(клиндамицин) қолданылыды. Линкозамиттерге тұрақтылық баяу пайда болады. Бұлар резерфтегі антибиотиктер болып табылады. оларды басқа препараттарға аллергия немесе тұрақтылық жағдай да қолданады. Жанама әсері: диспепсия және псевдомембранозды колит, аллергия, бауыр қызметінің бұзылуы, ликопения байқалуы мүмкін.3. Тетрациклиндер.Әсер ету механизмі:рибосомдық деңгейінде ақуыз синтезн бұзып бактериостатикалық әсер етеді.Табиғи: тетрацклин,окситетрациклин(террамицин)-әсері қысқа 6-8сағ.Жартылай синтетикалық: метациклин(рондомицин),докситсиклин(вибрамицин), минациклин(миноцин)- әсері ұзақ 12-24сағатӘсер ету спектрі кен: грамм(+)және грамм(-) бактериялар,спирохета,рикетсия,хламидия,микоплазма,омеба. Тетрациклиндер жасуша ішіндн орналасқан микроорганизмдерге қарсы әсер етеді. Оларға протей,көк ірінді таяқшалары, көбінесе саңырау құлақтар, ұсақ вирустар, бактериодтар тұрақты. Грамм (-) ішек микроорганизмдері метациклин мен доксициклинге тұрақты. Тетрациклиндерге екіншілік резистенттік баяу дамиды, бірақ моноцикленнен басқа осы топтың барлық препараттарына резистенттік қиылыспалы болып келеді. Қолдану көрсеткіштері: тетрациклендер - улы антибиотиктер , сондықтан оларды өазіргі кезде аз қолданады. Тетрациклендерді негізінен микроорганизмдердің басқа топ препараттарына тұрақтылығы жоғарға болғанда қолданады. Олар резервтегі антибиотиктер болып табылады. Тетрациклендерді өте қауіпті инфекцияларда: тырысқақ ( холера) , оба, сібір жарасы, бруцеллез, туляремия, борреллиоз, реккетсиоз, бқртпе сүзегі, даұты ұызба, Ку-қызба ( доксициклин, моноциклин) ; остеомиелитте, инфекциялық артритте; хламидия, микоплазма, трепонма жіне гонококк қоздырғыштарымен шақырылған урогенетальды инфекцияларда; микоплазмалық пневмонияда ; трахомада; тері және жұмсақ ұлпа инфекцияларында (моноциклин- теріге және жұмсақ ұлпаларға жақсы сіңеді); бактериялды және амебті дезинтерияда; асқазанның жара ауруларында( доксициклин- Halicobacter pylory-ге әсер етеді) қолданылады. Жанама әсері: диспепсия , тітіркендіргіш әсер, гепотоксикалық әсер, аллергия, дисбактериоз ( суперинфекция , кандидамикозды алдын алу үшін нистатин қолданылады), энтероколит, фотосенсибилизация, тіс және сүйек дамуының бұзылуы ( тетрациклендер кальций тұздарымен кешенді қосылыстар түзіп , тәспен сүйекте жиналып, ол тістің өсуін тежейді, кеш шығады,қарайып, кариеске бейімді болады); катаболикалық әсер, иммунитеттің төмендеуі, қан жасалуының тежелуі , теротогендік әсер, ал моноциклинде вестибулярлық бұзылыстар байқалады. Қарсы көрсеткіштері: жоғары сезімталдықта , санырауөқлақ ауруларында, жүктілікте, 12 жасқа дейінгі балаларға; бауыр,б.йрек ауруларында, және лейкопенияда абайлап қолдану керек.
