Dichlothiasidum дихлотиазид (Б); 0,025 және 0,1 таб. таңертең ас алдында белгіленеді. әсері 1-2 сағ.басталып,10-12 сағ.созылады. 4 күн үзілістен кейін 3-5-7 күндік ем тағайындалады. Карбоангидраза тежеуші әсеріне байланысты гидрокарбонаттың да реабсорбциясын төмендетеді. Калий иондарының секрециясы жоғарылайды. Магний иондарының экскрециясы бұзылады. Осы құбылыстар несеппен натрий, хлор, калий, магний иондарының және гидроккарбонаттардың ағзадан шығуына алып келеді. Клопамид және оксодолин әсері ұзақ, циклометиазид дихлотиазидке қарағанда белсенділігі жоғары. Индапамид қан тамырларды кеңейтіп, гипертониялық ауруларда қолданылады. Антиагреганттық әсері бар. ІІ. «шумақты» диуретиктер: фуросемид (лазикс), этакрин қышқылы (урегит), торасемид (унат), буфенокс (буметанид), пиретанид (ареликс). Бұл препараттар ацидоз бен алкалозда күшті әсер ететін несеп айдайтын дәрілер. Олар Генле шумағының жоғарғы бөлік аумағында натрий, хлор және судың реабсорбциясын (қайта сіңірулуін) тежейді. Ми, өкпе ісінуінде; гипертониялық ауруларда және гипертониялық кризде; жедел улануда; жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде; эклампсияда қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, гипокалиемия, гипомагниемия, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінің терминальды кезеңінде, несеп шығару жолдарының механикалық бітелуінде және жүктіліктің бірінші жартысында қолдануға болмайды. Furosemidum – фуросемид (Б); 0,02 және 0,04 таб.шығарылып, таңертең белгіленеді, әсері 20-30 мин.соң басталып, 3-4 сағ.созылады; 1% 2 мл еріт.амп.шығарылып, б\е: 2-3 мл тәулігіне 1-2 рет к\т баяу ағынмен енгізіледі, әсері 3-4 мин.кейін басталып 2-3 сағ.созылады. Acidum etacrynicum – этакрин қышылы (Б). 0,025 таб. Таңертең астан кейін, 0,05 амп.қолданар алдында ерітеді. әсері 30-40 мин. Соң басталып, 6-8 сағ.созылады. ІІІ. Карбоангидраза ингибиторлары: диакарб (ацетазоламид) - нефронның проксимальды түтікшелеріндегі карбоангидраза ферментінің белсенділігін таңдамалы тежеп, көмір қышқылының түзілуінің азаюы мен бүйрек түтікшелерінің эпителийінде натрий мен бикарбонат реабсорбциясын төмендеуіне және олардың несеппен шығарылуын күшеюіне алып келеді. Көз ішілік және бас сүйек ішілік қысымын төмендетеді. Диурездік әсері әлсіз. Өкпе жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, глаукомада, энцефалопатияда және эпилепсияда қолданылады. Жанама әсері: гипокалиемия, гиперхлоремиялың ацидоз және гиперкальциурия байқалуы мүмкін. Ацидозға бейімділікте, жедел бауыр мен бүйрек ауруларында, қант диабетінде, уремияда және жүктіліктің алғашқы айында
қолдануға болмайды.Diacarbum – диакарб; 0,25 таб. – 1 таб. тәулігіне 1-3 рет тағайындалады.IV. Калий сақтаушы диуретиктер спиронолактон верошпирон алъдактон, калий канкреонаты солдактон, триамтерен птерофен, амилорид. Бұл препараттар минералокортикоидты гормон альдостеронның антогонисті және калий сақтағыш әсер көрсетеді.диурездік әсері әлсіз. Гипокалиемияны және метаболиттік алкалозды басу үшін басқа диуретиктермен бірге қолданылады. Жанама әсері: гиперкалиемия, диспепсия, және бас ауыру байқалады. Spironolactonum – спиронолактон (Б); 0,025 және 0,05 таб.