Ichthyolum-ихтиол: антисептикалық, қабынуға қарсы және жергілікті жансыздандыратын әсері бар. 10%-20% жағылма түрінде тілме қабынуында, күйікте, экземада және басқа да тері ауруларында қолданылады. Құрамында 0,2 ихтиолы бар суппозиторий, кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларында қолданылады.6.Нитрофуран туындылары. Furacillinum-фурацилин(Б): әсер ету механизмі: ақуыздың синтезін бұзып, хелаттар түзеді (металдармен қосылса), протоплазмада тотығу процестерін күшейтеді, адамға улылығы төмен, грамм-оң, грамм-теріс микроорганизмдер мен қарапайымдарға әсері күшті. Жергілікті қолданғанда тітіркендіргіш әсері жоқ және ұлпалардың регенерациясын тездетеді. 0,02% (1:5000) сулы ерітіндісі ауыз бен тамақтың қабынуларында, дененің қуыс мүшелерін жуу үшін қолданылады; еріт. көз тамшылары түрінде, 0,066% (1:1500) спиртті ерітіндісі созылмалы іріңді отитте қолданылады. 0,2% жағылма, 0,02 таб. (1 таб. ½ стакан жылы сумен) шаю үшін, 0,1 таб. бактериалды дизентерияны емдеу үшін ішке белгіленеді.7. Бояғыштар-грамм-оң кокктарға әсер етеді, улы емес, ұлпаларды тітіркендірмейді.Viride nitens- бриллиантты жасыл: 1-2% , сулы және спиртті еріт. операциядан кейінгі жіпті, жырықта жарықтарды өңдеу үшін,терінің іріңді зақымдалуында (пиодермия)және көз қабағының қабыну ауруларында (блефарит) қолданылады. Aethacridini Iactas- этакридин лактаты (риванол)(Б); 0,05-0,2 % еріт.-жарақатты,қуыстарды жууға,күйіктерді емдеу, шаю үшін сыртқа қолданылады. 0,1% спиртті еріт.1% жағылма, 5-10% пастасы, 25% сеппесі белгіленеді.Methylenum coeruleum-метилен көгі:0,02% сулы ерітіндісі - қуықты;жууға 1-3% спиртті ерітіндісі сыртқа қолданылады.Метилен көгі цианидтермен, көміртегі тотығымен күкіртті сутегімен (хромосмон препараты) жәненитриттермен уланғанда антидот болып табылады.8. Қышқылдар мен сілтілер-микроб жасушасының протоплазмасының ақуызын денатурациялайды.Acidim boricum- бор қышқылы: антисептикалық белсенділігі төмен,3% спиртті еріт.жіті және созылмалы отитте қулақ тамшысы ретінде қолданылады;2-4% сулы еріт.көз ылғалдағышы ретінде, кейде ауыз бен тамақты шаю үшін;10% глицерин еріт.тері бөртпесінде кольпитте;5% жағылмасы битшеңтікте қолданылады.Салицил қыщқылы: кератолитикалық әсер ететін спиртті ерітінді жағылма паста сеппе түрінде шығарылып күс суйықтықтары мен күс лейкопластырының(Салипод) құрамына кіреді.Бензой қышқылы; фунгицидтті зат (саңырауқұлақтарға қарсы) ретінде сыртқа қолданылады Soiufio Ammonii caustici 10%-аммиактың 10% ерітіндісі(мүсәтір спирті); сілтілік қасиеті болғандықтан жуғыш әсері бар,сондықтан хирургтар қолдарын Спасокукоцкий Кочергин әдісімен жуу ушін қолданылады(0,5% еріт.Есінен танған адамның тыныс алуын қалпына келтіру үшін тітіркендіргіш зат ретінде қолданады.Әсер ету механизмі; микроб жасушасының қабықшасының өткізгіштігін бұзады.
9. Детергенттер.Жуғыш қасиеті мен микробқа қарсы белсенділігі жоғары болып табылатын беттік белсенді заттар.Хирургиялық құрал жабдықтарды, операциялық алаң мен хирургтың қолын өңдеуге, бөлме мен науқастың кутіміндегі заттарын зарарсыздандыру үшін қолданылады. Ақуыз концентрациясы жоғары ортада (ауру бөлінділері, ірің) әсер етпейді. Детергенттердің тітіркендіргіш әсері жоқ және улылығы төмен. Катионды детергенттердің антибактериальды белсенділігі анағұрлым жоғары.
Церигель, дегмицид-медицина қызметкерінің қолын өңдеу үшін белгіленеді.
Роккал- қол мен құрал жабдықтарды (0,1% еріт.) операциялық аймақты өңдеу және сыртқы тәнді зарарсыздандыруға(0,1% еріт.) жарақаттарды өңдеуде(0,025% еріт.) қолданылады.