Tetcyclinum-тетрациклин (Б): 0,05;0,1 және 0,25 таб. шығарылып , тәулігіне 3-4 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін ; 1% көз жағылмасы , 3% дермотологиялық жағылмасы бар.Окситетрациклин- сыртқа жағылма түрінде "Гиоксизон" , аэрозольдер " Оксициклозоль"," Оксикорт".Metacyclini hydrochloridum- метациклин гидрохлориді(Б) : 0,15 және 0,3 таб.- 0,3 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе кейін.Doxycylini hydrochloridum- доксициклин гидрохлориді (Б): 0,1 капс. шығарылып, 1 капс. тәулігіне 1 рет тамақтан соң; 0,1 құррғақ зат флакон құрамын 0,9% NaClерітіп. тәулігіне 1-2 рет к/т тамшылатып еңгізіледі.4.Левомецитин( хлорамфеникол) тобыӘсер ету механизмі: рибосома деңгейінде ақуыз синтезін бұзып, бактеростатикалық әсер етеді. Әсер ету спектрі: грамм(+) және грамм(-) бактериялар, сонымен қатар ішек бактериялары, спирохеталар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар. Қышқылдарға тұрақты микобактерияларға , көкірің таяқшаларына, клостридиялар мен қарапайымдыларға әсер етпейді. Қолдану көрсеткіштері :левомицетин улылығы жоғары антибиотик, АІЖ-да тез сінеді. Ағзаның барлық сұйықтықтары мен ұлпаларына тез таралады. Оларды басқа улылығы төмен антибиотиктердің әсері болмаған жағдайдағы ауыр инфекцияларда немесе басқа преператтарды көтере алмағанда, қоздырғыздың левомицетинге сезімталдығы жоғары болған жағдайда қолданылады.Левомецетин іш сүзегінде, паративте, сальмоннелезда,бруцельлезда,туляремияда,реккетсиозда,менингетте, көздің жұқпалы аурыларында(0,25%көз тамшылары) қолданылады. Жанама әсері: қан түзілуінің бұзылуы, тері аурулары(экзема,псориаз, саңырауқұлақтармен зақымдануы) және жеке көтере алмаушылық. Жаңатуылған балалар мен жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.Laevomucetinum-левометицин (Амбофен)(Б):0,25 және 0,5таб.(капс) шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақтан 20-30мин. бұрын белгіленеді; Әсері ұзартылған0,65таб. тәулігіне 2 рет тамақтан 20-30мин. алдын белгіленеді. Левамецитин натрий сукцинаты(берлицетин)парентеральды жолмен (т/а,б/е,к/т) енгізіледі. 1%,5% және 10% синтомицин линементі(LinimentymSynthomucini) терінің ірінді зақымдалуында, фуронкулезда, карбункулда, күйіп, ірінді жарақаттарда және жараларда сыртқа қолданылады. Левамецетин қиыстырылған препараттардың құрамына кіреді: "Левомекол","Левосин" жағылмасы ірінді жараларды,күйікті,ойық жараларын емдеу үшін "Левовинизоль","Олазол" айразол түрінде қолданылады. "Ируксол" жағылмасын жараларды тазалау үшін қолданылады.5. Аминоликозидтер
.
Әсер ету механизмі: Рибосома деңгейінде микроп ақуызының синтезін, сондай-ақ цитоплазмалық мембрананың құрылысы мен қызметін бұзып, бактерицитті әсер етеді.
Аминогликозиттердің буыны:стрептомицин, неомицин, канамицин, мономицин. Әсер ету спектрі: грамм(+)( стафилококктар,пневмоккоктар және т.б.), грамм(-) )ішек тобының бактериялары, протей, гемофильді таяқшалар және т.б.) микроорганизмдер, стрептомицин мен канамицин туберкулез микобактерияларында жоғары белсенділік көрсетеді, мономицин қарапайымдарға ( амебты дизентерия , лейшмания, трихомонада) әсер етеді. Аминогликозидтер анаэробтарға, спирохеттерге, рекеттсияларға, санырауқұлақтар мен вирустарға әсер етпейді. Аминогликозидтерге микроорганимдердің екіншілік резистенттілігі тез дамиды, өйткені микроорганизмдер аминогликозаттердің әсерін жоятын ферменттерге өндіреді , сондықтын емдеу мерзімі қысқа (5-7 күн) болуы қажет; ұзақ емдеуді тек қиыстырылған