шығарылады, әсері 1-2 күнде басталып, 2-3 күнге созылады. Калий канкреонаты – к\т енгізіледі. Триамтерен және амилорид «калий, магний сақтаушы» диуретик болып табылады. Triamterenum – триамтерен (Б); 0,05 капс.- тәулігіне 1-2 рет таңғы және түскі астан соң белгіленеді. Amiloridum – амилорид: 0,005 таб. -1-4 таб. таңертең белгіленеді. V. осмостық диуретиктер: маннит (маннитол), мочевина – Судың реабсорбциясын төмендетіп, қанның осмостық қысымын жоғарылатады. қышқыл негіздік тепе теңдікке әсер етпейді. Медициналық тәжірибеде негізінен маннит қолданылады. Манниттің мочевинадан айырмашылығы жасуша мембраналары мен ұлпа кедергілерінен (мысалы, гематоэнцефальды кедергіден) өтпейді. Ми, өкпе, көмекей ісінуінде, химиялық заттармен улануда және дегидратациялық (суды азайту) дәрілік зат ретінде (кейде глаукомада) қолданылады. Жанама әсері; бас ауыру, лоқсу, құсу, жалпы әлсіздік, шөлдеу, теріге тигенде некроз пайда болуы мүмкін. Айқын бүйрек, бауыр және жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.Mannitum – манит: 30,0 флаконда және 15% 200 және 400 мл флаконда – к\т тамшылатып енгізіледі.Қиыстырылған несеп айдаушы дәрілер: «триампур» (дихлотиазид, триамтерен)таб.; «Модуретик», «Тиалорид», «Гемопрес» (дихлотиазид, амилорид) таб.; «фурезис» (фуросемид, триамтерен) таб. Өсімдік текті дәрілік препараттары: арша (можжевельник) жемісінің тұнбасы, аюқұлақ (толокнянка) жапырағының қайнатпасы, дала қырықбуын (хвощ полевой) шөбінің қайнатпасы, ортосифон (бүйрек шайы) жапырағының тұнбасы, бүлдірген (брусника) жапырағының қайнатпасы,қайың (березовые почки) бүршігінің тұнбасы құрамындағы илік заттар. Фенолгликозидтер, сапониндері антисептикалық, әлсіз несеп айдаушы және қабынуға қарсы әсер етеді.
Несеп конкременттерін жоятын дәрілерБүл дәрілерді бүйрек тас ауруларын емдеу ушін
қолданылады. Қышқылды ортада ураттар, сульфаниламидтер, оксалаттар, ал сілтілік ортада фосфаттар, карбонаттар түзіледі. Несеп шығару жолдарында тұздардың көбейіп, түнбалануынан бітелуіне алып келеді.
Несептің рН-н өзгерту үшін қрлданылатын дәрілер:а) Қышқылдандыратындар (фосфатты және карбонатты тастарда);
аммоний хлориді, сүйытылған хлорлы сутек қышқылы, аскорбин қышқылы және метионин.б) Сілтілендіретіндер (оксалатты-уратты тастарда):
солимок (уралит С, солуран), блемарен, магурлит, оксалит С - қүрамында лимон қышқылы және үшіншілік алмасқан калий және натрий цитраттары бар. Дәрілерді нусқауына сәйкес үзақ уақыт қабылдау қажет.
Өсімдіктекті препараттары спазмолитикалық, қабынуға қарсы және несеп айдаушы әсері бар. Оларға:
пинабин, ависан, уролесан, олиметин, цистенал, цистон, фитолизин, леспенефрил, «Марелин. таб., қүстаран (горца птичьего)
шебі жатады.Подаграны емдеуде қолданылатын дәрілерПодагра - несеп қышқылы секрециясының темендеуінен және пуринді алмасу бұзылуынан туатын созылмалы ауру. Ураттар шеміршектің, қан тамырлардың, несеп жолдарының және басқа да ұлпалардың синовиальды қабықшаларында бәлініп, тірек-қимыл аппаратының (подагралық артритте) қабыну езгерістеріне және несеп шығару жолдарында уратты тастардың түзілуіне алып келеді.
1. Подаграны емдеу үшін қолданылады:
а) Уриколитикалық дәрілер: аллопуринол (милурит), «Алломарон» таб., калий оротаты - ағзада зәр қышқылының түзілуін тежейді.