Мирамистин-жыныс мүшелеріндегі венерологиялық ауруларды (0,01% еріт.) алдын алу үшін қолданылады.
Анионды детергенттер- белсенділігі төмен (катиондылармен сыйымсыз жасыл сабын теріні тазалау үшін қолданылады.
Антибактериальды табиғи препараттар.Әсер ету механизмі:бактериостатикалық және бактериоцидті әсер көрсетеді.Антисептикалық және дезинфекциялық заттар
Химиялық тобы
| Препараттары
|
1.Құрамында галогені бар қосылыстар
| Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты
Йодты: Йодтың спиртті ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодоповидон(бетадин), йодинол, йодонат, йодопирон
|
2.Тотықтыр-ғыштар
| Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты
|
3. Ауыр металл тұздары
| Сынап: сынап дихлориді(сулема), сынаптың сары тотығы
Күміс: күміс нитраты, протаргол, колларгол
Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы
Мыс: мыс сульфаты
Висмут: ксероформ, дерматол
|
4.Альдегидтер мен спирттер
| Формальдегид, гексаметилентетрамин (уротропин) Этил спирті
|
5.Фенол және оның туындылары
| Таза фенол ( карбол қышқылы), резорцин, қайыңның қарамайы, ихтиол
|
6. Нитрофуран туындылары
| Фурацилин
|
7. Бояғыштар
| Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты (риванол)
|
8. Қышқылдар мен сілтілер
| Қышқылдар: бор, салицил Сілтілер: аммиак ерітіндісі
|
9.Детергенттер
| Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын
|
10. Табиғи препараттар
| Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафорасының, түймедақ гүлінің (ромазулан), шалфейдің (сальвин), эвкалипттің (хлорофиллипт, эвкалипт майы), шайқурай (новоиманин), сарымсақ, пияз және т.б.; антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2
|
Б.Химиотерапевтикалық дәрілер.Жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу ушін қолданылатын инфекция қоздырғыштарына әсер ететін препараттарды химиотерапевтикалық дәрілерге жатқызамыз. Химиотерапевтикалық дәрілердің негізін қалаушы неміс ғалымы П.Эрлих,ХХ ғасырдың басында мышьяктың бірнеше қосылыстарын синтездеп,оларды мерезде,кейбір қарапайымдыларға қарсы препарат ретінде қолданған Кейіннен сульфаниламидті препараттар(Домагк 1932 ж.) мен антибиотиктер алынған(А Флеминг,1929 ж.),ал 1940 ж.Флори мен Чейн пенициллиннің таза түрін апған. Химиотерапевтикалық дәрілердің құрылысына қарай жұқпалы аурулардыңқоздырғышына таңдамалы әсеріне қарай төмендегіше топтарға жіктейміз:1.Антибиотиктер.2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер.3.Туберкулезге қарсы дәрілер.4.Спирохетозға қарсы(сифилислке қарсы) дәрілер.5. Саңырауқулақтарға қарсы дәрілер.6. Вирусқа қарсы дәрілер.7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер.8.Құрттарға қарсы( гельминтке қарсы) дәрілер.Жұқпалы ауруларды толық емдеу үшін химиотерапияның негізгі принциптеріне сүйену қажет:
-
Қоздырғышқа қарсы сезімталдығы жоғары препаратты таңдау;
-
Емді дер кезінде бастау;
-
Енгізу арасындағы дәл уақыт аралығын сақтай отырып препараттың тиімді мөлшерін қабылдау,
-
Ауру белгілері жойылғанша және 2-3 күн артығымен (толық бактериологиялық айыққанша) емдеу.
-
Қиыстырылған ем қабылдау,
6.Қажетті жағдайда алдын алу үшін емдеу кестесін қайталау;
1. АнтибиотиктерАнтибиотиктер-әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған микробтан, өсімдіктен, жануарлардан алынған заттар немесе оның синтетикалық аналогтары. Медицинада антибиотиктер ереше орын алады. Антибиотиктер жайлы ғылым қарқынды дамып келе жатыр. Медициналық тәжірибеде әр жылы жаңа антибиотиктер ашылуда, зерттелуде, енгізілуде. Антибиотиктерді игерушілердің қатарында микробиологтар, фармакологтар, биохимиктер және барлық медицина мамандары бар. Анибиотиктерді биологиялық тегіне қарай микробқа қарсы әсерінің механизміне қарай және химиялық құрылысына қарай жіктелуі.
І.Микробқа қарсы әсер ету спектріне қарай жіктелуі: -
Тек грамм (+) микроорганизмдерге әсер ететін антибиотиктер: бензилпеницилиндер, макролидтер.
-
Тек грамм (-) микроорганизмге әсер ететін антибиотиктер: полимиксиндер, азтреонамдар.
