| Жекеше түрі (оңаша тәуелдену) | |
| І жақ ІІ жақ ІІІ жақ | -м, -ым, -ім Менің досым -ң, -ың, -ің Сенің досың -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз Сіздің досыңыз -сы, -сі, -ы, -і Оның досы |
| Көпше түрі (ортақ тәуелдену) | |||
| І жақ ІІ жақ ІІІ жақ | -мыз, -ымыз, -міз, -іміз Біздің досымыз тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің Сендердің достарың -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз Сіздердің достарыңыз -сы, -сі, -ы, -і Олардың достары | ||
| Оңаша тәуелдену | Ортақ тәуелдену | | |
| Менің үй-ім. Сенің үй-ің Сіздің үй-іңіз Оның үй-і | Біздің үй-іміз Сендерің үй-лерің Сіздердің үй-леріңіз Олардың үй-і | | |
| № | Септік | Сұрағы | Жалғауы |
| 1 | Атау | кім? не? | Жоқ. Мектеп |
| 2 | Ілік | кімнің? ненің? | -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің Мектептің |
| 3 | Барыс | кімге? неге? | -а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не Мектепке |
| 4 | Табыс | кімді? нені? | -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н Мектепті |
| 5 | Жатыс | кімде? неде? | -да, -де, -та, -те, -нда, -нде Мектепте |
| 6 | Шығыс | кімнен? неден? | -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен Мектептен |
| 7 | Көмектес | кіммен? немен? | -мен (менен), -бен (бенен), -пен (пенен) Мектеппен |
| Жай септеу | Тәуелді септеу |
| А. Үй І. Үй-дің Б. Үй-ге Т. Үй-ді Ж. Үй-де Ш. Үй-ден К. Үй-мен | А. Үйім І. Үй-ім-нің Б. Үй-ім-е Т. Үй-ім-ді Ж. Үй-ім-де Ш. Үй-ім-нен К. Үй-ім-мен |
| | Жақ | Зат есімнің жіктелуі | Етістіктің жіктелуі |
| Жекеше | І | Мен дәрігермін | Мен келемін , келдім |
| ІІ | Сен дәрігерсің Сіз дәрігерсіз | Сен келесің , келдің Сіз келесіз , келдіңіз | |
| ІІІ | Ол – дәрігер | Ол келеді , келді | |
| Көпше | І | Біз дәрігерміз | Біз келеміз , келдік |
| ІІ | Сендер дәрігерсіңдер Сіздер дәрігерсіздер | Сендер келесіңдер, келдіңдер Сіздер келесіздер, келдіңіздер | |
| ІІІ | Олар - дәрігерлер | Олар келеді , келді |
| түрі | ереже | мысал |
| Тұлғасына қарай |
| Негізгі зат есім | Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім. | у, ат, ант, бата, құдық | ||
| Туынды зат есім | Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім. | білім, достық, боран, тарсыл | ||
| Құрамына қарай | ||||
| Дара зат есім | Бір ғана түбірден тұрады. | от, ара, қант, оқушы, баспалдақ | ||
| Күрделі зат есім | Кемінде екі сөзден тұрады. | кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ | ||
| Жалпылай немесе жекелей атауына қарай | ||||
| Жалпы есім | Біртектес заттардың жалпы атауы. | кісі | өзен | тау |
| Жалқы есім | Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы. | Асан | Ертіс | Алатау |
| Мағынасына қарай | ||||
| Деректі зат есім | Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыстардың атауы. | ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия | ||
| Дерексіз зат есім | Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы. | қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық | ||
| № | жұрнақ | мысал |
| 1 | -еке, -ке, -қа, -а, -е | атеке(атке) Исеке (Иса) ағеке(ағке) Жәке(Жамбыл) әпеке(әпке) Нүке (Нұрпейіс) Мұқа(Мұхтар) |
| 2 | -й | атай, әкей, шешей, жездей |
| 3 | -тай | ағатай, апатай, әкетай, шешетай |
| 4 | -жан | ағажан, атажан, апажан, Абайжан |
| 5 | -қан, -кен, -қай, -кей, -ан, -ң | балақан, бұзауқан, шешекей, Дәкен(Дәріқұл) |
| 6 | -шақ, -шек | құлыншақ, інішек |
| 7 | -шық, -шік | қапшық, төбешік |
| 8 | -ша, -ше | сандықша, күрекше |
| 9 | -ш, -ыш, -іш | қалқаш, Нұрыш (Нұртай) |
| 10 | -сымақ | қорасымақ, таусымақ |
| № | жұрнақ | мысал |
| 1 | -шы, -ші | қойшы, күйші |
| 2 | -шылық, -шілік | шаруашылық, кеңшілік |
| 3 | -лық, -лік, дық, -дік, -тық, -тік | балалық, кісілік, адалдық, жеңілдік, жолдастық, биіктік |
| 4 | -кер, -гер | айлакер, саудагер |
| 5 | -кеш, -стан, -хана -паз, -қой, - қор | шайхана, кітапхана, арбакеш, жемқор |
| № | жұрнақ | мысал |
| 1 | -м, -ым, -ім | байлам, күзем, қысым |
| 2 | -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе | ұрма, көрме, сүзбе, кеспе |
| 3 | -қы, -кі, -ғы, -гі | шалғы, тепкі, бұрғы |
| 4 | -с, -ыс, -іс | талас, айтыс, жүріс |
| 5 | -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек | тарақ, күрек, қызық |
| 6 | -ыш, -іш | қуаныш, таяныш, өкініш |
| 7 | -н, -ын, -ін | боран, жуын, түйін |
| 8 | -у | сабау, жамау, көсеу |
| 9 | -ынды, інді | шайынды, үйінді үгінді |
| 10 | -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш | сүзгіш, сыпырғыш, білгіш |
| 11 | -уыш, -уіш | өлшеуіш, бастауыш |
| 12 | -ыр, -ір, -р, -ар, -ер | үңгір, шұқыр |
| | Ереже | Мысалдар |
| Бастауыш | Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? не? сұрақтары тәуелденіп қойыла береді. (кімім? неңіз?) | Жел күшейе түсті. Ер елімен көрікті, жер кенімен көрікті. Менің әкем -кәсіпкер. |
| Анық-тауыш | Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады. | Алтын сағат сыйлаған екен. Қырда ауылдың малдары жайылып жүр. |
| Толық-тауыш | Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып, толықтауыш болады. | Тәрбие тілден басталады. Ертегімен ұрпағыңды естелікке үйрет. |
| Пысық-тауыш | Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаумен тіркесіп пысықтауыш болады. | Біз мектепке қарай жүгірдік. Мен оқу үшін қалаға барамын. Көлеңкеде атам отыр. |
| Баяндауыш | Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады. | Біз бейбіт еңбекті сүйетін елміз. Бала – артта қалған із, байлық – қолдағы мұз. |
| түрі | ереже | мысал |