АІІopurinolum (аллопуринол) (Б): 0,1 таб. түрінде шығарылып, 1-3 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң белгіленеді.
б) Урикозуриялықдәрілер: этамид, уродан, антуран, бензбромарон - ураттардың несеппен шығуын жеңілдетеді.
Аеthamidum - этамид (Б): 0,35 таб. түрінде шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 4 рет белгіленеді.
2.Подаграның жедел устамасын басу үшін стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер және
колхицин қолданылады.
Соlchicinum - колхицин (А): 0,0005 драже түрінде шығарылып, 1-2 дражеден тәулігіне 3-6 рет белгіленеді. Колхицин тамаша лапыз өсімдігінің (безвременник великолепный) алкалоиды болып табылады.
Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілерЖіктелуі: -
Тыныс алу стимуляторлары
-
Жөтелді басатын дәрілер
-
Қақырық түсіретін дәрілер
-
Бронхолитиктер
-
Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер
Тыныс алу стимуляторлары (тыныс алу аналептиктері) Тыныс алу орталығын тікелей
белсендірілетін дәрілер
Бұл препараттар сопақша ми
орталықтарын және бас миының
қыртысы астындағы
түзілулерін белсендіреді.
| Тынысты рефлекторлы түрде
қуаттандыратын дәрілер
Бұл топтағы дәрілер
Синокаротидті зонадағы Н-
холинорецепторларды
қуаттандырып, одан афференті
импульстардың сопақша миға түсуін
және тыныс алу орталығының
белсенділігін жоғарылатады.
| Аралас әсерлі дәрілер
Бұл топтағы дәрілердің
орталыққа әсері
каротидті шумақтағы
хеморецепторлеріне
қуаттандырушы
әсерімен
толықтырылады.
|
Этимизол
Кофеин натрий бензоаты
Камфора (немесе
сульфокамфокаин)
Бемегрид
| Цититон
Лобелин гидрохлориді
| Кардиомин
Карбоген
(5%СО2+95%О2)
көмірқышқыл тыныс
алудың физиологиялық
стимуляторы.
|
Тынысты қуаттандыратын дәрілер- наркотикалық анальгетиктермен, көміртегі тотығымен жеңіл уланғанда, жаңа туған нәрестенің асфексиясында, наркоздан кейінгі кезеңдегі өкпеге дем берудің қажетті деңгейін қалпына келтіру үшін қолданылады. Тынысты қуаттандыратын дәрілердің әсері қысқа, ал қайта қабылдағанда тыныс алу қызметінің төмендеуі мен қалтыраулар тудыруына байланысты аз қолдананды, сондықтан гипоксиялық жағдайда жасанды дем беруге тура келеді.
2.Жөтелді басатын дәрілерЖөтелді басатын дәрілердің жіктелуі
Орталыққа әсер ететін дәрілер (сопақша мида
орналасқан жөтел орталығының негізгі түйіндерін
тежейді)
| Әсері шеткерлік дәрілер
(жоғары тыныс алу жолдарының
шырышты қабықшаларына
жансыздандырғыш, бронхолитикалық
және
қабынуға қарсы әсерімен байланысты)
|
а) Наркотикалық препараттары:
Кодеин (метилморфин)
Этилморфин (дионин)
б) Бейнаркотикалық препараттары: Глауцин
гидрохлориді (глаувент)
Тусупрекс (окселадин, пакселадин)
| Либексин
Битиодин
Бутамират цитраты (синекод)
|
Жөтелді басатын дәрілер жіті және созылмалы бронхитте, жөтелді басу немесе төмендету үшін, демікпе жағдайында және бронхопневмонияда қолданылады. Жөтелді басатын дәрілерді жөтелді толық басу үшін емес, ауырсыну, ұйқысыздық, қан кету мен бронхоспазм тудыратын жөтелді басу үшін белгілейді.
Орталыққа әсер ететін дәрілер медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады.Наркотикалық жөтелге қарсы дәрілердің (кодеин, этилморфин) жөтелге қарсы күшті және әлсіз ауырған жерді басатын әсерлері бар.