-
Кең спектрлі (грамм (+) және грамм (-) әсер ететін) антибиотиктер: цефалоспориндер, тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицетиндер.
4.Саңырауқұлақтарға таңдамалы әсер ететін антибиотиктер: нистатин, леворин, амфотерицин В, гризеофульвин.2. Әсер ету механизміне қарай жіктелуі:1. Бактерицидті әсер ететін антибиотиктер:а) Жасуша қабықшасының синтезін бұзатын: пенициллиндер, цефалоспориндер және басқа да β-лактамдар.б) Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын: полимиксиндер, саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер.2. Бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер:а)Ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзатын: тетрациклиндер, макролидтер, аминогликозидтер (бактерицидті әсер көрсетеді), левомицетин, линкомицин.б)Нуклеин қышқылының (РНҚ) синтезін бұзатын: рифампицин, гризеофульвин.3. Химиялық құрылысына қарай жіктелуі:1. Бета-лактамды антибиотиктер.а) Пенициллиндер.б) Цефалоспориндер.в) Басқа да β-лактамды антибиотиктер.2. Макролидтер.3. Тетрациклиндер.4. Левомицетин тобы (хлорамфеникол).5. Аминогликозидтер.6.Полимиксиндер.Антибиотиктер негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді. Негізгі-тиімділігі жоғары, улылығы төмен, емдеуді осылардан бастайды. Қосымша антибиотиктер-улылығы жоғары, негізгі антибиотиктер әсер етпеген жағдайда белгіленеді.1.Бета-лактамды антибиотиктерӘсер ету механизмі микроорганизмдердің жасуша қабырғасындағы синтезін жойып, бактерицидті әсер етеді.
а) Пенициллиндер1. Табиғи пенициллиндерӘсер ету спектрі: грамм (+) микроорганизмдерге: стафилококктар(пенициллиназа (пенициллиндердің β-лактамды сақинасын бұзатын фермент) өндірмейтін); стрептококктар, пневмококктар; дифтерия коринобактериялары, сібір жарасының таяқшалары; анаэробты спора түзгіш таяқшалар (газды гангрена, тырысқақ, ботулизм клостридиялары); гармм(-) микроорганизмдерге: (гонококктар, менингококктар, спирохеталар); кейбір саңырауқұлақтар (актиномицеттер). Пенициллиндер микроорганизмдердің вегетативті түріне ғана әсер етеді, ал спора түрінде әсер етпейді. Қолдану көрсеткіштері: пневмония, бронхит, ангина, дифтерия, тілме қабынуы, жұмсақ ұлпалардың іріңді инфекцияларына (абсцесс, флегмона, жара инфекциялары); отоларингологиялық, акушер-гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде іріңді қабыну ауруларында, сепсистік эндокардит, іріңді плеврит, перитонит, сепсис, остеомиелит, менингит, гонорея, бленнорея, мерез, сібір жарасы, көздің қабыну аурулары, актиномикоз және басқа да пенициллинге сезімтал микрофлоралардан туған жұқпалы аурулар. Жанама әсері: әртүрлі дәрежедегі аллергиялық реакциялар. Қарсы көрсеткіштер: пенициллинге жоғары сезімталдық, аллергиялық (бронхиальды демікпесі, сенна қызбасында, есек жем т.б.) аурулар.а) Әсері қысқа препараттар (3-4 сағ.). Benzylpenicillinum-natrium-бензилпенициллин натрий тұзы (Б): 250 000, 500 000 және 1 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда-әр 4-6 сағ. сайын б/е, құрамын 1-3мл инъекцияға арналған залалсызданған суда, натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен(пеницилиннің новокаин тұзы түзіліп, ол анағұрлым ұзақ әсер етуін, ерітінді 1 тәулікке жарамды болуын қамтамасыз етеді; бензилпенициллиннің новокаин тұзының кристалдануынан пайда болған тұнба, ерітіндіні б/е енгізуге кедергі болмайды) ерітеді. Күре тамырға баяу 1 000 000-2 000 000 ӘБ (5-10мл инъекцияға арналған суда немесе натрий хлоридінің изотонды ерітіндісінде ерітеді), 2 000 000-5 000 000 ӘБ тамшылатып (100-200 мл 0,9% NaCl еріт. немесе 5% глюкоза еріт.) тәулігіне 1-2 рет үйлестіріп б/е енгізіледі. Препаратты қажетті жағдайда эндолюмбальды, қуыстарға, сүйек ішіне, ингаляциялық түрде енгізіп; құлақ, көз, мұрын тамшылары түрінде, инфильтраттарды жою үшін қолданады. Ішке қолданбайды, себебі асқазан сөліндегі тұз қышқылының әсерінен бұзылады.