терапия үшін ғана қолданады. Егер ІІІ буын препараттары әсер етпесе(олар бактерияларды ферменттерге анағұрлым түрақты),І және ІІ буын препараттарын қолданудың қажеті жоқ. Қолдану көрсеткіштері: Аминогликозиттердің І буын препараттарының жоғары улылыгына баланысты қолданылуы шектеулі: стрептомицинді негізінен туберкулезді және өте қауіпті инфекцияларды ( оба, тулремия, бруцеллез) емдеу үшін қолданады, кейде -тыныс жолдарымен несеп жолдарының ауруларында , септимицияда, сеисистік эндокардитте қолданады. Мономицин-тек тері лейшманиозы мен бергілері жок амебиозды қолданады. Неомицин- микроорганизмдердің басқа антибиотиктерге тұрақтылығында, энеритте, энтероколитте таблетка түрінде ішке ; ас қорыту мүшелеріне операция жасар аолында санация ұшін; терінің іріңді ауруларында (пиодермия, инфицирленген экзема) , асқынған жараларда , коньюнктивитте жағылма, ерітінді түрінде жергілікті қолданады. Канамицинді неомицин сияқты ішке қолданады, туберкулезде стрептомициннің туберкулез микобактериясына тұрақты болған кезінде парентеральды қолданады. Бардлық аминогликозиттер АІЖ- да сіңірілмейді. Жанама әсері : отоуатты әсері ( ьас ми нервтерінің VIIIжұптарын зақымадайды, ол есту қаблеті төмендеуі мен вестибулярлы өзгерістерге алып келеді) ; нефроуытты әсері , бұлшық еттің босаңсуы( тыныс алу мен қимыл қызметінің әлсіреуі ), аллергиялық реакциялар, дисбактериоз , диспепсия, полиневриттер, флебиттер(к/т еңгізгенде ) бақалады. Аминогликозиттер уытты препараттар , терапевті әсері қысқа , сондықтан дене салмағына қарай мөлшерін есептеп мөлшерлеу тіртібін сақтап бүйрек өызметін есту мүшесімен вестибулярлық аппарат жағдайын бақылау отыру қажет.
Қарсы көрсеткіштері бүйрек аурулары есту мүшесінің жіне кіреберіс аппаратының бұзылулары миастения, жүктілік және көтере алмаушылық .Steptomycini sulfas- стрептомицин сульфаты (б): 0,25;0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1-5 мл иньекцияға арнадған суда, 0,9% Na Cl ерәт. немесе 0,25-0,5% новокоин еріт.ерітіп, тәулігіне 2 рет б/е енгізіледі.Neomycyni sulfas - неомицин сульфаты (Б) : 0,25 таб.,шығарылып 1 таб. тәулігіне 2 рет белгіленеді; 2% жағылма; 0,5 %көз жағылмасы бар.Kanamycini sulfas-канамцин сульфаты (Б) : 0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 2-3 рет б/е; 5%-10 мл ерітінді, амп, к/т тамшылатып енгізіледі. Аминогликозидтердің ІІ буыны: гентамицин сульфаты (гарамицин).Әсер ету спектрі: І буын препараттарынан айырмашылығы көкірек таяқшасына, протей, ішек таяқшаларына, сальмонелла, энтеробактер, пенициллиназа түзгіш стафилококктарға қарсы белсенділігі жоғары. Қолдану көрсеткіштері: грамм (-) микроорганизмдермен шақырылған инфекцияларда: несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефрит, цистит, уретрит); көкірек таяқшалары, протей немесе осы қоздырғыштардың араласып келуінен пайда болған сепсисте, жара инфекцияларында, күйікте, хирургиялық ауруларда, пневмония, бронхопневмония, менингит, перитонит және т.