- адреноблокаторлар (празозин,доксазозин, теразозин): 4) адреноблокаторлар (атенолол, ацебутолол, метопролол) («эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).ІІ. Әсері миотропты гипотензивті дәрілер (шеткерлік вазодилататорлар). Бұл препараттар бұлшық ет қабырғасының қан тамырларын босаңсытып, олардың кеңеюіне алып келеді. А) кальций арналарының блокаторлары (кальций антагонистері): фенигидин («Антиангинальды дәрілер» тақырыбына қараңыз), исрадипин (ломир); фелодипин (плендил) – әсері ұзақ. Б) калий арналарының күшейткіштері: миноксидил (минона), диазоксид (гиперстат) – тамыр тонусын бір қалыпты ұстап тұру үшін, ұан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларындағы калий арналарын ашып, жасуша ішіне қан тамыр тонусына қажетті Ca2+ ионының енуін төмендетеді. Артериялық вазодилататор болып табылады.Миноксидил артериялардың кеңеюіне байланысты, тамырлардың кедергісі азайып, АҚ төмендейді. Негізінен қатерлі гипертензияда ішке қолданылады. АІЖ–да жақсы сіңіріледі. Әсері 24 сағ.созылады. Бүйрекпен шығарылады.Жанама әсері: бетті түк басу, су және Na+ иондарын ағзада жинақталуынан ісінулерге алып келеді. Диазоксид – күре тамырға енгізгенде тез және күшті гипотензивті әсер көрсетеді. Энтеральды енгізгенде АҚ-ң төмендеуі біртіндеп байқалады. Әсері 12-18 сағ. Созылады. Гипертензивті кризде қолданылады. В) әртүрлі миотропты дәрілер: Натрий нитропруссиді (нанипрусс) – артерия мен күре тамырларды кеңейтетін, азот тотығына оттекті беруші. Гипертензивті кризде күре тамырға тамшылатып енгізіледі. Әсерінің ұзақтығы 1-2 мин., сол себептен оны тамшылатып инфузия түрінде қолданылады. Жанама әсері: тахикардия, бас ауруы, диспепсиялық жағдайлар байқалады. Apressinum – апрессин (гидралазин) (Б): 0,01 және 0,025 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң белгіленеді. Артериола мен майда артерияларды кеңейтеді. Рефлекторлы тахикардия, ісіну, диспепсия, бас ауру, қызыл жегі синдромы байқалуы мүмкін. Magnesia sulfas – магний сульфаты: 20-25% 5 және 10 мл еріт.амп. шығарылып, абайлап б\е және к\т енгізеді. Себебі тез енгізгенде наркотикалық әсері және тыныс алудың тежелуі байқалуы мүмкін. Негізінен гипертензивті және жүктіліктің нефропатиясында
қолданылады. Dibazolum – дибазол (Б): 0,02 таб. 0,5 – 1% 1,2 және 5 мл еріт.амп.шығарылып, б\е және к\т енгізіледі. Әсері орташа. Гипертензивті кризде қолданылады. «Папазол», «Андипал» препараттарының құрамына кіреді.
