны ашылды
Ізі суымады – көп уақыт өтпеді
Ілуде біреу – бірлі жарым
Ініне су құйды – жойды
Ірге тепті – орнықты
Іргесін аулақ салу – жоламау
Ісі өрге баспады – жолы болмады
Іш тарту – жақын тұту
Іші ауыру – өкіну
Іші бұру – жақтыру
Іші жарылу – зерігу
Іші пысу – зерігу
Іші тар – сараң, қызғаншақ
Іші түтін, сырты бүтін – уайымды
Ішін тарту – таңырқау
Ішіңді жылан жайлап отыр ма? – тоймадың ба?
МАҚАЛ мен МӘТЕЛМақал – өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Оның мәтелден ерекшелігі:
-
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.
-
Ой нақты айтылады.
-
Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.
-
Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді, жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді.
-
Жері байдың елі бай.
-
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
-
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.
-
Еменнің иілгені – сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Оның мақалдан ерекшелігі:
-
Көбіне бір бөлімді болады.
-
Ой ишара, тұспал түрінде айтылады.
-
Көбіне эмоциялық мағына басым болады.
-
Көппен көрген - ұл той.
-
Әлін білмеген әлек. Кемедегінің жаны бір.
-
Ел құлағы - елу.
-
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.
НАҚЫЛ СӨЗНақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже – қағидалар.
Мысалы:
-
Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас. (М. Әуезов).
-
Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот. (Н. Байғ.)
ИДИОМАИдиома(лық тіркес)дегеніміз:
-
бөліп-жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер;
-
құрамындағы сөздердің мағынасында метафоралық, пародиялық ерекшеліктер болатын мәтелге және тұрақты тіркеске бейім келетін тіркестер;
-
өзге тілге тура аударуға келмейді;
Мысалы: Идиома(лық тіркес)
| Мағынасы
|
ұзын құлақ
қырық пышақ
өгіз аяң
мұртын балта шаппау
асқар тау
ақ саусақ
аузын қу шөппен сүрту
| көпшілік
ұрыс-керіс
жай
мұқтаждық көрмеу
биік тау
жалқау
сараң
|
СӨЗ МАҒЫНАЛАРЫСөздің лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар:
-
Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.
-
Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауысып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыспалы мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады.
Мысалы: Тура мағына
| Ауыспалы мағына
|
терең көл
ашық терезе
өткір қайшы
домбыра шерту
майлы төстік
| терең ой
ашық мінез
өткір көз
сыр шерту
майлы дастархан
|
-
Сөздің көп мағыналығы (полисемия) – бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы. Мысалы:
Адамның
басыСудың
басы (бұлақ)
Сөздің
басы (сәлем)
Таудың
басы (шың)
-
Омоним – дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.
Мысалы: «Жақ» омоним сөзінің мағыналары:
Адамның
жағы / От
жақ / Оң
жақ / Маған
жақ бол / Қара бояу
жақОмонимдердің жасалу жолдары:
-
Жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс), жастық (жас+тық);
-
Кірме сөз арқылы: бақ (парсы. "бақт»), сап (араб. "саф");
-
Сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы: біз (бігіз);
Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмашылығы:
-
Омоним сөз жеке тұрып, бірнеше мағынаны білдіреді, ал көп мағыналы сөз екінші сөзбен тіркескенде ғана бірнеше мағынаны білдіре алады.
-
Омоним сөздің мағыналарының арасында ешқандай мағыналық ұқсастық болмайды. Мысалы, адамның жағы, отты жақ дегендегі «жақ» сөзі бірінде есім сөз болып, дене мүшені білдіріп тұр, бірінде етістік ретінде қимылды білдіріп тұр. Ал көп мағыналы сөздің мағыналарының арасында ұқсастық болады. Мысалы, судың басы (бұлақ), таудың басы (шың), сөздің басы (сәлем) дегендегі «бас» сөзі бірінде «бұлақ», бірінде «шың», бірінде «сәлем» деген мағыналарды білдірсе де, бәрінде де бір нәрсенің басталу орны, басталар жері деген мағынаны білдіріп тұр.