б. гентамицинге сезімтал флорамен шақырылған ауруларда қолданылады. Пиодермияда, фолликулитте, фурункулезде гентомицинді жағылма, ал көздің жұқпалы қабыну ауруларында көз тамшылары түрінде қолданылады. Жанама әсері мен қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай, бірақ гентамициннің есту мүшесіне әсері төмендеу.Gentamycini sulfas — гентамицин сульфаты (Б); 0,08 құрғақ зат флаконда, 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 2-3 рет б/е; 4% 1 мл және 2 мл еріт. ампуласы тәулігіне 2-3 рет б/е енгізіледі; 0,1% жағылма; 0,3% көз тамшылары бар. Аминогликозидтердің ІІІ буыны: тобрамицин (бруламицин, небцин, обрацин), сизомицин, амикацин (амикин, биклин), нетилмицин (нетиллин, нетромицин). Әсер ету спектрі: гентамицинге ұқсас. Барлық препараттар көкірек таяқшаларына әсер етеді. Тобрамицин гентамицинге қарағанда көкірек таяқшаларына белсенділігі 2-4 есе жоғары; сизомицин гентамицинге қарағанда протей, көкірек таяқшасы, клебсиелла, энтеробактерге белсенділігі жоғары; амикацин – аминогликозидтер қатарында жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, бірақ грамм (+) анаэробтардың көпшілігіне әсер етпейді. Нетилмициннің микроорганизмдердің ферменттеріне тұрақтылығы жоғарылау. Қолдану көрсеткіштері:
грамм (-) флора тудырған ауыр инфекцияларда: бактериемия, септицемия, урогенитальды инфекциялар, тыныс жолдарының, АІЖ-ң жұмсақ ұлпалардың ауыр инфекциялары, остеомиелит, операциядан кейінгі қиындықтар, аурухана ішілік және аралас инфекциялар. Егер қоздырғыштың түрі белгісіз болса, аминогликозидтерді пенициллиндермен немесе цефалоспориндермен қиыстыру қажет.
Жанама әсері және қарсы көрсеткіштері: І буын препараттарындағыдай. Амикациннің ото және нефротоксикалық әсері басым, тобрамицин мен нетилмицинде нефро- және ототоксикалық әсері гентамицинге қарағанда төмендеу.
Amikacini sulfas – амикацин сульфаты: 5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, тәулігіне 2-3 рет б/е; 0,1; 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, б/е және к/т тамшылатып енгізіледі.
Netilmycini syltas – нетилмицин сульфаты -0,05; 0,15 және 0,2 құрғақ зат флаконда шығарылып, 50-200 мл 0,9 % NaCl ерітіндісін тәулігіне 2-3 рет тамшылатып к/т енгізеді.
Аминогликозидтердің ІV буыны: изепамицин (исепацин).
Әсер ету спектрі: жоғарыда көрсетілген микроорганизмдермен қоса ацинетобактерге, цитробактерге, аеромоносқа, морганеллаға, листерияларға және нокардияға әсер етеді.
Қолдану көрсеткіштері: ІІІ буын препараттарына ұқсас. Жанама әсерлері мен қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.
-
Полимиксиндер
Полимиксин М, полимиксин В (аэроспорин, полмикс, бациллоспорин), полимиксин Е (колистин) сульфаттары. Әсер ету механизмі: микроорганизмдердің цитоплазмасының құрылысы мен қызметін бұзып, бактерицидті әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі тар: грамм (-) таяқшаларға: көкірек таяқшаларға, дизентерия мен ішек таяқшаларына, іш сүзегі мен паратиф таяқшаларына, холера вибрионына, клебсиеллаға, энтеробактерге, гемофильді таяқшаларға әсер етеді.
Қолдану көрсеткіштері: полимиксиндер – терапевті әсерінің кеңдігі аз, жоғары уытты препараттар, сондықтан оларды тек өте қажетті жағдайда қолданады. Емдеу ұзақтығы 5-7 күннен аспауы керек. Полимиксиндер АІЖ-де сіңірілмейді және парентеральды енгізгенде ұлпаларға нашар таралады. Полимиксин М сульфаты іріңді жарақаттарды, күйік және жараларды, іріңді отит пен конъюнктивитті емдеу үшін ерітінді немесе жағылма түрінде жергілікті сыртқа қолданылады. Басқа антибиотиктерге (гастроэнтероколит, жіті және созылмалы дизентерия) сезімталдығы төмен көкірің таяқшалары мен басқа да грамм (-) флора тудырған ауыр ішек инфекцияларында, сонымен бірге операция алдында ішекті санация жасау үшін ішке қолданылады. Полимиксин В және Е сульфаттары көкірің таяқшаларымен, клебсиелламен және энтеробактермен шақырылған сепсисте, пневмонияда, эндокардитте, несеп шығару жолдарының созылмалы ауруларында парентеральды енгізіледі.