ІІІ. Ангиотензинге айналдырғыш ферментінің (ААФ) ингибиторлары (тежегіштері).Буыны: каптоприл (капотен):Буыны: эналаприл (ренитек, энам), лизиноприл (привинил,диротон),рамиприл (тритаце), цилазаприл (инхибейс), периндоприл (престариум), фозиноприл (моноприл), трандолаприл (гоптен). Бұл қосылыстар белсенді емес ангиотензин І-ді (ренин ферментінің әсерінен ангиотензиногеннен түзілген) вазобелсенді ангиотензин ІІ- ге (қан тамырлардың тарылтып, сығылуына алып келеді) айналдыратын ферменттің белсенділігін тежейтін препараттар. ААФ-ң ингибиторлары артерия мен күре тамырларды кеңейтіп, жүрекке кейінгі күшті (постнагрузка) және жүрекке веноздық қанның қайтуын азайтып, жүрек жұмысын жеңілдетеді, жүрек пен бүйректе қан айналымды жақсартып, жүрек бұлшықетінің гипертрофиясын төмендетеді, диурезді жоғарылатып, артериялық қысымды төмендетеді. Гипертониялық аурудың өте ауыр түрінде, гипертониялық кризде, жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады. Барлық препараттар каптоприлде әсері 1 сағ. Басталып, 6 сағ.созылады, ал қалған препараттарда 2 сағ.басталып, 24 сағ.созылады. Жанама әсері: әлсіздік, бас айналу, құрғақ жөтел және көкірек пен іш қуысы тұсының ауруы (диуретиктерді белгілеу қажет) байқалады. Көбінесе аллергиялық реакциялар капотенде байқалады. Captopril – каптоприл (Б); 0,025 таб. Түрінде шығарылып, 1/2 – 1 таблеткадан тәулігіне 2-3-4 рет тамақ алдында, гипертониялық кризде 1 таблетка тіл астына беріледі. Enalaprili maleas – эналаприл малеаты (Б); 0,0025: 0,005: 0,01 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді. IV. ангиотензин рецепторларының блокаторлары: лозартан (козаар), ирбесартан (апровель), эпросартан (теветен), валсартан (диован) – ангитензин ІІ-литик болып табылады. Ангиотензивті рецептордың АТ1 түрін тежеп, ангиотензин ІІ –ң барлық әсерлерін жояды. Ішке тәулігіне 1 рет белгіленеді. ААФ ингибиторларына қарағанда жанама әсері өте сирек байқалады. V. тұз – су алмасуына әсер ететін дәрілер (несеп айдаушы, диуретиктер, салуретиктер). Айналымдағы қанның көлемін азайтып, АҚ-ы түсіреді. Несеп айдаушы дәрілер басқа гипотензивті дәрілердің әсерін күшейтеді, сондықтан көбінесе бірге белгілейді. Гипертониялық ауруларды қиыстырып емдеу үшін әсер ету механизмі әртүрлі фармокологиялық топтардың препараттары белгіленеді. Қиыстырылған препараттары: «Адельфан- эзидрекс», «Алсидрекс-Г», «Трирезид», «Тринитон», таб. (резерпин, дихлолотиазид, дигидралазин); «Адельфан-эзидрекс К», «Трирезид К» (сондай-ақ КСІ), «Кристепин», «Норматенс» драже (резерпин, клопамид = бринальдикс, дигидроэргокристин); «Энап Х» (эналаприл, дихлотиазид); «Капозаид» (картоприл, дихлотиазид), «Вискалдикс» (пиндолол + клопамид) және т.б.
Атеросклерозға қарсы дәрілер(Гиполипидемиялық дәрілер)Атеросклероз – тамырдың ішкі қабықшасына май тәрізді заттардың жабысып, оның шоғырлануынан пайда болатын ауру. Денеде зат алмасупроцесінің бұзылуынан холестерин мөлшерден асып кетеді. Аурудың күйі, қауіптілігі немесе жеңілдігі қандайда тамырдың зақымдалуына байланысты. Ауруды алдын алу әдісіне келесілер жатады; еңбек пен тұрмыс тәртібін мұқият сақтау, демалысты дұрыс пайдалану, ұйқыны қандыру, темекі тартпау және майлы тамақтан бас тарту, артық семірмеу және т.б. гиполипидемиялық дәрілер ұлпа мен қанның құрамындағы жоғары дәрежедегі липидтердің (холестерин және триглицерид) мөлшерін төмендетеді. Атеросклерозды және оның асқынуларын емдеу үшін қолданылатын гиполипидиемиялық (антиатеросклеротикалық) дәрілер 2 топқа бөлінеді.: Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер. Гиполипидемиялық дәрілер жүректің ишемиялық ауруында, аорта, ми тамырларының атеросклерозында қолданылады. Бұл дәрілерді үздіксіз, ұзақ уақыт бойы қабылдау қажет. 1. Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер: А) статиндер: ловастатин (мевакор), симвастатин (зокор),аторвастатин (липримар) – бауырдағы холестериннің синтезін таңдамалы тежейтін, тиімділігі жоғары препараттар. Статиндерді тәулігіне 1 рет, ұйықтар алдында белгілейді, себебі бауырдағы холестериннің басым бөлігінің синтезі түнде жүреді. Simvastatinum – симвастатин (Б): 0,005: 0,02 және 0,04 таб. шығарылып, 1 таб. кешке қабылдау үшін тағайындалады. Б) Фибраттар: клофибрат (мисклерон), фенофибрат, гемфиброзил – бауырдағы липопротеинлипазаны белсендіреді, статиндерге қарағанда улы болып келеді. Gemfibrozilum – гемфиброзил: 0,3 капс.: 0,45 таб.-күніне 2 рет таңғы немесе кешкі астан таңғы немесе кешкі астан 30мин. Бұрын немесе кешке 1 рет белгіленеді. В) Никотин қышқылы (үлкен мөлшерде).Г) Пробукол (липомал) – ағзадағы липидтердің синтезіне және таралуына әсер етіп, қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеиндердің, триглицеридтердің, жалпы холестериннің деңгейін төмендетеді2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер. А) өт қышқылдарының секвестранттары (ағылш. Sequestrate – кетіру); Холестирамин (холестан), холестипол (холестид) - АІЖ-да сіңірілмейді, өт қышқылдарымен кешен түзіп олардың қанға қайта сіңірілуіне кедергі жасайды. Ол холестериннің және өт қышқылдарының ішекте сіңірілуін баяулатады.
Б) бескрахмальды полисахаридтер: хьюар шайыры (гуарем) – асқазанда ісініп тағамдық холестериндердің және өт қышқылының сіңірілуіне бөгет жасайды. Әсері әлсіз. Атеросклероздың жеңіл түрінде кешенді емдеуді қажет етеді; полиспонин (жапон диоскореясы тамыры мен тамыр сабағының препараты) және трибоспонин (теміртікен шөбінің препараты). Атеросклероздың кешенді емінде сонымен қатар эссенциальды фосфолипидтер (эссенциале, липостабил) және антиоксидантпрепараттары (токоферол ацетаты, аскорбин қышқылы) қолданылады. 5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)Несеп айдаушы дәрілер негізінен ағзадан артық мөлшердегі суды шығарады, электролиттердің (NA+ және Cl+ ) реабсорбциясын (қайта сіңуі) төмендетіп, әртүрлі жағдайлардан пайда болған ісінулерді басу, АҚ- н төмендету үшін тағайындалады.Негізгі қолдану көрсеткіштері; артериялық гипертония кезінде АҚ- ы төмендету үшін (басқа гипотензивті дәрілермен), өкпе ісінуінде, ми ісуінде, химиялық заттармен уланғанда форсирленген диурез үшін. Диуретиктер несеп түзілудің барлық кезеңдеріне әсер етеді; фильтрацияға, секрецияға және түтікше реабсорбциясына. Олар қышқыл негіздік тепе теңдікті сақтап тұру үшін бүйрек қызметін реттеп, ағзаны ксенобиотиктерден тазартып тұрады. 1. Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер: дихлотиазид (гипотиазид, гидрохлортиазид, эзидрекс) циклометиазид, клопамид (бринальдикс), оксодолин (хлорталидон), индапамид (арифон, индап). Бұл диуретиктердің әсері орташа, тәулігіне 1 рет (таңертең) ішке қабылдаайды. Негізгі әсері нефрон түтікшелерінің дистальды және проксимальды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді. Гипертониялық ауруларда, жүрек, бауыр және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, жүктіліктің токсикозында (нефропатия, ісіну, эклампсия) және етеккір алдындағы жағдайларда қолданылады. Жанама әсері; диспепсия; гипокалиемия ( алдын алу үшін калий хлоридін, «Аспаркам», панангин, құрамында калий бар диета: картоп, сәбіз, өрік, жүзім, түйе бұршақ, бұршақ, түйілген тары, сұлы жармасы, және де дихлотиазидтерді калий сақтағыш диуретиктермен бірге қолдану қажет); гипохлоремиялың алкалоз; гипомагниемия және гиперкальциемия; гипергликемия; гиперурикемия (подаграның күшеюі) байқалуы мүмкін. Ауыр бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, айқын бауыр зақымдалуында, қант диабетінің және подаграның ауыр түрінде қолдануға болмайды.